Алматы қаласы Бостандық
ауданы
№40 жалпы білім беретін
мектеп

«Тілге құрмет-елге
құрмет»
атты мақал - мәтелдер
сайысы
Тақырыбы: «Тілге құрмет-елге
құрмет» атты мақал - мәтелдер
сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын,
іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту.
Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын терең
ұғындыру.
Жоспары:
1 - кезең.
Мақал - мәтел
тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз
өнері.
2 - кезең.
Мақал - мәтел табу.
Тақырыбы: Еркін
3 - кезең.
Тұрақты сөз тіркесін табу.
4 – кезең.
Супер ойын. Үш
жақ топ басшысына сұрақ.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме балалар, бүгін сіздер мақал -
мәтел бәйгесіне қатысқалы отырсыздар. Сайыс 3 топтан құралған.
«Білгірлер», «Тапқырлар» және
«Алғырлар».
Әр
топта 5 оқушы. Әділқазылар: Зарқымова Айжан Макияқызы,
Базаралиева Света Мергалиевна
Мен сіздерге осы сайыста, бар
ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге
тілектеспін.
Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші топ
қайталамайды.
Ал ойынды
бастаймыз!
1 -
кезең.
Білгірлер:
Отан - елдің айнасы
Ел
- ердің анасы.
Тапқырлар:
Отан үшін күрес.
Ерге тиген үлес.
Алғырлар:
Отаны бірдің жүрегі
бір
Жүрегі бірдің тілегі
бір
Білгірлер:
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Тапқырлар:
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
Алғырлар:
Отан елдің
анасы,
Ел ердің
анасы.
Білгірлер:
Туған жердің
қадірін,
Шетте жүргенде
білесің.
Тапқырлар:
Туған жердің ауасы да шипа.
Туған
жердің жуасы да тәтті
Алғырлар:
Туған жер –
тұғырың,
Туған ел –
қыдырың.
Білгірлер:
Жат жердің
қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы
артық.
Тапқырлар:
Орағың өткір
болса,
Қолың
талмайды.
Отаның берік
болса,
Жауың
алмайды.
Алғырлар:
Сағынған елін
аңсайды,
Сарыала қаз көлін
аңсайды..
Білгірлер:
Ел елдің бәрі
жақсы.
Өз елің бәрінен де
жақсы.
Тапқырлар:
Отан – елдің
анасы
Ел – ердің
анасы.
Алғырлар:
Елінен безген ер
болмас,
Көлінен безген қаз
болмас.
Мұғалім: Қандай керемет. «Мақал -
сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті
өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған
жөн.
Сонымен 2 - кезеңімізді
бастайық. Ойымызды бұдан да күштірек
жинақтайық.
2 -
кезең. Бұл кезеңде сендер мен айтқан
мақалдың жартысын табуларың қажет.
Білгірлер:
Бал тамған тілден, (у да
тамады)
Тапқырлар:
Білімсіз өмір, (сөнген көмір)
Алғырлар: Ел болам
десең, (бесігіңді
түзе)
Білгірлер:
Құлақтан кірген суық сөз, (жүрекке барып мұз
болар)
Тапқырлар:
Өзбектің кигенін ал. (қазақтың мінгенін
ал)
Алғырлар: Батамен ел көгерер, (жаңбырмен
жер көгерер)
Білгірлер:
Отансыз адам, (Ормансыз бұлбұл)
Тапқырлар:
Еңбек адамның (екінші анасы)
Алғырлар: Еңбегің сайлы
болса, (ішің майлы
болар.)
Білгірлер: Туған жердің қадірін, (Шетте
жүргенде білесің)
Тапқырлар: Жас жемісті жұлма. (Жас баланы
ұрма!)
Алғырлар: Еңбек ерлікке жеткізер, (ерлік елдікке
жеткізер.)
Білгірлер:
Армансыз адам. (Алысқа бармас).
Тапқырлар:
Жүз күн жәннаттан, (Бір күндік тіршілік
артық.)
Алғырлар: Жақсы тауып
айтар, (жаман
қауып айтар)
Білгірлер: Көктен тіле, (Жерден
өндір.)
Тапқырлар: Талап қылмай, (мұратқа
жетпес)
Алғырлар: Құлаққа кірген суық сөз,
(көңіліңе барып мұз болар.)
Білгірлер: Есектің жүгі жеңіл болса,
(Жатаған болады)
Тапқырлар: Білекті бірді жығар. (Білімді
мыңды жығар.)
Алғырлар: Тіл сүйексіз болса да, (сүйектен
өтеді.)
Мұғалім: Ой керемет! Ұлы афиналық ақын
Демосфеннің айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз
өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата
бабалармыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп
отырған.
Сонымен осыншама талаппен
ынтамен 3-кезеңімізді бастайық.
Бұл жерде сіздердің қазақ
тілінен өтіп жүрген, тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мен оқыған
осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашуларың қажет. Ал,
бастаймыз.
3 - кезең.
1.
Иығынан су кетті. (жолы болмау)
2.
Тонның ішкі бауындай. (тату - тәтті дос)
3.
Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
4.
Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5.
Таяқ тастам жер. (жақын жер)
6.
Екі көзі төрт көз болды. (күтіп қалу)
7.
Көз салды. (қарады)
8.
Құлақ түрді. (тыңдады)
9.
Тайға таңба басқандай.(анық)
Мұғалім: Енді балалар келесі сұрақ топ басшыларына
беріледі. Мен ортақ сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият
тыңдаңдар!
Бір
күні Төле би ұзақ сапар шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне
тоқтайды. Төле биді жақсы қарсы алып, дастархан жайып, алдына бас
әкеледі. Сонда, Төле би қолына пышақ алып, етті кесе бастайды, бір
бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын Данагүлге
береді.
Тапсырма: Ал,
енді сендер Төле бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ пен таңдайды
берді. Оқушы өз ойларын айтады.
Мұғалім: Төле би: Данагүлге таңдай берген себебім дарынды
да ақылды шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген себебім көптеген
шешендік сөздерді естіп менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім -
деген екен
Жеңімпазымызды әділқазылар анықтағанша
7- сыныптың орындауында
«Қазақ елі осындай»
әні шырқалады.
Мұғалім: Сонымен балалар «Мақал - мәтел бәйгесі» аяқталды.
Көп - көп рахмет!