жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тілім менің
Кусаинова Нұрғайша Оразбекқызы
Бірінші санатты
В.Терешкова атындағы орта мектебінің
оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда
қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Есік қаласы
Тақырыбы: «Тіл-өмір шырағы»
Мақсаты: 1. Оқушыларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға, ұлтымыздың мәртебесін биікке көтеруге, қазақ тілінде таза сөйлеуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
2.Оқушылардың тез ойланып,жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға,еркін сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтай білуге,сөз өнеріне баулу.
Нұржан: Құрметті ұстаздар мен қонақтар бүгінгі «Тіл – өмір шырағы» атты әдеби – шығармашылық кешке қош келдіңіздер!
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы – сөздік қор – әрбір елдің мақтанышы. Ол атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра.
22-қыркүйек – Қазақстан халықтарының Тілдері күні болып жарияланды. Әдеби шығармашылық кешіміздің құрметті қонағы:
Жанеля Тілі жетік өркендейді,
Мемілекеті көркемдейді.
Тілі мәңгі тірі ұлыт,
Өлмейді, өшпейді, өртенбейді.
Ұрпақтарының болашағының,
Бақытты шақтарын көрсем дейді.
Халықаралық Жазушылар, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі, ақын, жазушы- журналист Шаяхмет Құсайынұлы ағамызды ортаға шақырамыз!
Нұржан: Ақыл жастан емес, бастан шығады,
Емен, шынар тасқа шығады.
Ұлы даналардың бәрі,
Кең дала, қостан шығады.- деп ағамыз айтқандай бүгінгі шығармашылық кешімізге оқушылардың дайындаған өлеңдерін тыңдап көрейік. Қазіргі заман талабына сай үш тұғырлы тіл бағытында жүргіземіз.
Жанеля: Болар бала кішпейіл, мейірімді,
Аспанға биіктетер көңіліңді.
Шығармашы адам болса,
Жалғайды ғасырларға өміріңді.
Шаяхмет ағамыздың кенже қызы 4 «ә»сынып оқушысы: Шаяхмет Алуа «Қазақ болып туғаныма мақтанам» өлеңін оқиды.
2. 4 «ә» сынып оқушысы: Сазанова Аружан «Жетісуым» 3. 8 «ә» сынып оқушысы: Файзулла Жарасхан «Different Languades» 4. 7 «ә» сынып оқушысы: Телман Толғанай ән «Қазақ жері осындай!» 5. 3 «ә» сынып оқушысы: Жансая би «Шығыс биі»
Нұржан: Туғаннан түзу болса сөзі,
Есейіп, қанат қағар өзі.
Бақшадан басталса алғырлығы,
Деп ойла келе жатқан бақыт көзі!-деп ағамыз айтқандай
6. 4«ә»сынып оқушысы: Оразкен Аружан «Алматы, Есік мекенім»
7. 8«ә» сынып оқушысы: Жолдас Жанна «6 Serving men» 8. 4«ә»сынып оқушысы: Дүйсенбайқызы Ақбаян «Адалдық» 9. 3 «ә»сынып оқушысы: Дана «Биік таудың басында» 10. 4«ә»сынып оқушысы: Тоқтаубеков Жанайдар «Бала тілегі»
Жанеля: Білімнен соң тағы білу тілеп тұр,
Адалдықтан соға берер жүрек кіл!
Алған білім асып тұрса өзіңен,
Сол білімді әлейім елге үлестір!-дегендей
11. 4 «ә»сынып оқушысы: Даулетжанқызы Балжан «Болашаққа саяхат» 12. 4 «в»сынып оқушысы: Рековский Никита «Тіл» 13. 4 «в»сынып оқушысы: Сабитава София «Тіл» 14. 4 «д»сынып оқушысы: Гасанова Эсмира «Тіл» 15. 7 «а»сынып оқушысы: Наргилов Джаһани «Лезгинка» биі
Нұржан: Сыйласпайтын ел жоқ,
Балықсыз көл жоқ.
Құнарсыз жерді күтіп баптасаң,
Гүл де өседі керемет сөз жоқ.-деп Шаяхмет ағамыз айтқандай
16. 8«а»сынып оқушысы: Серікбай Гүлсымбат «Бүгінгі қазақ»
17. 8«ә»сынып оқушысы: Сейдахмет Ақбота «Kazakhstan is my country» 18. 8«а»сынып оқушысы: Уалихан Алмат «Бұрынғы қазақ» 19. 8 «а» сынып оқушысы: Жұманазарова Дельфуза «Атам қазақ»
20. 7«а»сынып оқушысы: Толғанай, Жанеля ән «Алтын бесік туған жер»
Жанеля: Қызды сыйла ол үйіңнің қонағы,
Жақсы болса қыздан абырой жанады.
Әкеменен ананы көп сыйлаған,
Ұлдан кейде қыздар болар саналы!-деп ағамыз жырлағандай
21. 4 «д»сынып оқушысы: Ганиева Гульдаста «Ана тілі»
22. 4 «б»сынып оқушысы: Токанова Айгерім «Мен сені сүйемін» 23. 4 «б»сынып оқушысы: Ибрагимова Ясмина «Мен сені сүйемін» 24. 8«а»сынып оқушысы: Айтқызы Еламан «AboutLanguages» 25. 8«а»сынып оқушысы: Гүльсымбат, Ақбота «Үнді» биі
Нұржан Шешендігі сөзден,
Батылдығы төзген.
Ғалым болар бала,
Ой – қиялмен кезген.-деген ағамыздың нақыл сөзіндей
26. 4 «ә»сынып оқушысы: Серікбаев Нұрахмет «Жаманмен дос болсаң»
27. 4 «ә»сынып оқушысы: Әбді –Қадыр Гүлнұр «Өз елім» 28. 4«ә»сынып оқушысы: Бақытқан Мерей «Есік көлім» 29. 3«ә»сынып оқушысы: Асхат «Кеңес күйі» 30. 3 «ә»сынып оқушысы: Аружан мен Аружан «Әкежан» әні
Жанеля: Бала қарапайым болса адам болады,
Жұмыссыз жүрсе сараң болады.
Үлкендерден барлығын үйреніп,
Жүре келе дана болады!-дейді автор тағы бірде
31. 4«ә»сынып оқушысы: Мұқай Аяулым «Қара өлең» 32. 4«ә»сынып оқушысы: Биргебаева Алуа «Тиме менің намысыма» 33. 4«ә»сынып оқушысы: Жеңіс Арсен «Мәңгі тірімін» 34. 7«а»сынып оқушысы: Жиенбаева Марал «Тәуелсіздік»
35. 7«а»сынып оқушысы: Ерболқызы Мөлдір «Ардақта ана тіліңді» 36. 8 «а» сынып оқушысы: Жұманазарова Дельфуза «Атам қазақ»
37. 9«а»сынып оқушысы: Құдайберген Әсел «Аққу» биі
Нұржан Жаратылыс тірлікте,
Қысқа ғұмыр күндікте.
Жарық дүние пәниде,
Өмір қадірін білдік пе?-деп ақын ағамыз айтқандай бүгінгі кешімізге келіп отырған ауданымыздың құрметті азаматы,ардагер, ұзақ жыл аудандық кітапхананың директоры болған Шолпан Темірқызы Шәріпбаева апамызға сөз береміз:
Жанеля: Отан деген өмірдегі бесігің,
Оқу білім еңбек жолың өсуің!
Білімді болып дана болсаң өмірде,
« Алтын» әріппен жазылады есімің
Құрметті оқушылар, қонақтар бүгінгі біздің «Тіл-өмір шырағы» атты әдеби кешіміз де өз мәресіне келіп жетті. Кеш соңында сөз кезегін Шаяхмет Құсайынұлына бергіміз келеді.
Нұржан: Үміт күтпе бос жүрген жігіттерден,
Ағалап өтіріктен күліп келген!
Жасынан талаптанып білім қуған,
Баладан әлейім – жұрт үміттенген!-деп Шаяхмет ағамыз айтқандай бүгінгі «Тіл- өмір шырағы» атты тіл мерекесіне арналған жыр кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет! Әрқашанда осында көңілді кештерде кездесейік. Су мен нан болса ән болар,
Егеменді елімізге таңғалар.
Басқа дүниенің барлығына,
Жаратқан ием жар болар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген