400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің тірлігімнің айғағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Егеменді еліміздің рухын асқақтатып ұлттық тіл ұлттық қадір -қасиет екендәгән білдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысының білім басқармасының

Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің

«Абай атындағы қазақ орта мектебі-мектеп жанындағы интернатымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі








«Тілім менің тірлігімнің айғағы»













Тәрбиеші:Мансамова М

2023-2024жыл





07.11.2023

Тақырыбы:Тілім менің тірлігімнің айғағы

Мақсаты: Егеменді еліміздің рухын асқақтататын ұлттық тіл, ұлттық

қадір - қасиет екендігін білдіру;

Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын - жазушылардың суреттері.
Кіріспе. Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. тіл арқылы адамдар бір - бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «жан көріністерінің ең қымбаты – ой, ой тілі – сөз. тіл адам жанының тілмашы. тілі кем болса, адамның қор болғаны…» деген сөзі дәлел деуге болады. сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді.

Қазақстан республикасының «Тіл туралы заңы» күшіне енді болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. біздің ана тіліміз – қазақ тілі. біздің отанымыз – Қазақстан. Қазақстан республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. сонымен қатар өз тілі бар. тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан республикасының тіл туралы заңы қабылданды. ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. оның 4 - ші бабында қазақ тілі – Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі делінген. біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе? міне, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз қандай тақырып екен?
Жаңа сабақ: «22 - қыркүйек тілдер мерекесі»

Ең бірінші, викториналық сұрақтар: ауызша сұрақтарға жауап берейік.
а) Грамматикамен жұмыс: Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы - қарта, жал - жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин).
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
9. «Орфография» қандай мағына?.
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
11. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
12. Абайдың туған жылы? (1845).
13. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
14. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
15. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А. Байтұрсынов).
16. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т. б.).
17. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
18. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
19. Орфоэпия деген не?
20. Қазақ халқының салт - дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т. б.)


Қорытынды:Міне,балалар осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды!

«Тіл туралы заңы» күшіне енді болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. біздің ана тіліміз – қазақ тілі. біздің отанымыз – Қазақстан





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.12.2025
33
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі