400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Тілге құрмет - елге құрмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мерекесіне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тілге құрмет – елге құрмет»
Мақсаты: 1. Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке- Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! 
Көрнекілігі: итерактивті тақтада Президент портретін, Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің портреттерімен нақыл сөздері,«Қазақстан халықтарының достығы», Қазақстанның көркем жерлері туралы слайдтар көрсету.

Әнұран орындау.

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
22- қыркүйек тілдер мерекесіне арналған онкүндікті қорытындылай отырып , біз бүгін тілдер мерекесіне арнап « Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.

2- жүргізуші: Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
Музыкалық номер:

Қазақ биі

І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)
2– жүргізуші. Музыкалық номер:

І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!
1 - жүргізуші
: ортаға

Би:

Көрініс:

1 - жүргізуші :

О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңнан
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.
2 - жүргізуші :
Халқым теңіз толқыған,тілім терең
Мен мақтанам баршаға тілімменен
Ең асылың не?- десе құрметтейтін
Ойланбастан асылым тілім дер ем. 

1 - жүргізуші :

Тілім менің ғасырлардан аманат
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.

Музыкалық номер:

Ортаға 5 сынып оқушыларын шақырамыз.
2 - жүргізуші : 

Туған жер – алтын бесік,асыл анам,
Ауаңмен ақ сүтіңмен асыраған.
Мен – дағы ұлың едім өзің тектес.
Алысқа несібесі шашыраған,- деп әркімнің өзінің туған жері, кіндік қаны тамған жері ән-жырларда өлеңмен жырланған.

Музыкалық номер:
2 - жүргізуші :

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп,болашаққа нық қадам басайық.
«Ынтымақ елдікке жеткізеді,
Береке бірлікке жеткізеді» деген халық қағидасын үнемі іс пен әрекеттің құралы ретінде пайдалануды естен шығармауымыз керек. 

1 - жүргізуші : 

Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

1 - жүргізуші : 

Тілмен ғана қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім7
2 - жүргізуші :

Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

 1 - жүргізуші: Қадірменді ұстаздар, жас достар!

2 - жүргізуші: Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты кешіміз өз мәресіне жетті.

1 - жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын.

2 - жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын!

1 - жүргізуші: Осымен тілдер күніне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Келесі көріскенше сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.02.2019
1438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі