Сабақтың тақырыбы: «Тілім менің –тірлігімнің
айғағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ана тілін
білудің маңызын түсіндіріп,ана тілі туралы өлеңдер,нақыл
сөздер,мақал-мәтелдер,шешендік сөздер айту арқылы сөздік қорын
молайту,тіл байлығын дамыту.Ана тілін сүюге,ардақтай білуге
тәрбиелеу,өз ойын толық жеткізе алатын
білімді,саналы,салауатты,жан-жақты рухани бай жеке тұлға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл туралы ақындардың,ҚР
Президентінің қанатты сөздері,Тәуелсіздік монументінің
суреттері,слайд,мақал-мәтелдер.
Сабақтың
барысы
І.Ұйымдастыру
Кіріспе
сөз
Армысыздар,осы кештің
қонақтары,
Халқымның ашық болсын атар
таңы.
«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты
кешімізде
Беделін көтерейік
тарихтағы.
Сәлем бердік кешіміздің
көрермені,
Қазақтың ол анық қой,өнер
кені.
Тілге арналған кешімізге қош
келдіңіз,
Алдарыңда болашақтың
өрендері.
Еуразияның қақ ортасында орналасып,талай
халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған,тарихы
солармен тағдырлас қазақ даласы,қазақ жері,қазақ ұлты қандай
қиыншылықтарды бастан өткізбеді
десеңізші….
Біз қазақ деген мал баққан елміз,бірақ
ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын
деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан
елміз,басымыздан сөз асырмаған
елміз.
Тіл-ұлттың белгісі,халықтың мұрасы,дүниетаным
құралы.Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. «Тілі жоғалған
халықтың өзі де жоғалады» деген сөзді жадымыздан
шығармайық.
Тіл халық тарихы,тіл ұлттық қазына,тіл біздің
намысымыз,арымыз,байлығымыз,барымыз.
Бүгінгі күні «Ел тағдыры-тіл тағдыры» деген
сөздің мәнін терең пайымдасақ,мемлекетімізге тәңір сыйлаған
тәуелсіздігіміздің тірегі тіл екендігін жүрегімізбен
сезіндік.
Сол еліміздің тірегіне айналған «Тіл туралы
заңның» тарихына назар аударайық. (Интерактивті тақта арқылы әр
жылға тоқталып,мемлекеттік тіліміздің қалыптасуын оқушылар
таныстырып шығады.)
1989 жыл 22-қыркүйек.Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы заң қабылданып,қазақ тіліне
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі
берілді.1993 жыл 28-қаңтар. Қазақстан Республикасының
тұңғыш Конституциясы қабылданып,онда қазақ тілі «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тілі» болып
бекітілді.
1995 жыл 30-тамыз.Республикалық референдумда
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып,
Конституцияның 7-бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
тілі-қазақ
тілі»,-делінген.
1997 жыл 11-шілде. Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы Заң Парламентке қайтадан
талқыланып,ол Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен
бекітілді.Бұл Заң бойынша қазақ тілі- Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тілі,қазақ халқының ұлттық тілі болып
есептеледі,-деген. Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы Заң 6 тарау,27 баптан тұрады.
(Оқушылар заңның әр тарау,бабын жатқа кезекпен
айтады)
3-бап: Тіл
туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан
Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ
адамдарға қолданылады.
4-бап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ
тілі.
Мемлекеттік
тілді меңгеру- Қазақстан Республикасының әрбір азаматының
парызы.
5-бап:
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару орындарында
орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең
қолданылады.
6-бап:
Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін
қолданылуына,қарым-қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін
таңдауына құқығы бар.
7-бап:Қазақстанда мемлекеттік тілдің және
басқа да тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі
келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп
соқтырады.
13-бап:
Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі,ал
қажет болған жағдайда,сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа
тілдер мемлекеттік тілмен тең
қолданылады.
16-бап
Білім беру
ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып
табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне
кіреді.
17-бап:Мәдени
шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да
тілдерде жүргізіледі.
18-бап
:Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат
құралдарында мемлекеттік тілдің,басқа да тілдердің қолданылуын
қамтамасыз етеді.
19-бап:Мемлекеттік ұйымдардың,олардың
құрылымдық бөлімшелердің атаулары мемлекеттік тілде және орыс
тілінде беріледі.
20-бап:Кісі
есімін,әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес келуге
тиіс.
24-бап.Тіл
туралы заңды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауаптылыққа
тартылады.
Елбасы
Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20-қаңтардағы Жарлығына сәйкес «22
қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып
келеді.
Б.Момышұлы
атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген.Шынында,тілін
білмеген адам өз халқының тарихын,дәстүрін,мәдениетін өз тілінде
сезініп,терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам
ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға,білуге тиіс.Болашағымызды
баянды етер қаруымыз-тіліміз.Ана тілімізді құрметтей
білейік.