400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілдің дыбысталу мәдениеті. [Ш] дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобыңдағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Тілдің дыбысталу мәдениеті. [ш] дыбысы

Мақсаты: [Ш] дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау. Дыбысты буында, сөзде, сөйлемде анық айтуға жаттықтыру.

Міндеттері:

Білімділік:Дидактикалық ойындар арқылы[ш] дыбысын дұрыс дыбыстауды, сөз ішінде дұрыс анықтауды үйрету

Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорын байыту

Тәрбиелік: Байқағыштыққа тәрбиелеу

Үштілдік компонент: дыбыс-звук-sound, жел-ветер- wind,балық-рыба-fish

Керекті құралдар:қиынды жапырақтар, ойыншықтар, ойынға қажет карточкалар, айна, ноутбук

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, драматизациялау, өздік жұмыс


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық - қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

– Күнде таңертең маған сендерді – өзімнің ақылды, алғыр балаларымды қарсы алу қандай ғанибет!






Бір-бірімізді құшақтап жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша! Біздің әр күніміз осылай жақсы тілекпен бастауды үйренейік. - Бүгінгі көңіл-күйлерін қандай? - Қазір қандай жыл мезгілі? - Күз мезгілі қандай мезгіл? -Ал, күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?





Тыңдайды, қуанады

Барлығы бірге қайталайды.


Қуанамыз, біргеміз,

Бөлінбейді іргеміз.

Аясында достықтың,

Бір жүреміз күнде біз!





- тамаша, жақсы

- қазір күз мезгілі

- күз жомарт, берекелі

- күзде ауа-райы салқын болады, жиі жаңбыр жауады

Ұйымдастыру– іздестіру

Таңғажайып сәт

(Желдің дыбысы естіледі) Топта күзгі жапырақтар шашылады

-Ой балалар, жан-жағымызда желмен ұшқан жапырақтар ғой! Қане тыңдайықшы, жапырақтардың дыбысы қандай?

-Жапырақтардың әнін салып көрейік.

-Бәріміз бірге айтайық

[ш] дыбысын айтқанда тілдің ұшы жоғары көтеріліп, таңдайға тимей тұрады.Тіліміз ауаның шығуына кедергі жасамайтындықтан [ш] дыбысын дауыссыз дыбыс дейміз, сол себепті ол көк үйде тұрады

Тақтаға ілінген көк түсті үйдің есігін ашып

ішінен «Ш» әрпі таңбаланған суретті алып

шығады.

-Ш дыбысының таңбалануы неге ұқсайды?

-Білесіңдер ме, балалар біз кез-келген дыбысты дұрыс, таза дыбыстау үшін өзіміздің тілімізбен дос болу керекпіз. Ал, біздің тіліміз ойнағанды жақсы көреді екен. Олай болса, тілімізді жаттықтырып ойнайық (әр баланың алдында айна жатады)

Артикуляциялық жаттығу: - Біздің тіліміз ерте тұрып күлімдейді..... *терезесін ашады.

*Содан соң керіледі.

*Жоғары, төмен қарайды

*Оңға, солға жүгіреді.



*Шаң сүртеді

*Шар үрлейді -Ал енді [ш] дыбысын тағы бір рет айтып көрейікші «Тіл ұстарту» (Ноутбукта жауаптардың суреті көрсетіледі) -Ша-ша-ша... піседі алша -Шу-шу-шу... шашылды шашу -Ше-ше-ше...біздің қамқор шеше -Шы-шы-шы аңға шықты аңшы «Сиқырлы балықтар» дидактикалық ойыны Мақсаты: [ш] дыбысының сөз ішіндегі орналасуын (басы,ортасы, аяғы) дұрыс анықтауды үйрету Үстелде көк матаның бетінде түрлі-түсті балықтар жатады. Балықтардың бүйірінде айтылуында[ш] дыбысы бар суреттер жапсырылған. Магнитті қармақтың көмегімен балықты аулап, суреттегі затты атап, егерде [ш] дыбысы сөздің басында естілсе, көк себетке, ал[ш] дыбысы сөздің ортасында немесе аяғында естілсе қызыл себетке бөліп салуды ұсынады. Сергіту сәті: Ш-ш-ш-шегірткемін ш-ш-шырылдақ

Ән саламын ш-ш-шырылдап

Жоқ тұрақты мекенім

Шөпті қорек етемін

Тыныс алу жаттығуы: «Шуақты күн» -Балалар, байқадыңдарма күннің көзін бұлттар жауып тастапты. Қане бұлтарды үрлеп, күннің нұрына қуанайық. Әр балаға бұлттар жапсырылған пластикалық стакандар таратылады. Бүйірінде орнатылған түтікшеге үрлеу керектігін түсіндіреді. Үрленген кезде стаканның ішінен бекітілген бессаусақ үрленеді (алақан аясында күлген күннің ал, әр саусағында шуақтары жапсырылған) «Жаңылтпаш айту»



































«Не артық?» дидактикалық ойыны Мақсаты: Айтылуында [ш] дыбысы бар сөздерді ажыратуды үйрету Әр балаға түрлі заттар бейнеленген есігі бар сөрелер тәрізді карточкалар таратылады. Суреттегі заттарды атап,айтылуында [ш] дыбысы бар заттардың есігін ашып қойып, суреттегі заттардың жалпы атауын айту ұсынады.




назар аударады, қызыға қарайды


Мұқият тыңдайды



-Ш-Ш-Ш








Қарайды

Өз ойларын айтады

- тараққа, шанышқыға

-иә



Нұсқауды орындайды.


Айнаға қарай отырып, жаттығу жасайды



-ауызды кең ашып,жабады

-тілді сыртқа шығарып, жалпақтайды -тілдің ұшын астынғы, үстінгі ерінге тигізеді -тілдің ұшын екі жақ езуге кезек-кезек тигізеді

-тілдің ұшын сағат тілімен айналдырады

- ұртты томпайтады


Жеке-жеке қайталайды





Барлығы бірге қайталайды















- Шана сөзінде [ш] сөздің басында естіледі, сондықтан бұл балықты көк түсті себетке саламын т.с.с


Барлығы бірге іс-қимылмен көрсетеді














Қуана келіседі, таңданып қуанады




*Шешендер шебер,

Шынайы шенер.

Шенелген шіркін,

Шөмиіп шөгер.

*Шөпті ішке үйгізші,

Күрішті де түйгізші.

*Шақшалы шал бақ шарлар,

Ақ шашты шал ат байлар.

*Шоқ-шоқ гүл шоғыры,

Ақ нұрға шағылып,

Шыққа тұр шомылып.

*Шыбыс дыбыс шығарды,

Шығысқа шыбыс ығысты,

Қасқыр шыбысқа қарай жылысты.

*Шекілдеуікті шаққыштар,

Шөпшекті жаққыштар жақсыншы.

*Шеңгел!Шеңгел!

Шеңгелге енген де,

Шеңгелде сенделгенде

Еріншек Ерден бе?

*Шымшық шымшықты шымшылады.

Шымшықтар тыныш-тықты тыншымады.

*Шықса шыңға

Шыршалар шаншылып

Шүпірлеп шығыпты

Сайға сан шыбық.



-Шкаф, төсек, диван. Төсекпен диванның есігін жауып қоямыз ал, шкафты ашық қалдыра-мыз себебі шкаф [ш] дыбысынан басталып тұр. Бұлардың барлы-ғын бір сөзбен «жиҺаз»

деп айтамыз

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

-Біз бүгін қандай дыбыс жайлы айттық?

-[ш] дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?

-[ш] дыбысы жайлы не білесіңдер?



«Жүректен-жүрекке»

Апайды біз тыңдайық,

Айтқанынан шықпайық.

Ал достарды қолдайық,

Қиын шақта қорғайық.


-Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды . Сендерге белсенді қатысқанда-рың үшін рахмет! Әркез табиғатқа жаңашыр болыңдар.


-[ш] дыбысы жайлы

-шелек, шана, шегіртке

Білгендерін айтады

-[ш] дауыссыз дыбыс, таңбасы тараққа ұқсайды


Бірге айтады








Күтілетін нәтиже:

Білу керек:[ш]дыбысының артикуляциясын, сөзге дыбыстық талдау жасауды.

Болу керек: дауысты және дауссыз дыбыстар туралы түсініктері.

Істей білу керек: [ш]дыбысы кездесетін сөздерді анық айтуды.


Тәрбиеші: Кокенова А. А

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі