Материалдар / «Тілім менің- баға жетпес байлығым!» (интеллектуалдық ойын)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тілім менің- баға жетпес байлығым!» (интеллектуалдық ойын)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Тілім менің- баға жетпес байлығым!»

(интеллектуалдық ойын)


Мақсаты: Балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта,үлестірмелі сөздер,әріптер.


Сайыстың жоспары:

І бөлім: Жедел жауап.

ІІ бөлім: Тіл-өнер.

ІІІ бөлім: Бәрін білгім келеді.

ІV бөлім:Қызықты ұйқастар.

V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.

Кіріспе сөз:

Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді. дүниені. өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.Қазақ тілі қандай тіл екен балалар?Дұрыс Қазақ тілі-мемлекеттік тіл екен.Тіл кез келген ұлттың мақтанышы,ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз,тәуелсіз еліміз,ана тіліміз бар.Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі»деп жазған.Ата заңның талаптарын әрбір адам орындауға міндетті.Ана тілін сүйген азамат елін де,жерін де сүйеді.Әрбір азамат ана тілін құрметтеуге,қадірлеуге,оны көздің қарашығындай қорғауға міндетті,себебі тіл ұлттың белгісі,

мемлекеттік айбыны.


Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай ел де жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар.

Тіл мерекесі құтты болсын!Олай болса,бүгінгі тіл мерекесіне арналған «Тіл ұлттың тірегі» атты тәрбие сабағымызды бастайық.


Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Бұл ойын 4 кезеңнен тұрады.1-2-3

Топтар өздерін таныстырады: І топ «Шырақ», ІІ топ «Тапқырлар».

Бірінші кезең «Сөз тапқанға».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс.

І топ сұрақтары: Ө,К, Т,Л,А.

1. Бүгін қандай күн?

2.Сен қайда тұрасың?

3.Жазда қайда болдың?

4.Нені жақсы көресің?

5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?

6.Қай пән ұнайды?

7.Досың көп пе?

8.Сенің сүйікті ақының?

9.Немен саяхат жасайсың?

ІІ топ сұрақтары: Ә,Ғ, С,О,А.

1.Сенің калаң қандай?

2.Кім болғың келеді?

3.Нені ұнатасың?

4.Қандай құсты білесің?

5.Қандай фильм көрдің?

6.Жақсы көретін күнің?

7.Күз мезгілі ұнай ма?

8.Сенің сүйіп оқитын жазушың?

9.Саған қандай тағам ұнайды?

Екінші кезең «Білімпаздар» сөзі беріледі.Бұл сөзден 1 минутта бірнеше сөз құрау.

Үшінші кезең «Сен білесің бе?» Интербелсенді тақтада сұрақтар берілген.Әр жауап 5 балмен есептеледі.

І топқа арналған сұрақтар.

1. Қазақ тілінде неше буын бар?

2. «І» қандай дыбыс?

3.«Әдемі» сөзінің синонимін тап.

4.Отбасы сөзінде неше буын бар.

5.Үнді дауыссыздарды ата.

ІІ топтың сұрақтары

1."Үш бақытым"өлеңінің авторы кім?

2.«Отан» сөзінің синонимін тап.

3. «Ө» қандай дыбыс?

4.Қатаң дауыссыздарды ата.

5.Керемет сөзінде неше буын бар?

Төртінші кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.

І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,доп,

ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, қоян, сурет, пойыз,

сабақ, маймыл,қолшатыр.

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

V кезең Диалог құрастыру. І топ.Кітапханада. ІІ топ. Дүкенде.

VІ кезең. Қызықты ұйқастар.

Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

Ітоп:

1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сут, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).

2.Рыба- балық, народ-…(халық).

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).


Қорытынды:

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтайық.

Құрметті оқушылар! Осымен сабағымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Picture 1 Picture 3













Picture 4


Picture 2


















«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ



Бекітемін:________ Келісемін:__________

Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі

А.Имангазиева А.Мухамадиева




«Тілім менің- баға жетпес байлығым!»

(Тәрбие сағаты)






















Сынып жетекші: Н.Нуктенова





2023-2024 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!