400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілек шеңбері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолданылатын тілек шеңберлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілек шеңберлері

1.«Ғажайып жұлдызша»

Балалар қол ұстасып, шеңберге тұрады. Тәрбиеші үлкен «ғажайып жұлдызшаны» көрсетіп, оны бір-біріне беру арқылы балалардың танысуын ұсынады. Тәрбиеші танысуды өзінен бастайды.Әр бала өз есімдерің жағымды көңіл-күймен қайталайды.



2.Жылулық шеңбері

Балалар бір-бірімен амандасып, «Менің ата-анам(есімдерің айтып)бәріңе сәлем жолдайды» – деп өзара қуаныш сыйлайды.Тәрбиеші әңгімені қорытындылайды. «Міне, балалар біздің тобымыз үлкен жанұяға ұқсайды,өйткені біз бір-біріміз арқылы ата-аналарымызбен де танысып жатырмыз».



3.Жылулық шеңбері

Тәрбиеші үйге кіргенде сәлем берумен қатар бас киімдерін шешіп,қолына алғаны жөнінде екендігін естеріңе салады.

Отырса егер қарсы алда,жасы үлкен қарт адам «Ассалаумағалейкум»-деп ұсынып, қос қолын ұлдар жасар өз жолын.







4.«Ғажайып жылулық шынжыры»

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, жылы күлкілерің сыйлайды.Тәрбиеші күлкінің маңызыңа тоқталады.

5.«Тілек шоғы»

Тәрбиеші ғажайып гүлдер қалашығына саяхат жасайтынын хабарлап,балаларға әдемі раушан гүлдерін үлестіріп береді. Балалар гүлдің жұпар иісі,түсі,құрылысы (сабағы,күлтешелері) туралы әңгімелейді.

Тәрбиеші қолыңдағы гүлді жанында тұрған балаға есімің атап,жылы сөз айтып ұсынады.Бала тәрбиешінің ұсынған гүлдің өзінң гүлімен бірге тілек айта отырып,келесі балаға береді.Балалар кезекпен гүлді жылы сөз айтып, бір-біріне береді. Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып, тәрбиешінің өзіне оралады. «Кімде-кім жақсылық жасап, жылы тілек білдірсе, ол өзіне қайта «тілек шоғы» болып жақсылықпен оралады».



6.«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері «Мен және аспан»

Тәрбиеші балалардың назарын аспанның әдемілігіне назар аударады. Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады: үлпілдек ақша бұлттарға, жауар бұлттай түнерген аспанға, мейірімді жылы күнге, ай мен жұлдыздарға, қарлығашқа, бозторғайға, шымшыққа, бүркітке, т.б. айналады.

Тәрбиеші қарлығаштың балаларға жіберген сәлем хатын оқуға ұсыныс жасайды.

7.Жылулық шеңбері

Балар өздеріне ұнаған ағашқа тағы да жаңындағы, оны құшақтап 1-2 минут көздерін жұмып, «табиғат әуенін» тыңдап тұрады.Үлкендермен бірге табиғатқа ризашылықтарын білдіреді.

Жылу берген Күнің үшін рахмет!

Өсім берген Суың үшін рахмет!

Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!



8.«Еркелету» жылулық шеңбері

Тәрбиеші балаларды ішкі және сыртқы шеңберге тұрғызады. Балалар отбасы мүшелері өздерін қалай еркелетіп айтатынын естеріңе түсіріп,бір-біріңе жылы сөздер сыйлайды.



9.Жылулық шеңбері

Балалар терезенің алдына жақындап отырып қолдарын,беттерін күн шуағының жылуынан жылытады.

Амаңсын ба, Алтын күн!

Амансың ба, достарым, сендерді көрсем қуанам!









10.«Достық шеңбері»

Балалар шеңберге жиналады. Тәрбиеші ортаға орындық қойып, кез-келген балаға отыруды ұсынады.(ұялшақ, өзіне сенімсіз, жасқаншақ баланы шақырған жөн).

Тәрбиеші күлгін көзілдірікті киіп (күн сәулесінен қорғайтын әйнегі күлгін түсті көзілдірікті жарайды). Ол арқылы адамның ең жақсы қасиеттерін көруге болатынын айтады да,ортада отырған баланың жақсы қасиеттерін атайды. Балалар қалаулары бойынша бір-бірлерін мадақтайды.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
1063
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі