Көркем сөз оқу шеберлері
«Тілім – тірегім, соғып тұрған
жүрегім»
Мақсаты:
Оқушыларды туған халқының
тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық
безендіру, нақыл сөздер жазылған плакаттар,
слайд
«Ана тілі жоқ жерде ұлт
жоқ».
Шыңғыс Айтматов.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған
тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды ұмыту».
Бауыржан Момышұлы.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен
де, болашағынан да қол үзеді».
Ғабит
Мүсірепов.
«Әркімнің туған тілі – туған шеше, оған бала
міндетті сан мың есе».
С.Мұқанов.
«Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Л.
Толстой.
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,
ата-аналар, ұстаздар! «Тілім – тірегім,
соғып тұрған жүрегім» атты көркем сөз оқу
шеберлері сайысын бастаймыз. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай,
беделді де, бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз
таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.
Ана
тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса
құриды.
Ана
тілін сөйлетейік биіктен,
Бабам сөзін қайта әкем
тірілткен.
Кейінгі жас естіп өскен үлгі
алсын,
Ана
тілім бастау алған бірліктен.
Ортаға 5- сынып оқушылары
шығады.
2-жүргізуші: : Ана тілі – адам болып
жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өһніп, түрлене
беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
ана
тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін,
жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын
қазына
Үйде, түзде басқа тілде
сөйлесек,
Қайтеміз біз тілімізді
шөлдесек.
Өзімізді-өзіміз қорлағандай
боламыз,
Қошеметпен басқаны біз жөн
десек!
Ортаға 6- сынып оқушылары
шығады.
1-жүргізуші:
«Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным
құралы». Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың
жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.
Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата
дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана
тіліміз!
Жататын биіктерде өлшемі
тым,
Біртұтас тауларымның –
Бөлшегісің.
Тағы да тіл жайында
толғанайын,
Жазуға құдіретім, келсе
күшім!
Ортаға 7- сынып оқушылары
шығады.
2-жүргізуші:
Бұлт сейілді, төніп тұрған
тіліме,
Шуақ шашсын, күн күлімдеп
көгімде.
Қанат жайып қалықтағым
келеді,
Баба тілін қастерлеген
жерімде
Ортаға 8- сынып оқушылары
шығады
1-жүргізуші:
Тіл тұғырын ұмытуың керек
пе?
Халық сөзі рух береді
жүрекке
Ана тілді бағаламай
өтсеңіз,
Өзге тілің ұлтымызға тірек
пе?
Ортаға 9- сынып оқушылары
шығады
2-жүргізуші:
Сан ғасырдың тарихы бар
тілімде,
Белестерден өте берсін
сүрінбей.
Қазақ тілін арнасына
толтырып,
1-жүргізуші: Ғабит Мүсірепов ағамыз:
«Қасиетті қазақ тілінің болашағы жоқ дегендердің көмейіне құм
құйылсын!» - деген. Олай болса балалар өз ана тілімізді
құрметтейік.
2-жүргізуші: Тілге қандай құрмет көрсетсек
те лайық. Бүгінгі тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты
болсын! Лайым ойларыңыз да, тілдеріңіз де таза болсын! Тіліміз
жасай берсін!
Шығарайық келер ғасыр
төріне
Ортаға 10-11 сынып оқушылары
шығады
Қорытынды:
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен
қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
да
Жебеп жүрер, демеп жүрер
арқада
Болу керек құдіретті төрт
ана:
Туған жері – түп қазығы,
айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын
байлығы.
Туған-дәстүр, салт-санасы –
тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар
үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға
қаншама,
Ауыр әрі қасіретті болса
да.
Төрт анаға әнін жолдай
алмаған,
Пенделердің басы қайда
қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған
халықтың,
Ешқашанда бақ жұлдызы
жанбаған,
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның
тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес
– күрестердің ұлысы
Ана
тілді құрметтеген бар адам,
Ең
қымбатты асылына балаған.
Бойымызды билеп алған құдірет
Анамыздың ақ сүтімен тараған.
Елдің бәрі құрметтеген дана да
«Тіл – тірліктің шырағы!» деп
санаған.
Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады,
әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып
саналады.
Ана
тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай
көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын
мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі –
мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын
тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек
қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара
ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
Соның ішінде, ең алдымен ел егемендігінің
көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді –
қазақ тілін меңгеру – баршамыздың міндетіміз.
Ана
тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы,
өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын
бәйтерегі.
Ана
тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін,
жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын
қазына
Үйде, түзде басқа тілде
сөйлесек,
Қайтеміз біз тілімізді
шөлдесек.
Өзімізді-өзіміз қорлағандай
боламыз,
Қошеметпен басқаны біз жөн
десек
«Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным
құралы». Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл - халықтың
жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.
Адамдық мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата
дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – ана
тіліміз!
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де,
бейнелі тілдердің бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз
таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.
Қазақстан елінің тілін өркендететін, дамытатын
елдің түлектері сендер боласыңдар. Әрдайым туған тілімізді
құрметтеп, ардақтап, биік шыңға көтере берейік! Мемлекеттік тілді
дамытуға ат салысайық, жас достар!
Бұл
жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат
тілім.
Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, ана тілім – Қазақ
тілім!