400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін - өзі тану пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда обылысы,Жаңақорған ауданы,

Қожакент ауылы. Исатай Әбдікәрімов атындағы

№168 жалпы орта метебі Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Нысанов Нұрлан




«Тілің барда айтылар сыр ойдағы»

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп құрметте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте дейді талантты ақын Қадыр Мырза Али атамыз.Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл. «Тіл»-бұл Қазақстан халқының тарихымен тағдыры, тілі мен тәрбиесінің негізгі қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән маңызы болмайтыны белгілі. Демек, тілдің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.

Қашаннан да елдіктің қайнар көзі белгілі бір халық екендігі белгілі.Тарихи тұрғыдан келгенде, қандай болмасын мемлекет әдетте ұлттық мелекет ретінде пайда болады. Оның мемлекеттік құрылтайшысы, әр әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Тарихи және жалпы азаматтық практикада, бұл солай. Яғни, ел болған жерде оның тілі-мемлекеттік тіл болуы керек. Біздің еліміз қазақ елі болғандықтан, мемлекеттік тіліміз де қазақ тілі. Бұл Ата-заңымыздың 7-бабында «тайға таңба басқандай» етіп, мемлекеттік тіл- қазақ тілі деп атап көрсетілген. Сондықтанда мемлекет өз тілін сақтап, оның қолдану өрісін кеңейту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.

Республикамызда мемлекттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініпкеледі. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз –Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тіл болуы да керек.1997жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан беріқарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып –Қазақ тілі белгіленді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді,Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

4-бап.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі –қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілі меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматтың парызы.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға:Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілде еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық- техникалық жағдайларды жасауға:

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтау және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

11-бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі:

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтарылатын жауаптары мемлекеттік тіл немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

12-бап.Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, сондай-ақ әскери және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.

23-бап.Тілді мемлекеттік қорғау Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды. Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттың ұлтаралық ортақ тілі.

Ендеше: «Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-дінің жүректегі» -деп Ж.Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес,Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл-қазақ тілін өзіне тірек етіп,ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, әрине, ұлт үшін де қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұл болуы үшін бірінші шарт-тілі болу. Ұлттың тілі кеми басталуы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тіліне қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды терең тіл жоқ...... біріккен тілдің негізгі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік. Тіл деген құрметтің –әрине ол халыққа деген құрметің деп ойлаймын. Әрбір халық тәлсіз өмір сүруі мүмкін емес. Біздің Қазақ елін тану үшін өзіміздің тілімізді биіктетуіміз керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жолдауында Мемлекетімізбен қоғамымыз алдында тұрған үлкен мәселе. Ол әлемнің дамыған 30елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттерді айта кетті. Соның ішіндегі:

Ана тіліміз туралы.

Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады деп жарйалады.Арине Ана тіліміз таусылмайтын байлығымыз.Ол атадан балаға мирас ьолып қалып отыратын баға жетпес мұрамыз.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеру біздің болашағымыз. Ол өсіп-өніп келе жатқан болашақ балаларға үйрету біздің әрине міндетіміз. Ана тілді қадірлеу ол мемлекеті, ұлтыңды, және өзіңді қадірлеу деген сөз. Қазақстан егемендігін баянды етіп оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын естен шығармау керек.

Пайдаланған әдебиеттер:1.Тәрбие тағлымы. Үсеноа Қыдыр

2.Әдеп және жантану.1990жыл

3.Педагогика Жұмабаев М Алматы Рауан»

4.Ана тілі» 1993жыл 20 мамыр

5.Н.Назарбаев ҚР халқына жолдауынан 2014 жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі