Материалдар / Тілдің мерейі - елдің мерейі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тілдің мерейі - елдің мерейі

Материал туралы қысқаша түсінік
Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тілдің мерейі - елдің мерейі»


Мақсаты: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.

Көрнекілігі: плакаттар «Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!», «Қазақ тілі- ұлт тілі»

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жүргізуші: Балалар, біздің мектепте қандай апталық өтіп жатыр? Дұрыс айтасыңдар, сол тіл апталығына байланысты : «Тілдің мерейі - елдің мерейі» атты сынып сағатын саяхат түрінде өткіземіз .Сынып сабағымыздың мақсаты: сендердің тіл туралы білімдеріңді жетілдіру, өз тіліңе, туған жеріңе құрмет көрсетуге баулу. Сынып пен кітапханамен ынтымақтастықты жүзеге асыру. ,кітапханамен байланыс жасау,оқырманы болуға тарту.

Кітап –сендердің тілдеріңді дамытуға өте жақсы құрал. «Тіл-қарым-қатынас құралы» -деп бекер айтпаған. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар.Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан.

Сол тіліммен дүниені атадым,

Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.

Жатты онда уыз сүті ананың,

Жатты онда аманаты атаның.


Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.


Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.

Сол тіліммен көгергенше жер бердім.

Сол тіліммен дүниеден кетемін,

Сол тіліммен дүниеге мен келдім.


Керемет өлең емес пе? Ал, сендерге Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме?


Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдагы.

Өссе тілім-мен де бірге өсмін,

Өшсе тілім мен бірге өшемін.


Ана тілім-бәрің сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам,не білем?

Тілім барда ғанамынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.


О,адамдар,қадіріне жетіңдер,

Ана тілін-анаң, сыйлап өтіңдер!


Бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын,білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады.Олар туралы не айтар едіңдер? ( Оқушылар өз ойларын білдірді)


Әрине, адамның бәрі бірдей емес,түсінігі төмен,білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас,ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:


Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас.


Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,болашағынан да қол үзеді.Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген,сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, балалар!

Біздің ана тіліміз-қазақ тілі.Ол тек отбасы,ошақ қасының тілі емес,мемлекеттік тіл .

1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді.Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданап, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі-қазақ тілі» екені жазылды.

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз.Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,мәдениетін қадірлей аламыз.

Мұғалімнің сөзі

Балалар, тіл туралы пікірталас,әңгіме жүргізіп жатырмыз. Ал мен сендерге тіл туралы түсінік бере кетейін. Дүние жүзінде халық та, тіл де көп,ұлттарды бір-бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Сұрақ:

-Қандай тілдерді білесіңдер?

-Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә.Н., үш тілді бірдей меңгер-дейді:-ол қандай тілдер? Қазақ,орыс,ағылшын.

-Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте».

Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл-Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш.Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген.Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде бір-бірімен қарым-қатынас жүргізеді: Орыс , ағылшын ,араб,қытай ,француз ,япон,испан тілі.

Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр,рухани құндылықтарды сақтаушы,ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келеді.Кез келген ұлт,халық ең бірінші рухани өресімен,жан байлығымен өлшенеді.Ал халықтың өнері мәдениеті-тілінде. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.

Ал,енді, мен сендерге тіл туралы біліп келіңдер дп тапсырмалар берген болатынмын,қане,кім тіл туралы қандай өлең,мақал-мәтел біледі?

1-оқушы: Тілім менің-тірлігім мол мұрамсың,

Ата рухын жаныма қондырасың

Өзіңменен таныдым тарихымды,

Кемелденген өзіңмен толды жасым.


Тілім менің сарқылмас қазынасың

Бір сенімен болмыстың назы басым.

Көне тарих сөйлейді өзің болып,

Жыр-ғұмырбоп бүгінде жазыласың.


2-оқушы: Отан-тарих,

Отан-тіл.

Жасаған елім,ер халқым,

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.


3-оқушы: Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте .

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

4-оқушы: Ананың тілі туралу ән де бар,оны барлығы біледі.

Мұғалім: Ендеше,барлығымыз бірігіп, осы әнді орындайық.

Ән орындалады: «Анамның тілі-аяулы үн»

Мұғалім:

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол- дей отырып, балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Біздің ұсынысымызды қабыл алып,сынып сағатымыздың қызықты өтуіне ат салысқан ,кітапхана қызметкерлеріне рахмет айтамыз. Кімнің кітапқа деген қызығушылығы оянды,кім осы кітапханаға жазылғысы келеді,ата- аналарыңмен,

тәрбиешілеріңмен келісіп, өтініш жазып,келіп,оқырман болуларыңа болады.Келесі сынып сағатына дейін аман-есен болайық.!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!