Тілім менің тұғырым!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тілім менің тұғырым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тілім менің-тұғырым!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: “ Тілім менің-тұғырым!”

Білім облысы: Таным,қатынас,әлеуметтік.

Мақсаты: Балалардың ұлт бірлігін, ынтымағын,өнерін, тілін білуге ынталандыру.

Білімділік: Көп тілді Қазақстан Республикасының тілдік тұғырын, қадірін таныту.

Дамытушылық: Әр халықтың тілін білу, оны ете сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар!

Назданып бүгін өмр нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалддаққа тұнды гүлі

Еңбек, бақыт, береке, тілдер күні!

Барша жұрттың бас қосқан сәнді жыры!

Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Себебі бүгін бізде мереке.5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер мерекесі.Балалар бүгінгі мерекемізге орай бізге ерекше қонақтар келіп қалыпты, ендеше қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме!!

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымызды бастамамас бұрын өздеріңмен шаттық шеңберін құрып, бір бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп алсақ.

Үлкен шеңбер құрайық,

Алақанды ұрайық.

Күлімдесін күнде,

Күлімдейік бізде.

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу сыйлайық.

Мотивацилық қозғаушылық”

Балалар қазір қандай мезгіл?

-Күз мезгілі

Күз мезгілінде неше ай бар?

  • 3 Ай бар,. Қыркүйек,Қазан,Қараша.

Балалар біз Қыркүйек айында қандай мерекені атап өттік.

  • Білім күнін.

Дұрыс айтасыңдар балалар, мерекені есте сақтап алыпсыңдар. Ал, енді біз тағыда бір ерекше мерекені атап өткелі отырмыз. Ол қандай мереке деп ойлайсыңдар?

-Тілдер мерекесі.

Ізденушілік кезең”

Балалар біздің ұлтымыз қандай?

-Қазақ

Біз қай тілде сөйлейміз?

-қазақ тілінде

Жарайсыңдар балалар. Балалар біздің мемелекетіміз көп тілді мемлекет. Көп тілді мемлекет дегеніміз- әр түрлі ұлт өкілдерінің бір мемелеет астында әр тұрлі тілде сөйлеуі.

Ия,балалар біздің мемлекетімізде қазақ тілінен басқа тағы да қандай тілдер қолданыста бар?

  • Орыс тілі, ағылшын тілі

Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар.

Ал, балалар сендер осы тілдер мерекесіне арнап тақпақ жатқа білесіңдер ме?

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің!

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның

Жүрек- ана

Мен өзіңнен жаралдым!!

Қазақстан халқының

Қазақ тілі жүрегі

Ана тілде айтылар

Әнұраны жүрегі!

Ана тілім бал тілім,

Өзің барда шалқыдым.

Өз тілімде ән шырқап

Термелетіп балқыдым.

Тәрбиеші: Әй,жарайсыңдар балалар! Тақпақты керемет етіп айтып бердіңдер. Ендігі кезекте “Тіл,сөз” туралы мақал-мәтел айтып көрейік.қанекей кім айтады?

Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

Өнер алды- қызыл тіл.

Жақсы сөз- жарым ырыс.

Анам берген -туған тілім,

Атам берген- құрал тілім.



Тәрбиеші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке ерекше мән берген. Атақты билер, ақындар мен жыраулар қара сөзді ұйқастыра, өлеңдетіп жырлаған. Балалар алыстан баланың даусы естіледі ме?

Қонақ “Тазша бала”

Тақылдатса таңдайды,

Көңілді етер маңайды.

Сөз өнерін әсемдеп

Білімді етер маңайды.

Сәлеметсіздерме? Мен Тазша баламын. Бүгін сздерде мереке екен, мен сендерге қызықты тапсырмалар алып келдім.

Тәрбиеші: Қош келдің, бүгінгі мерекемізге! Қане бізге қандай қызықты тапсырмалар ала келдің көрейік. Ал, сен төрлет қонақ бол!”

Тапсырмалар:

  1. Тапсырма: “Кім жылдам”

2-тапсырма: “ Сыйқырлы түстер”

3-тапсырма: “ Теңін тап”

4-тапсырма: “Домино”





Қорытынды:

-Балалар қазір қандай мезгіл?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?

-Бүгін бізде қандай мереке?













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2025
13
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі