ТІЛІМ МЕНІҢ –
ТҰМАРЫМ
(Сыныптан тыс
сабақ)
Абдираймова Гульжазира
Сейлбековна
«Гагарин атындағы №34 ЖОББМ»
КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі,
п.ғ.магистрі
Мақсаты:
а)Оқушыларды ана тілін және
мемлекеттік тілді құрметтеуге, жұрт алдында еркін, ойын нақты,
дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге
баулу;
ә)Мемлекеттік тілді меңгерту
арқылы тілге деген сүйіспеншілігін сөз өнері арқылы ұғындыру және
дүниетанымдарын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа
тәрбиелеу;
б) Оқушыларды Отансүйгіштікке,
ынтымақтастық пен бірлікке жұмылдаруға және ана тілінің құндылығын
құрметтеуге
тәрбиелеу;
Көрнекілік
құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары
жазылған плакаттар, ұлт жанашырларының фото макеттері,тіл туралы
слайд, презентация,Padlet
тақтасы,
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Кіріспе
сөз.
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты
ұстаздар мен
оқушылар!
Тіл – ең
ұлы қару. Тіл – ең асыл
құндылық.
Тіл – ең
керемет қатынас құралы.
Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік
пен ынтымақтың жығылмас туы.
Бүгін 5- қыркүйек – Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдері мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып
отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді
бастайық!
2-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан
қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,
қалыптасады. Тіл - әрбір елдің
жаны.
5-қыркүйек - Қазақстан
халықтарының тілдері күні.Тілдің қадір-қасиетін арттырып, өзге
тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуді насихаттайтын атаулы
мереке құрметіне ұйымдастырылған «Тілім - тұмарым» атты
іс-шарамызға қош
келіпсіздер!
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
орындалады.
Оқушыларды топқа
бөлу. Қатысушылар:
6-сынып
оқушылары.
Сыныптан
тыс іс–шара қонақтарымен таныстыру.
1-жүргізуші:
Іс–шара тақырыбымен және мақсатымен
таныстырады.
Тақырыбы: «Тілім менің –
тұмарым»
Мақсаты:
а)Оқушыларды ана тілін және
мемлекеттік тілді құрметтеуге, жұрт алдында еркін, ойын нақты,
дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге
баулу;
ә)Мемлекеттік тілді меңгерту
арқылы тілге деген сүйіспеншілігін сөз өнері арқылы ұғындыру және
дүниетанымдарын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа
тәрбиелеу;
б) Оқушыларды Отансүйгіштікке,
ынтымақтастық пен бірлікке жұмылдаруға және ана тілінің құндылығын
құрметтеуге
тәрбиелеу;
2-жүргізуші:
Іс-шара жоспарымен
таныстырады.
Жоспар
1-бөлім: Тілім- тұмарым
(Пікірталас)
2-бөлім: «Кім ақылды,кім
зерек?» Жалғастырып айт.Мақал-мәтелдер
сайысы
3-бөлім: «Даналық ойдан дән ізде» ... Кім
тапқыр? Ақын,жазушылардың тың ойларынан үзінділерді
табу.
4-бөлім: Кластер әдісі (кластер құрастыру
).
5-бөлім: Топ басшылар сайысы «Жеңіс кімге
бұйырады?»
1-жүргізуші:Қазақ елі
тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды.
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды. Мемлекеттік тіл
мәртебесін көтеруге
атсалысу, құрметтеу - барша қазақстандықтардың басты
міндеті.
2-жүргізуші:Шынында, тіл
қатынас құралы болуымен қатар ойдың да - көркі. «Тілі байдың ойы
бай» деп текке айтылмаса керек.Олай болса,
«Дарын», «Зерде» топтарының
«Тілім менің - тұмарым» тақырыбында
(Пікірталас) ой-пікірлерін нақты, дұрыс жеткізуіп, тапқыр сөйлеп, тіл
мәртебесін, тіл құдіреттілігін, құндылығын жеткізуіне кезек
берейік.
1-жүргізуші:
«Мақал сөздің көркі» демекші,
келесі 2-бөліміміз «Кім ақылды,кім
зерек?»
деп аталады.Мақал-мәтелдер
сайысы.
2-жүргізуші:
«Ана тілінде ата-баба
сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім
ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең
де,
Ана тілсіз оның қандай құны
бар».
3-бөлім: «Даналық ойдан дән ізде» ... Кім
тапқыр? Ақын,жазушылардың тың ойларынан үзінділерді
табу.
1-жүргізуші: «Ұлттың қуаты – тілінде» демекші, қандай ұлт
пен ұлыс болса да, ең басты байлығы – ана
тілі.4-бөлім:Кластер әдісі (кластер
құрастыру).
2-жүргізуші:Білекті
жықса біреуді,
Білімді мыңды
жығады
Инемен құдық
қазғандай,
Білімнің шыңына шығады - деп келесі кезекті
білім сайысына береміз.
5-бөлім: Топ басшылар сайысы «Жеңіс кімге
бұйырады?»
1-жүргізуші:
Осымен «Тілім - тұғырым» атты 5 кезеңнен
тұратын іс-шарамыз өз мәресіне
жетті.
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты.
Өнер мен шеберліктің
сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – деп сөз
кезегін әділқазылар алқасына берейік
(Әділқазы алқасы жеңімпаз топты анықтап,
марапаттайды).
2-жүргізуші:
«Өзге тілдің бәрін біл, өз
тіліңді құрметте», – дейді Қадыр ақын.Өзгенің құлы емес, өз
еліміздің ұл–қызы болайық, өзгенің емес,өз еліміздің тілін ұлықтап,
мәртебесін асырайық!
1-жүргізуші:
«Ұлттың қуаты –
тілінде» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болса да, ең басты байлығы –
ана тілі.Қай ұлт өкілі болсақ та
ана тіліміздің қадірін біліп, әрдайым ұлықтап
жүрейік!