400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемелер балаларына ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Панфилов ауданы

Үшарал ауылы

«Айгөлек» балабақша тәрбиешісі: Кадырова Арай Нусипхановна















« Тіл – ұлт тірегі»

(тақырыптық оқу қызметі)

















Тәрбиеші: Кадырова А.Н













2018-2019ж







Тақырыбы: Тіл – ұлт тірегі.

Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына

арналған тақырыптық оқу қызметіне қош келдіңіздер!

Оқу қызметінің мақсаты балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.

Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын бағажетпес мұра.

Ертеңгілігімізді ән ұраннан бастайық.

Ән ұран: барлық балалардың орындауында.

Тәрбиеші: Балалар,бізге қонақ келіпті.

Тәрбиеші:Балалар, қонақпен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Тәрбиеші: Сіз бізге өзіңіздің  туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?

Тәрбиеші: Рахмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз бізде тіл

апталығына арналған ертеңгілік өтіп жатыр.Қонақ болыңыз!

Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.

Тәрбиеші: Балалар, біздің отанымыз қалай аталады?

БалаларҚазақстан.

Тәрбиеші:Біздің елордамыз қалай аталады?

Балалар: Астана.

Тәрбиеші: Балалар,  адамға тіл не үшін керек?

(Балалардың жауабы)

Тәрбиеші:Дұрыс, тіл адамдарға бір-бірімен тілдесуге, сөйлеу

үшін керек. Тіл арқылы адамдар бір- бірімен қарым-қатынаста

болады. Біздің Республикамыз Қазақстанда көп ұлттар турады,

олардың барлығы тату-тәтті өмір сүреді.

Жүргізуші: Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?

(Балалардың жауабы.)

Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар,балалар. Осы халықтар Қазақстанда

тұрса да өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі  болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз керек, құрметтеуіміз керек.

Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,

Бірақ оған адам аз бас иетін.

Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,

Кейбіреулер түсінбес қасиетін.

 Ал,қазір,балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы  тақпақтарын тыңдайық

Айсұлтан

Тіліңді үйрен күнде сен,
Ол іс емес жай ғана.
Өз тіліңді білмесең,
Білгішпін деп ойлама. 

Абубәкір

Ана тілің, арың бұл.

Ұяттың боп тұр бетте.

Өзге тілдің, бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте.

Ақнұр:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың бауырың.

Отан - өлкең астанаң

Отан – аудан, ауылың.

Еркеназ

Жанымнан да қымбат,

Ана тілім маған.            

Ана сөзін тыңдап,            

Үлгі, өнеге алам.

Даяна

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.

Эльнара

Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арға мін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғы әнін.

Інжу

Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді.

Елжас:

Тілің-қымбат қайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға,ойға да.

Нұрмұхамбет

Отан – жерім,                             

Отан – суым.                         

Отан қуат, нәр береді

Фатима

Ана тілді құрметте,
Жұртын сүйген ұланым.

Ән: «Атамекен »  

Тәрбиеші: Балалар, тақтадағы суретке назар аударайықшы.

Бұл күліп тұрған күннің көзі.

-Не жетіспейді?

Балалар: Күннің шуағы жетіспейді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, сұрақтарға жауап беріп,

күннің шуағын толықтырып жапсырайық.

Балалардың жауабы:

1.Тіл не үшін керек?

2.Біздің отанымыз?

3.Елордамыз қалай аталады?

4. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

5. Біздің ұлтымыз қандай?

6. Біз қай тілде сөйлесеміз?

7.Біз әртүрлі ұлттармен қалай тұрамыз?

Балалар күннің шуағын толықтырады.

Тәрбиеші: Балалар,қараңдаршы, күннің көзі күлімдеп шуағын шашып, нұрланып шыға келді.
Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.

«Тіл-ұлт тірегі» атты оқу қызметі осымен аяқталды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1263
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі