«Мемлекеттік
тіл- Менің тілім!»
Тақырыбы: «Мемлекеттік
тіл- Менің тілім!»
Мақсаты: Балаларға
мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына
,мемлекеттік тілімізді сүюге ,мемлекеттік
тілді аяққа баспай , мәртебесін биік
ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік
ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі
болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік
қорын молайту , еркін сөйлеуге баулу.
Көрнекілік: Тақырып
жазылған сөз, қанатты сөздер
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,тақпақтар,мақал-мәтелдер,
Сабақтың
барысы:
-Сәлеметсіздер
ме құрметті балалар! Бүгін біздің
ұйымдастырылған «Мемлкеттік тіл- Менің
тілім!» атты тәрбие сағатына кош
келдіңіздер.
Қыран
құсым көк аспанда самғасын,
Желбіреген
көк байрағым сан ғасыр,
Жас
ұландар берік ұста туыңды,
Жарқыратып
туған елдің жанбаласын.
Қазақстан
Республикасының – әнұраны орындалады.
Біздің
отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде
көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың
өз ана тілі бар. Ұланғайыр ата-мекеніміз
қандай кең болса, пейіліміз де керемет
бай.
Мемлекетіміз
тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік
мәртебе алып, көптен күткен арманымыз
орындалады.Әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері,
салт -дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады.
Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті,
ананың әлдиі, ананың тілінен бастау
алады.
Туған
елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім
барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе
тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе
тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын
Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай
тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
– “Тіл
– біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры
– ел тағдыры” деп те айтып жүрміз.
Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің
қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің
абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың
абзал борышы.
Тәуелсіз
елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да
білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш
те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда
мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі
орасан зор.
Тіл
– таусылмайтын байлық.
-Қазақ
тілі -біздің ана тіліміз!!! Балалар ана
тілі туралы тақпақты айтып берейік
Диас: Жанымнан
қымбат
Ана
тілім маған
Ана
сөзден тыңдап
Үлгі
өнеге алам
Раяна. Ана
тілім – анам,
Аппақ
қардай арым
Мұра
еткен бабам
Жарқыраған
жаным.
Батыр: Ана
тілім – тірегім
Ана
тілім – жүрегім.
Қасиетті
елімнің
Тек
өзің деп білемін.
Асылым: Жанымнан
қымбат
Ана
тілім маған
Ана
сөзден тыңдап
Үлгі
өнеге алам
Ән:
«Ана тілі»
-Ендеше
балалар бәріміз бірге Тіл туралы
мақал-мәтелдерді жаттап алайық
Мақал-мәтелдер:
Бас
кеспек болса да,тіл кеспек жоқ
Ана
сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
Тіл
тас жарады,тас жармаса бас жарады
Тіл
қылыштан өткір
Көп
сөз – бос сөз
Көп
сөз – күміс, аз сөз – алтын
Жеті
жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл
Сұрақтар:
-Дұрыс
балалар,біздің қарызымыз қазақ тілінде
еркін, бос сөйлеу
Жүректен
жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа
құмармыз,
Жақсы
адам боп шығамыз.
Таза
сәби жүректен,
Қабылдаңыз
мың алғыс!
Бізді
жақтап отырған
Сіздерге
де мың алғыс!
Қорытынды:
-Балалар
осымен біздің «Мемлкеттік тіл- Менің
тілім!» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Әрбір
тілде сөйле әлемде таң қылып,
Қазақ
тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер
балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ
тілі жасау керек мәңгілік
Келісілді.
«
ДИА КZ» ЖШС
«Ботақан»
балабақшасының
әдіскері
Тақырыбы:
«Мемлекеттік
тіл- Менің тілім!»
«Балапан»
топ
2025-2026