400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің – тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақты ана тілін сүюге,тіл мәртебесін көтеруге,шұбарламай сөйлеуге тәрбиелей отырып,өз ұлтына,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілім менің – тірегім

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тілім менің – тірегім

Сабақтың мақсаты: Жас ұрпақты ана тілін сүюге,тіл мәртебесін

көтеруге,шұбарламай сөйлеуге тәрбиелей отырып,өз

ұлтына,еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ барысы:

Мемлекеттік гимн орындалады.


1-жүргізуші: Тілім менің-тірегім,дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқыма жетеді өз мәнінде,

Өз тілімде оқылса жырым менің.

2-жүргізуші: Тілім менің-қуатым,күшім менің,

Күшім кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

1-жүргізуші: Құрметті тіл жанашырлары,бүгінгі «Тілім менің-тірегім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Туған тіл-ақыл-ой дамуының негізі және барша білімдердің қазынасы

1-жүргізуші: Тіл-рухи күре тамыр,тілден үлкен ана жоқ,

Тіл шегінсе,ұлт мүлде жоқ әрі ұлттық сана жоқ

Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,

Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен?

2-жүргізуші: Өз перзентін тек орысша оқытса ата-анасы,

Қазақ тілін ардақтауға жетпегені шамасы.

Егер тамыр жая алмаса бала ана тілінде,

Туған тілін тұңғыш тұғыр ете алмаса білімге

1-жүргізуші: Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі анаң айтқан,бабаң айтқан,

Тіліне зер салыңдар бұрынғының,- дей келе әдеби монтажымызды бастаймыз.

1-оқушы: Баба тілін қадірле,

Болашақтан түңілме!

Айналайын боздақтар,

Аралас тілге үңілме!


2-оқушы: Түзет құрып тізгінді,

Хат жазылсын өзара.

Жетілдір қазақ сөзіңді,

Жат алдында ез болмай,

Берік ұста өзіңді.

3-оқушы: Асан қайғы, Жиренше

Сөйлеп кеткен қазақ тіл

Қазақ тілді жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Баба тілің-асыл нұр.

4-оқушы: Ана тілің,біліп қой,

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың,елдігің.

5-оқушы: Болғанымен өзімнің жерім,өз бағым,

Болғанымен көңіл жүйрік,көз дарын.

Бәріне де жетемін деп жүргенде,

Өз тілімнен айрылып қала жаздадым.

6-оқушы: Сағындырған ана тілім армысың,

Сағындырған ана тілім бармысың?

Осы тілде бар азамат ұғысқан

Осы тілде талай жүрек табысқан.

7-оқушы: Су қараңғы болғанындай жанардың,

Тіл тағдыры тағдырындай Аралдың.

Гүлін қалай таптамақпын даламның,

Тілін қалай сақтамақпын анамның.

8-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

9-оқушы: Жаңа қазақ, шала қазақ жас інім,

Алшысынан тұрды бүгін асығың

Саған қарап ойландым да жасыдым,

Айырмаған азғыны мен асылын

Мына ғасыр,бәлкім,сенің ғасырың.

10-оқушы: Мына ғасыр - безбүйректеу ор ғасыр,

Жүрегінде сезім емес,қорғасын

Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.

Қақпай қайтсін,бәрін сатып алуға

Һәм сатуға мүмкіндігі болғасын.

11-оқушы: Сенде қазір думан дәурен, масат күн

Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың

Рухани байлыққа да тас аттың

Аудандағы жалғыз кітап дүкенін

Сатып алып, сырахана жасаттың.

12-оқушы: Тез ашылып саудагерлік дарының,

Таудан,тастан қайтпастай өр арының.

Саудаладың Алматының жарымын

Ұлағатты ұлы қазақ елінде

Сатылмайтын байлықтар да бар інім.

2- жүргізуші: Тілім менің тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді кім?

Тілім менің,тілім менің - тірлігім.



Ендігі кезекті көркем сөз оқу шеберлеріне берейік.

1. «Сізді не толғандырады?» деген сұраққа ақын М.Шахановтың жауабы

Оқитын – Сартай Нұрсат, Хабибулла Гүлшат

2. «Тауды сүйем» Аян Өрібаев. Оқитын – Мәулен Әліби

3. «Қазағыма» Аян Өрібаев. Оқитын – Қарамолдаева Дильназ

1-жүргізуші: Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын.

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

2-жүргізуші: Сары алтындай сабырлы парқы ерен шын

Қазағым,жаны жайсаң арқалы елсің.

Осынау дүбірі мол дүниеде

Әрқашанда мәртебең арта берсін!-деп сыныптан тыс іс-шарамызды аяқтаймыз.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі