400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім-асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты: «Тілім - асыл қазынам»
Мақсаты: Ата-аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын,ата-аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету.Халық ауыз әдебиеті,салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау,балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу


Тәрбиеші: Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде
Үлкен-кіші жасымыз кәрімізде
Төрлетіңдер қадірлі қоңақтарым
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.


Бүгінгі біздің балабақшамызда ұйымдастырылып отырған «Тілім –асыл қазынам» атты тәрбие сағаты өткелі отыр.Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасылармызды ортаға шақырайық.


1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Тулегеновтер отбасы ортамызда.


2. Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны
Сарсенгалиевтер отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткенотбасы бұл


3. Жігітке ақыл,білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Бердыгалиевтер отбасы таласады.


4. Отбасылық ойынға,
Келдік біздер асыға .
Жұлдыздай болып жарқырап
Шығамыз біз топ жарып Бактыгалиевтер отбасы.
Алдымен сайыс кезеңдерімен таңыстыру.


1 Сұрасаң менің тегім. Таныстыру.
2 Өнер сайысы.
3 Мақал-мәтел сайысы және мақалдың мәнің ашу.
4. Жағыдаяттар (ситуация)
5. Жұмбақтар, 5 Нақыл сөз.5

Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп әділ қазыларды таныстырып өту.
1.Ата-ана:
2.Әдіскер:
3.Тәрбиеші:


1.Бөлім
Бәйге жарыс деген соң жарысайық
Мәреде бәрімізге табысайық
Бұл байқауды биссмиллә деп бастау үшін
Алдымен әулеттермен танысайық
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет
Өлең айтып би билеп жасап жатқан текемет
Өнеріңді көрсетші әулеттерім кәнекей
Сөз берейік әулеттерге жекелеп,-деп сұрасаң менің тегім бөлімін бастаймыз.


2.Бөлім
2. Білмеймін деп қысылма
Өнерлі болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында- демекші отбасылар арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.


3.Бөлім
3 Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал-мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық,- деп кезекті отбасылармыздың мақал –мәтел айту,яғни оны жалғастыру,мақалдың мәнін ашу сайысына кезек берейік.
1Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)
2 Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса,кісіден сұра)
3
Тіл сүйексіз болса да, ( сүйектен өтеді)
4 «Ана – балаға жастық,әке көрпе» Мақалдың мәнін ашу.


1. Оқу –білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
2. Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
3. «Тұлпар тайдан өседі» Мақалдың мәнін ашу
4. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)


1. Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
2. Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
3. «Бала отбасының айнасы» Мақалдың мәнін аш
4. Ағасы бардың жағасы бар, (Інісі бардың тынысы бар)

1. Ағаның үйі (ақ- жайлау)
2. Білім басы –бейнет, ( соңы-зейнет). Мақалдың мәнін ашу.
3. Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
4. Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)


4.Бөлім
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұрақ жауап табайық!- сайысымыздың бесінші бөлімі бойынша жағыдаяттар сұраққа жауап беру.


1.Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр,осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяныз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?


2 Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз.Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?


3 Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?


4Сіз тәрбиешісіз.Сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар. Ол бала өте тынышсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссыңыз ата-анасы ренжиді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз, сіз қандай шара қолданасыз?


6 Бөлім
Үй тапсырмасы: «Отбасылық жұмыс» Әділқазыларға тапсыру.


Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Тілім –асыл қазынам » атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.



«Ақбота» бөбекжайы









«Тілім- асыл қазынам»

Тәрбие сағаты

«Жемістер» тобы















Өткізген: Маулетова.Н.Х.











2018 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі