400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің тірлігімнің айғағы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шешендік өнер әліппесі» факультатив курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тілім менің-тірлігімнің айғағы»

Мақсаты: Жас ұрпақты адамгершілікке, тілімізді қастерлеп, ана тілімізді құрметтеп насихаттау. Туған тілім, дана тілім, дара тілім бағытында кеңінен мағынасын ашу. Жүргізуші: Армысыздар,қадірменді оқушылар және ұстаздар!
«22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне қош келдіңіздер!
« Тіл туралы тұңғыш Заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі.
Менің қазір ойыма Қадыр Мырзалының тіл туралы айтқан өлең шумақтары есіме түсіп тұр.
Ана тілім — әнұраным, Ана тілім — өрлігім,
Ана тілім — һәм құралым, Ана тілім — елдігім.
Ана тілім болмаса, Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым. Бүтінделмес кемдігім.
Олай болса сөз кезегін оқушыларымызға берейік:
Бекзат

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
Жүргізуші: Өте керемет. Осындай әдемі өлең жолынан кейін әдемі әннің әуенімен сусындап отырмаймыз ба?
Ән:« Туған жер »
Орындайтын: Нұрқожа Болат

Жүргізуші: Ия, Қазағымның ән - жырына не жетсін.

Қамарсұлу
Ана тілім, туған тілім, бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Жүргізуші:
Ана тілім - ана күтім арым менің
Сәулетім - сая бағым, сәнім менің
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таңым менің.
Би: «Қамажай» орындайтындар: Нұрқожа Гүлзат пен Мақсотова Қамарсұлу
Жүргізуші: Өте керемет! Жарайсыңдар қыздар!
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.


Ана тілім, туған тілім, бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным
.
Сондықтан туған тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғау – ол біздің, яғни жастардың басты міндеті.
Асылхан
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Жүргізуші:
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды»
Гүлзат
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Жүргізуші:
Тіл - қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.

Болат
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл – арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
Жүргізуші:
Қадірменді көрермендер! Осымен бүгінгі «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет! Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар!

22 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты(Туған тілім-тірлігімнің айғағы) 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы».
Т
әрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, 
                                                   өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін  
                                                т
үсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға 
                                               
үйрету.
   
                                            2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге 
                                                 баулу.
                                                 3.Ана тілін
қастерлеуге, адамгершілікке тәрбие- 
           
                                    леу.
К
өрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Өткізу әдісі: Ауызша журнал.
                               
                                     Т
әрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:   
        - О
қушылардың назарын аудару. 
ІІ.Кіріспе с
өз:
       -
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.
     Аны
қтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.    
 ІІІ. К
өрініс: «Ең қымбат қазына»
       
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
  Ертеде бір тілге ж
үйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       «Балам,
әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     «
Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
     1- о
қушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
     2- о
қушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
     1- о
қушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
                        О
қушы тақпақтары:
       1-о
қушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Ту
ған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Ту
ған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Ту
ған тілім- адам тілі- өз тілім.
       2-о
қушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
                       
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                        Ту
ған тілім тіл болудан қалса егер,
                        Ж
үрегімді суырып-ақ алыңдар.
       3-о
қушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
                        Бесікте жат
қанымда-ақ берген білім.
 
                      Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
                       
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
       
Ән «Ананың тілі»
       4-о
қушы: Туған тілім- тілі ата бабамның,
                       
Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
               
        Қайда жүрсең меніменен біргесің,
                        Т
үсінікті сендей жақын маған кім.
                        Сенсі
ң тілім бойдағы күш қуатым,
                        Са
қтаушыңмын қорғауға бел буатын.
       5-о
қушы: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
                       
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                        Т
әуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Т
әуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
       6-о
қушы: Хандардың қайталама қатерлерін,
                        «
Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
                        Ма
ғжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
                       
Ұмытпа ешқашанда баталарын.
  М
ұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
    Абай даналы
ғына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
        7-о
қушы: Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
        8-о
қушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
                         Жа
қсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
                         Асы
қпа түспеді деп қолыма тез.
                          Дамылсыз ізденуге ерінбесе
ң,
                          Керегі
ң өміріңде болады кез.
         9-о
қушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
                          Сенсі
ң менің қасіретті шаттығым.
                          Сенсі
ң менің тазалықты пәктігім,
                          Сенсіз ба
қыт дүние тапты кім?
       10-о
қушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
                          Сен ар
қылы тіршілікпен тілдесем.
                           Ел бетіне
қалай түзу қараймын,
                           Ана тілі егер сені білмесем.
ІV.  «Кім шапша
ң?».
     Ма
қалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
       11-о
қушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
                          Ойланшы сыртын
қойып, сөздің ішін, - депті Абай атамыз.
       12-о
қушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
                         
Сөз өнері-киелі өнер.
       13-о
қушы: Өнер алды- қызыл тіл.
                         
Әдептің басы- тіл.
V. «Ойлан, тап!»
     Берілген с
өздерден мақал құрастыру.
   ( ата, г
үл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).
VІ.
Қорытынды:
      М
ұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
       Олай болса, бізді
ң тілге деген құрметіміз шексіз.
       О
қушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
                                            Тілім барда айтылар с
өз ойдағы.
                                            Осы тілмен мен де бірге
өсемін,
                 
                          Өшсе тілім мен де бірге өшемін.



«Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

Мақсаты: Оқушылардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыраотырып, қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініптапсырманы дұрыс орындауға баулу.

Ой -өрісін дамыта отырып, сөздік қорын және мәнерлеп оқудағдысын қалыптастыру.

Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз тілін өұрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Ерлік, елдік,бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.

Сәләмәтсіздарма құрметті ұстаздар. 5 «ж» сыныбының Тіл апталығына орай өткізіп жатқан «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Хор: Қазақстан Республикасының Гимні.

Жүргізуші:

Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілдің ауылынан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлдененең көк атының қолжаулығына айналады.

Әрине тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам – қаперсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдарда тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі бөлінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс – соның айғағы.

Шүкір бүгін де тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық. Бірақ жаныңа бататыны – сол арындап басталған ұлы істің аяғы нәтижесіз тез басылып қалғандығы. Жиырмасыншы жылдары да солай болған. Әрине, оның себептерін бәріміз де білеміз, елі мен тілінің намысын көтерген ағаларымыздың көбі басы байлауда кетті.

Тұяқ серпуге шамасын келтірмеді.

Сондықтан да тіл – халықтың тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.

«Ана тілім – бабалардың жалғасы» бөлімінде 5 «ж» сынып оқушыларының ана тілі туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

  1. Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

Тіл туралы заңың енді күшіне,

Паш еткендей мұңды жүрек түндігін.

Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін!

Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар»

«Халық жауы» атандың – ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда

Қуан анам! Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп,

Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді,

Пір тұтамын мен алдыңда иіліп.

  1. Әр адамда өз анасынан басқа

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек қасиетті төрт ана;

Туған жері – түп қазығы айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы тірегі

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

  1. Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер

Ана тілің – анаң. Сыйлап өтіңдер!

Туған тілін танымаған көрсоқыр

Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

  1. Ана тілім – тірлігімнің тірегі,

Тілмен ғана кірер адам реңі

Тілсіз қоғам – өлі мынау дүние

Түсініксіз тылсыммен бір еді.

Ана тілім – әрекетім азығы,

Бар ғаламды тануымның қазығы.

Ой – санамның өсуінің куәсі,

Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

  1. Ана тілім – айна түсер аймағы

Елім, жерім, ұлтымның айғағы.

Бар қалпымды, бар өремді дәлелдеп,

Жеткізетін мәні, нәрі, қаймағы.

Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам не білем,

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

  1. Ана тілім – болашағым, ертеңім.

Ана тілім жыр дастаным, ертегім

Өз тілімді «өз тілім» деп ардақтап,

Әрқашанда әнге қосып өтемін.

Жүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл ала қылмай,

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақта көзіңнің жанарындай.

  1. Тілім менің сан мың жылдан сақталған,

Ең көрікті, ең таза боп ақталған.

Көкірегіме күдікті ой түссе де,

Көңілімде көктемдей боп жатталған.

Бұл тілімде сөйлеген шешендер де,

Шешендер де, ақындар, көсемдер де,

Аллаға мың шүкірлік айтудамын,

Тілімді тас төбеге көтергенге.

Анамның сүтіменен дарыған – тіл,

Әкемнің құтыменен дарыған – тіл

Жаханда жаңғыруда қазақ тілі

Әлемге әйгілі боп танылған тіл.

  1. Қазағым тіліңменен жана берші,

Әуендетіп әніме сала берші.

Мәңгі даңқың түспесін қазақ тілі,

Көкейімде жатталып қала берші.

Қасиетті үніңнен тілім менің,

Көгімдегі нұр шашқан күнім менің

Өмір болып жатса түңілгенім,

Сол тіліммен шаттанып күлімдедім.

Жаса тілім, жаңғыршы, шарықташы,

Өзге тілден басып оз қалыспашы,

Қазақстан - Отаным тіліңменен

Көк аспанда көк туым қалықташы.

Жүргізуші:

Иә, ана тілі туралы сыр шертпеген ақын жоқ шығар сірә. Әсіресе оны айтыс өнерінен көруімізге болады.

Бір кезде жоғалтып алған асылымыз, отыз жылдан кейін қайтып келген салтымыз – айтыс. Сендер оны теледидардан тамашалап жүрсіңдер.

Талай айтыскерлер Қазақстанның халық ақыны атанды. Міне сол айтыстың бір түрі – бәдік айтыс. Наурыз мерекесі аясында өткізілген қыз бен жігіт айтысын тамашалаңыздар. Ортада Оразбайұлы Әлфараби және Бисенбекова Айсұлу. Қай топ жеңіске жетеді екен бірге тамашалайық.

  1. Қыз:

Дел – сал ғып туған дала атырабын,

Бұл наурыз бүгін шырқап жатыр әнін.

Айтайық кемшілікті бетке басып,

Ей, құрбым кел айтысқа шақырамын.



  1. Жігіт:

Дегенде ала қарға, ала қарға,

Бойыңда бәдік бар жан опалар ма?

Кей қыздар кітап десе аллергия

Балмұздақ қуғандарға дауа бар ма?



  1. Қыз:

Жабысар болсаң бәдік ұлға жабыс,

Оқудан, пайдалы істен, жырдан алыс,

Еліріп есі кеткен видеоға

Картэ, у – шу, кун – фу, күнде шабыс.



  1. Жігіт:

Ауырдым дер сәл ғана суық тисе,

Киімі бір машина буып түйсе.

Ей бәдік, жабыссаң тек қызға жабыс,

Ұрысқақ шыңқ ететін шыбық тисе.



  1. Қыз:

Бұл бәдік кедергіңді елеместен,

Тағы да асып өтер бір белестен.

Жаңбырмен жер көгерсе кейбір ұлдар,

Жүргені көз көгертіп төбелестен.



  1. Жігіт:

Келгендей қырдан ілбіп әзер сәуір,

Сен айтқан сын сөздерге төзем де ауыр.

Жөнінен биязылық кей қыздардан

Үйдегі оқымаған әжем тәуір.



  1. Қыз:

Мініңді түзейін деп алдым парақ,

Сыныңа мен ойланып қалдым қарап,

Ей, бәдік, жабыссаң тек ұлға жабыс,

Кітабы жыртық – жамау, салдыр – салақ.



  1. Жігіт:

Тілімді, жырымды айтып, құмарланам,

Қазақы әдет – ғұрып ұнар маған,

Сен сияқты емеспін «ну и что» деп,

Өзінің ана тілін шұбарлаған.



  1. Қыз:

Айтыстық біз бәдікті пайдаланып,

Көбірек ойланарлық жайға қалып,



  1. Жігіт:

Бәріміз ұл – қыз болып жұмылыссақ,

Бар міннің жойылары айдан анық.

Жүргізуші:

Иә, балалар, қыздар жеңіске жеттіме әлде ұлдар ма? Қалай ойлайсыңдар? Меніңше екі топта бір – бірлерінен қалыспады, тең түскен сияқты. Менімен келісесіңдер ме? (оқушылар «иә»)

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр, - дегендей келесі кезекте «Халық айтса, қалт айтпайды» атты бөлімде мақал – мәтелдердің жалғасын табу.

  1. Бас кеспек болса да – тіл кеспек жоқ.

  2. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.

  3. Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.

  4. Тіл тас жарады – тас жармаса бас жарады.

  5. Жүйелі сөз – жүйесін табады, Жүйесіз сөз иесін табады.

  6. Басқа пәле – тілден.

  7. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.

Ал балалар, мақал – мәтелдерді қаншалықты білетіндеріңді көрдік. Енді жұмбаққа қалай қарайсыздар? (оқушылар «иә»)

  1. Үлкен үй, үлкен үйдің ішінде кіші үй,

Кіші үйдің ішінде палуан би. (ауыз, тіс, тіл)

  1. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

  1. Жағалай – жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым. (тіс, тіл)

  1. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп, тербеледі адам соқса,

Шешен тіл сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам жоқта (домбыра)

  1. Әрі сүйексіз,

Әрі тиексіз (тіл)

Жүргізуші: Өте дұрыс таптыңдар балалар.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - дегендей ортаға Қыпшақбаев Нұрсұлтан мен Алдаберген Нұрасылды «Жаса Қазақстан» әнімен шақырамыз.

Қайырмасы:



Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің қазағым

Артта қалды қыйындық пен азабың

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса! Қазақстан!

Алаш жұртым ардағым

Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым

Жаса! Қазақстан!

Ата мекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың



Жақын көңіл жайсаң ел қазағым

Өз ұраның айтылсын, өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін!

Батыр ұлдар ел көшін бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жас бала

Ашық аспан астында мәртебең

Артсын басқадан



(Қайырмасы)



Даламызға мұрагер халқымыз

Даламызда мақтаныш даңқымыз

Ұмытылмай ұрпаққа ұлассын

Дәстүр салтымыз

Ару қыздар аяулым, ақ гүлім

Шаңырақтың шырағын жақ бүгін

Думандатып тойласын әрқашан

Елім, шаттығын



(Қайырмасы)

Жүргізуші:

Көрініс:Сөз қадірі:

Автор:Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына.

Әке:Балам,мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем маған қазына қалдырмады деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле!»

Автор:Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылса да таба алмайды Ойы сансаққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: ата,әкем маған қандай қазына қалдырды. Мен іздеп таба алмадым.Мұны сіз білетін шығарсыз ,айтыңызшы.

Қария: Әкеңнің сөзі рас, балам.Оның саған қалдырған мұрасы- тіл.Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік Тілден қымбат қазына байлық жоқ .

Жүргізуші:

Иә тілден қымбат қазына, байлық жоқ.

«Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез» - демекші ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ақын – жазушыларымыздың мазмұнды ойларына «Аталы сөз» бөліміне тоқталайық.

  1. «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра – араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарасмтырып сөз табуымыз керек. Сонда біздің әдебиетіміздің тілі таза болып, талғау салтының шарты орындалған болады» (Ахмет Байтұрсынұлы).

  2. «Ертедегі түркілер тұрмысының көптеген іздерін өзінде сақтап қалған қазақ тілін мен ерекше ұнаттым» (Н. И. Ильминский).

  3. «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз» (Н. Ә. Назарбаев).

  4. «Қазақтардың ақыл – ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көщім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл – есі де өте тез жетіледі» (А. Янушкеевич поляк жазушысы).



Жүргізуші: Әрі қарай «Ананың тілі – аяулы үні» әнімен жалғастырамыз.



Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол: жаным,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай

Бал тілін, әнін.



Анамның тілі - айбыным менің,

Анамның тілі - ай-күнім менің!

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі - өмірді думан.



Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім,

Тыңдадым сөзін

Табынып, сүйіп.

Анамның тілі,

Аяулы үні

Жүрекке нұрын

Жіберді құйып.

Қ – сы:

Жүргізуші:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Тіл – байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз. Тіл – біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ барымыз.

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер болсаң байтақ далай тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік (хормен).

Қазақ тілінің мерейі үстем бола берсін!

Оқуға шақыру

Балалар! 

Оқуға бар!

Жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,

Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:

Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,

Барады аралар да ұшып балға.

Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,

Оянып жан-мақұлық түнде қонған,

Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,

Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!

Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған

A poem about English

BY NADYA SVIZH · FEBRUARY 28, 2015

The English language is known world wide
From all languages that were collide
English is known everywhere
It is great to use it anywhere

Using  English by everyone
Speaking  English is very fun
Don’t be shy and show your greatness
Use it when showing competitiveness

Speaking English is as good as gold
The language of English we need to uphold
It’s very fun when you  to think of it
When you talk to your friends who also love it

When you go to any country
This is the language of everybody
Being pronounced  in a different place
Different accents on different place

The English language is my proficiency
Never be shy and express it freely
Just be confident and you’ll be okay
Uphold English Proficiency and have a good day

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
1586
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі