Ұстаз ұлағатты ұлы
сезім!
Сабақтың
мақсаты: Мұғалімге тән қасиет адамгершілігі, сыпайлығы, ұқыптылығы
мәлім.
Білімділік: Оқушының сөздік қорын молайту,
тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын
дамыту.
Дамытушылық: Оқушыны логикаға, шапшаңдыққа,
тез сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Адам
еңбегін бағалай білуге үйрету, оны құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сіңірген ойға,
санаға
Сөздердің таңдап
сұлуын.
Біліммен қоса
балаға
Ұсынған жүрек жылуын, - дей отырып жүрегінің
әр бөлігін оқушыларға арнайтын ұстаздарды төл мерекелерімен шын
жүректен
құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мол
болсын!
Ұстаз...
Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны
бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп
ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды
тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп білемін.Ұстаз адамзат
баласының бойына білім атты «шаһарды» қалайды.Сондықтан, «Ұстазды
атаңнан да әзіз тұт» деген мақалға жүгінген дұрыс.Ұстаздың еңбегі -
ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек.
«Қыран құс
түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап
сыйлайды» деген нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер
дегенді білдіреді.
1 – оқушы:
Ұстаз болу мәртебелі дәреже,
Кез – келгеннің
ол қолынан келе ме?
Ұстаз болу –
ұлағатты ұлы есім,
Шәкірттері
сүйіп өтер, сене де.
Жас ұрпаққа
білім беріп шаршамай
Қиындыққа төзе
білген жасымай
Ұстазым деп жыр
төгеді көңілден
Ұлы адамдар
өмірдегі қаншама.
Тұла бойдан
шашылғандай шұғыла,
Ұстаз жүрек
шәкірттерін ұғына
Күлімсіреп
қарсы алады жалықпай
Үйретеді
өмірдің қыр - сырына
2 – оқушы:
Ұстаз сені әрбір адам бағалар,
Сенен ұшқан
білім алып ағалар.
Сенен ұшқан
дарынды да, дана да,
Сен арқылы мына
ғалам жаңарар
3 – оқушы:
Ұстаз деген – сөйлер сөздің сәні,
Ұстаз деген –
осы өмірдің мәні.
Жалпы қауым
тәлім алып одан
Ұстазына бас
иеді бәрі!
Ұстаз деген – тәрбиеші
тұлға
Білім берген ұлға және
қызға
Құрметтейді сыйлап, ардақ
тұтып
Шәкірттері бөле ән мен
жырға
4 – оқушы:
Ұстазым, асыл ардағым
Сіңірген бақыт
бұлағын
Ұстаздар айтқан
ақылын
Жүректен ұғып
тұрамын
5 – оқушы:
Арттырған шәкірт талғамын,
Ұстаздар – үміт
ардағым.
Өзіңнен үміт нәрін
ап
Қырандай алға
самғадым.
Сөйлесе тілі
балдайын
Ұстазым, гүлдей
жайнадым
Көркейіп өсіп
келеміз
Жапырақ жайған
талдаймын.
Қорытынды:
Дарытқан білімі үшін ұстаз деген асыл жанға
мың алғыс айтсақ та жетпейді.Өйткені ұстаз еңбегі орасан зор
еңбек.
Сенің де, менің де, бәріміздің де өмірімізге
бағыт – бағдар берген, білім нәрімен сусындатқан, өмірге кірпіш
етіп қалаған ұстаздай ардақты жанды ғұмыр бойы ардақтап өтуге
тиіспіз.Бұл біздің
парызымыз.
Тіл мерекесі қарсаңында өткізілген «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты ашық тәрбие сағатының жоспары.
Тақырыбы: Тілім менің-тірлігімнің айғағы.
Мақсаты: Балаларға тіл туралы түсінік беру, әлемде басқа да ұлттар және олардың өздеріне тән тілдері бар екені туралы әңгімелеу, өз ана тілін құрметтеуге, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
2-жүргізуші: 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1-жүргізуші: Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
2-жүргізуші: Осыдан тура 25 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.
1-жүргізуші:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!
2-жүргізуші:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
-деп ана тілі үшін жанын пида етуге дайын болған Дихан атамыз жырға қосқан туған тіліміздің мерекесі құтты болсын! Қазақ тілінің мәртебесі биік болып, мәңгілік жасай берсін!
1-жүргізуші:
Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
2-жүргізуші:
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
1-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсем сөз шеберлеріне берейік!
Оқушылардың мәнерлеп оқуы. Байгонысова А «Ана тілі», Тұрғанбай Ж «Ана тілі», Аяла «Қазақ тілі»
2-жүргізуші:
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
1-жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің?
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке
үнім.
Салтанатұлы Мақсаттың
орындауында ән «Ана тілім
тұғырым»
2-жүргізуші:
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
1-жүргізуші:
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Би «Қазақ биі»
2-жүргізуші:
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Барлық ұлт өкілдері де тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
1-жүргізуші:
Тіл-мемлекеттің басты байлығы. Тіл-халық тарихы. Тіл-ұлттың қазынасы.
2-жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
1– жүргізуші:
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
2-жүргізуші:
Мақсатым бар тіл дегенде көздеген
Әділет пе бұл шындықты сезбеген
Мақал-мәтел қара өлеңі қазақтың
Биік тұрар бәрінен де өзгеден
1-жүргізуші:
-Балалар, қазақ халқында дау-дамайды шешіп отыратын ақылды,тілге жүйрік би-шешендер болған екен. Төлебиден бата алған Қазбекби
Көрініс: «Халқыңа адал бол»
2-жүргізуші:
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
1-жүргізуші:
Сені сүйем сүйгендей дала гүлін
Көп қой сенен үйреніп алатыным
Ақ сүтіндей анамның киелісің
Сен аман бол әйтеуір ана тілім
Би: «Өзбек биі»
1-жүргізуші:
Ана тілім-ең қымбатты құралым
Алға бастап жетелейтін ұраным
Ана тілім-мақтанышым,мұратым
Ана тілім-күш беретін қуатым
2-жүргізуші:
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ән: «Атамекен» орындайтын Үсен Елдос
1-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.
2-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты ашық тәрбие сағатының жоспары.

шағым қалдыра аласыз