Тақырыбы: «Тілім менің-тірлігімнің
тірегі»
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің
қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін
ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті,
ақын-жазушылардың суреттері.
Әдісі: Мерекелік
іс-шара.
Барысы
Мемлекеттік Әнұран
орындалады.
Мұғалім : Ал,балалар
,сабақты бастамас бұрын жұмбақты шешіп
алайық.
Жұмбақ
шешейік.
Бірде төмен, бірде шығып
жоғары.
Сөз сөйлесең, қозғалыста
болады
(тіл)
Сонымен бүгінгі біздің
ашық сынып сағатымыздың тақырыбы: «Тілім менің-тірлігімнің
тірегі»
- Балалар, біз қай
тілде сөйлейміз? (қазақ тілі)
-
Ана тілі дегенді қалай
түсінесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар. Ана
тілі –атаңның , анаңның тілі, туған
халқыңның тілі. Ана
сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өнерлі
, білімді,
мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз
тіл арқылы үйренеміз.
1-жүргізуші -
Абзал
Тілім менің сарқылмас
қазынамсың,
Бір сенімен болмыстың назы
басым.
Қане,тарих сөйлеші өзің
болып,
Жыр-ғұмыр болып бүгінде
жазыласың.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш
рет «Тіл туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік
тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан
Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Заңда қазақ
тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап
көрсетілген.
2-жүргізуші –Айшабибі
.
Бауыржан Момышұлы атамыз:
«Тілін білмеген-түбін білмейді» деген.
Шынында, тілін білмеген адам өз
халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең
бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін
көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Ана тілімізді құрметтей
білейік.Абзал бізге қонақ келген сияқты.Қарсы алайық
.
(Осы сәтте есік ашылып, өңі
алау-далау алқынып ішке бір бала кіреді. Басында кепе, үстінде
жамау-жасқаулы ескі шапан, аяғында шоңқайма
етік.)
Арнұр- Тазша бала: Оу,
амансыңдар ма, балалар, аға-әпкелер? Тіл құрметіне арналған
кештеріңіз көптің көңілінен шықсын.
1-жүргізуші-Абзал : Рахмет тілегіңе. Бірақ кім
екеніңді танымай тұрғанымыз. «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын
біл» деген бар, құрдас. Жағдайыңды баян ет, қайдан
келесің?
Арнұр -Тазша
бала:
Алда, айналайын-ау!
Баяғыда Әйтеке би «Әкемді
сұрасаңыз-жетесіз,
Шешемді сұрасаңыз-некесіз.
Туа қалған бір баламын,
Тегімді сұрап не етесіз?» деген
екен.
Сол айтқандай, түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын.
Кәдімгі Есер ханды мүдермей қырық өтірік айтып, тәубесіне келтіріп,
жарты патшалығын алып байып, қызын алып, күйеу болған шонжарың мен.
Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді.
Сендер ана тілі құрметіне орай кеш өткізіп жатыр деген соң тарих
қойнауында шыдап жата алмай жеткен бетім. Бай қалпымда келсем,
танымай қалар деп өзімнің сол кездегі киімдерімді киіп шығып
едім.
2-жүргізуші-Айшабибі
:
Оу, Тазша бала, жо-жоқ
баба, жортқанда жолыңыз болсын, жолдасыңыз Қыдыр болсын. Әйтсе де
сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісіз?
Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын.
Халқыма асыққан мен ғана емес екенмін. Ел билеген хандар, байрақ
ұстаған батырлар, аузы дуалы билер бірігіп жолға шығыпты. Өздеріңе
құт мекен болған бүгінгі даланың, сол далада мекен еткен үрім
-бұтағының тіршілігін көрмек. Зәулім шахарларға беттеп бара жатып,
көштен жырылып, сендерге соға кеткелі
келгенмін.
1-жүргізуші-Абзал .
Апыр-ай, сізден өзге ешкім
келмес пе екен?
Арнұр-Тазша
бала: (жымың етіп) Асаларына
таянып, үш абыз емпеңдеп келе жатыр еді артымнан, енді табалдырыққа
жеткен де шығар.
(Есікті үйсін Төле би, арғын Қаз дауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке
би ашып кіріп келеді. Оқушылар мәз болып, қарсы
алады.)
Арнұр-Тазша бала:
-Ассалаумағалейкум, ақылы дария бабалар! Аман-сау жеттіңіздер ме?
Төрлетіңіздер! (Үш қария төрге
жайғасады).
2-жүргізуші
–Айшабибі .
«Тіл –ата-баба аманаты.
Ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан- ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға
жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше
ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына
баршамыздың міндетіміз, парызымыз.Көрініс: «Төле би мен Әнет
бабаның даналық сөздері».
1-жүргізуші-Абзал .
Тілім
менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім
бүгін?
Тіл жайында үгіттейді
кімді-кім?
Тілім менің, тілім
менің-тірлігім.
Оқушылардың жыр шумақтарына
кезек берейік.
2-жүргізуші-Айшабибі.
Келесі бөлім топтық сайыс .
II. Негізгі
бөлім
Б) Сайыстың шарты
.
I. кезең. «Бәйге» ( оқушылар
койылған сурақтарға I минут ішінде тез жауап беруі тиісті
)
II. кезең «Мақал – сөздің
мәйегі» ( жалғасын табу )
III. кезең . « Жұмбақ
шешу»
IV. кезең. «Сөзден сөз құра»
топттық жұмыс
- Бүгінгі жарысқа үш топ
қатысып отыр . Топтарды таныстырып өтейік.
1. топ.
Алғырлар
2. топ.
Білгірлер
3. топ.
Тапқырлар
I. кезең. «Бәйге» ( оқушылар
койылған сұрақтарға I минут ішінде тез жауап беруі тиіс
)
1. топ.
Алғырлар
1. Қазақ әліпбиінде қанша
дыбыс бар ? (42)
2. Оқушыларға білім беретін
кім ?(мұғалім)
3. Кыстан кейінгі мезгіл
?(көктем)
4. Дауысты дыбыстардың түрлері
?(жуан жіңішке)
5. Абайдың әжесі кім ?
(Зере)
6. Алғашқы қоңырау мерекесі
қай айда болады ? (Қыркүйек)
2. топ.
Білгірлер
1. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын
жазған кім? (А.Байтұрсынұлы)
2. Әңгіме жазатын адамды қалай
атайды ? (жазушы)
3. Қойдың төлі қалай аталады?
(қозы)
4. Бес дұшпан жаман істі
(өсек, өтірік, мақтаншақ ,еріншек, бекер ,мал ,шашпақ)
ата
5. Қазақ тілінде неше жуан
дауысты дыбыс бар ? (4)
6. Қолыңа алғаш ұстаған
оқулық. (Әліппе)
3. топ. Тапқырлар
1.
Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
2.
Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.
Алтынсарин)
3.
Көктемнен кейінгі мезгіл ? (жаз)
4.
Өлең жазатын адамды қалай атайды ? (ақын)
5.
Сиырдың төлі калай аталады ? (бұзау)
6.
Бес асыл іс? (талап, енбек, терең ой, қанағат,
рахым)
Тақпақтар – 2( Арайлым,Ғалия )
II. кезең «Мақал – сөздің мәйегі» ( жалғасын
табу )
1 - топ мақал –
мәтелдер
1. Тіл тас
жарады, . . .
(тас жармаса бас жарады).
2. Тіл – қылыштан .
. .(да өткір).
3. Тіл халықтың . .
.(мұрасы)
4. Өнер алды . . .
(қызыл тіл)
2 – топ
мақал-мәтелдер
1.Тілі жоқтың ... (діні
жоқ)
2. Піл көтермегенді,
... көтереді.
(тіл)
3. ... каруы-сөз,сөз
каруы-ой.(тіл)
4. Ана
сүті бой өсіреді,
... ой өсіреді. (Ана
тілі)
3-топ
мақал-мәтелдер
1. Кітап – білім...
(булағы)
2. Оқу инемен құдық
...(қазғандай)
3. Отан оттан да...
(ыстық)
4. Енбек етсең ерінбей... (
тояды қарның тіленбей )
5. Денсаулық зор...
(байлық)
6. Білім - өмір... (шырағы)
7. Ұрлық түбі-...
(қорлық)
8. Отан үшін отқа түс-...
(күймейсің)
9. Еңбектін наны тәтті,...
(жалқаудың жаны тәтті)
10. Өнер білім...
(бұлағы)
Білім – өмір
... (шырағы)
Тақпақтар – 2 (Аман,Аружан)
III. кезең . « Жұмбақ
шешу»
1- топ Алғырлар
. Жұмбақтар шешу.
1) Ақ
дуалдың ар жағындағы қызыл ат,
Байлауына бір босамас қызық
ат.
(тіл)
2)О ағы
мәрмәр,
Бұ жағы
мәрмәр,
Ортасында
Сандуғаш
сарнар.
(тістер және
тіл)
2-топ.Білгірлер
1)Құйрығынан тұмсығы
ұзын
(тіл)
2)Екі
қарауыл,
Екі
тыңшы,
Бір
жыршы
(екі көз, екі құлақ,
тіл)
3-топ.Тапқырлар
1. Тал
басында
Түндіксіз отау
(ұя)
2. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
3. Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге (Кітап)
4.
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы. (Ара)
5.
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады. (Пияз)
6.
Өзi ащы,
Бiрақ,дәмдi етер асты. (Тұз)
Тақпақтар – 2 (Айзура,
Сакен )
Ән: «Жаса,Қазақ
тілі»
IV. кезең. «Сөзден сөз құра» топтық жұмысына
кезек береміз
Әр
топ берілген сөзіне бірнеше сөздер құрайды.
1.
топ. Алғырлар .«Қазақстан»
2.
топ. Білгірлер. «Байтерек»
3.
топ. Тапқырлар «Бейбітшілік».
Бүгінгі сайысымыздың ұпайлары дайын болғанша
ортаға «Қазақ тілі» көрініс - Енді,
ойышыларымыздың жинаған ұпайларын білу үшін және де ойынның
қорытындысымен танысу үшін әділ қазыларымызға сөз
берейік.
Хор «Анамның
тілі»
Қорытынды
.