400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу. Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер! Ертеңгілігіміздің мақсаты балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу. Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тілім менің ».

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына
арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігіміздің мақсаты балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.
Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Ертеңгілігімізді ән ұраннан бастайық.
Ән ұран: барлық балалардың орындауында.
Тәрбиеші: Балалар,бізге қонақ келіпті.
Қонақ (Россиядан):
Руслан! Мен Россиядан келдім! Кешіріңіз мен қазақша
сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Тәрбиеші:Балалар, қонақпен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Тәрбиеші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Россия өте әдемі, шағын мемлекет. Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші: Рахмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл
апталығына арналған ертеңгілік өтіп жатыр.Қонақ болыңыз!
Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Тәрбиеші: Балалар, біздің отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші:Біздің елордамыз қалай аталады?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Дұрыс, тіл адамдарға бір-бірімен тілдесуге, сөйлеу
үшін керек. Тіл арқылы адамдар бір- бірімен қарым-қатынаста
болады. Біздің Республикамыз Қазақстанда көп ұлттар турады,
олардың барлығы тату-тәтті өмір сүреді.
Жүргізуші: Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар,балалар. Осы халықтар Қазақстанда
тұрса да өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз керек, құрметтеуіміз керек.
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Ал,қазір,балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарын тыңдайық.

Жұбаныш.
Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс емес жай ғана.
Өз тіліңді білмесең,
Білгішпін деп ойлама.
Әмір:
Ана тілің, арың бұл.
Ұяттың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Ұласхан:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың бауырың.
Отан - өлкең астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Махаббат:
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Айару:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Жансәуле:
Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арға мін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғы әнін.
Нұралы:
Тілің-қымбат қайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға,ойға да.
Інжу:
Тілім-бойда тұмарым,
Жарық берер шырағым.
Отан – мәңгі гүлденеді.
Ортаңғы топтың балаларының орындауында.
Ән: «Ана тілім »
Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім, рахмет сендерге.Сау болыңдар,балалар.
(Балалар қонақпен қоштасады)
Тәрбиеші: Балалар, тақтадағы суретке назар аударайықшы.
Бұл күліп тұрған күннің көзі.
-Не жетіспейді?
Балалар: Күннің шуағы жетіспейді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, сұрақтарға жауап беріп,
күннің шуағын толықтырып жапсырайық.
Балалардың жауабы:
1.Тіл не үшін керек?
2. Біздің отанымыз?
3. Елордамыз қалай аталады?
4. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
5. Біздің ұлтымыз қандай?
6. Біз қай тілде сөйлесеміз?
7. Біз әртүрлі ұлттармен қалай тұрамыз?
Балалар күннің шуағын толықтырады.
Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы, күннің көзі күлімдеп шуағын шашып, нұрланып шыға келді.
Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
«Тілім менің» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
390
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі