жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Тілім-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» 5 сынып
Тақырыбы. «Тілім-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем»
Мақсаты: Оқушылардың елін, жерін сүюге, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту. Қазақ тілінің байлығын, тереңдігін сақтап, шұбарламай тазза сөйлеуге үйрету.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Тілім-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Кіріспе
Жүргізуші
Қазақ тілі-өтебай , әрі көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі-кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл. Қазақ тілі- барлық әдебиет пен мәдениеттің, ғылым мен білімнің тілі, оқу мен өнердің тілі, баспасөзбен саясаттағы түрлі іс-қағаздарының тілі. Мұның барлығы қазақ тілінің жұмсалу аясының кеңдігін, қоғамдық қызметінің шарықтап өскендігін көрсетеді.
Қазақ тілі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Бүгінгі шарамыз бабаларымыздың сөйлеген, ана сүтімен бойымызға дарыған, көркем әрі бай қазақ тіліне арналмақ.
Бұл жанды тіл-менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Бірлік, достық, татулық жүрегі боп
Жасай бер, Ана тілім-Қазақ тілім.
Ана тілі-арайлы шапағатым,
Ана тілім-сәнім мен салтанатым.
Ана тілім-таудағы таза бұлақ,
Ана тілім-мәңгілік махаббатым.
Ана тілім-қазағым, қазақ тілім.
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Қатысушылар көрсетсін білімін,
Біліміне ду қол соғып, қостайық, деп викториналық сайысымызды бастайық.
Сұрақтар
1Қазақ тілінде неше септік бар
7 септік бар
2.Мәтін дегеніміз не
«Байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіреді. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті бір тұтас ойды аяқтайды. Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады.
3.Лексика дегеніміз не
Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
4.Сөздің көп мағыналылығы дегеніміз не
Сөздің екі не одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз.
5.Омоним сөздер дегеніміз не
Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.
6.Синоним сөздер дегеніміз не
Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер синоним сөздер деп аталады.
7.Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер қалай аталады
Антоним сөздер деп аталады.
8.Халықтың наным-сенімі мен салт-дәстүріне байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздер қалай аталады
Табу сөздер деп аталады.
9.Ауызекі сөйлеуде адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер қалай аталады
Дисфемизмдер деп аталады.
10.Екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалғанмен, бір ғана мағынаны білдіретін тіркестер қалай аталады
Тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп аталады.
11.Тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы қалай аталады
Мақал
12.Ой пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы не деп аталады
Мәтел
13.Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы қалай аталады
Сөздік құрам деп аталады
14.Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер қалай аталады
Көнерген сөздер деп аталады
15.Қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар қалай аталады
Тарихи сөздер деп аталады
16.Халықтың тұрмыс тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер қалай аталады
Архаизмдер деп аталады
17.Сөздік қорға жаңадан енген сөздер қалай аталады
Жаңа сөздер деп аталады
18.Басқа тілден енген сөздер қалай аталады
Кірме сөздер деп аталады
19.Белгілі бір жердегі аймақ, облыс, аудан тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер
Диалект сөздер деп аталады.
20.Жұрттың бәріне бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер қалай аталады
Кәсіби сөздер деп аталады.
21.Ғылым, техника, өндіріс және т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Термин сөздер деп аталады.
22.Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала
Фонетика
23.Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды қалай атайды
Дауысты дыбыстар дейміз
24.Жақтың ашылуына қалпына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді
2-ге бөлінеді, ашық қысаң
25.Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек не деп аталады
Буын деп аталады
26.”Орфография» дегеніміз не
«Дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография- сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.
27.Екпін нешеге бөлінеді, атап көрсет
4-ке бөлінеді, сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні, болып бөлінеді.
28.Жаңа сөздердің жасалуы қалай аталады
Сөзжасам деп аталады.
29.Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы
Сын есім деп аталады.
30. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді
6-түрге бөлінеді. Есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім, топтау сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім.
Қатысып белсенділік танытқан оқушыларды атап көрсетеміз.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Талай жас өз ойын жинақтады,
Тілім-өлшеусіз қазына, сайысыда,
Көзді ашып-жұмғанша аяқталды.
Құрметті әдебиетті, тілді сүйетін қауым, аяулы ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «Тілім-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты викториналық сұрақтарға арналған сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген