400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіліміз - еліміздің жаны , тірегі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық тіліміз , келешнктің кепілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіліміз ұлтымыздың -жаны , тірегі



Біз қазақ деген ұлы халықпыз, тіліміз де, дініміз де тек қана өзімізге тән. Еліміздің іргесін шайқалтпай, босағасын берік ұстап тұрған осы біздің тіліміз бен ұлттық салт-дәстүріміз. Менің ойымша, әрбір патриот жан елі, жері, тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып, құрметтесе, біздің елдігіміз баянды болмақ. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Қазіргі таңның басты мәселелерінің бірі де, бірегейі, көңіл толғандыратыны болып отыр. Бұл осы ХXI ғасыр жастарының дерті ме, әлде әдеті ме түсінбедім. Өзі қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлеуге намыстанады, оған қоса тілімізді шұбарлайды. Ал бұл қазақтыққа жат нәрсе. Сонау қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларымыз осы тілімізді сақтап қалу үшін өз жандарын құрбан еткен. Сонда біз соны бағалай алмағандығымыз ба? «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген мақал бекер айтылмаған. Қазір бәріміз бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ қолда бар асылымыз тілімізді бағалай алмай жатырмыз. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, айрандай ұйыған береке бірлігімізді сақтап, тәуелсіз Отанымыздың болашағын жарқын ету үшін, тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Дөңгеленген дүниеде қаншама ел бар өз ана тілінде еркін сөйлеуді аңсап жүрген, мұның қасында біздікі бекершілік.

Қазақ тілінің көркемдігі соншалық – тіпті анау мұхиттың арғы жағында мекендейтін шетел азаматтары қазақ тілін білуге ынтық. Өзге елден келіп қазақ тілін үйреніп жатса көңілің бір марқайып қалады екен. Тіліміздің осындай дәрежеге жеткені мен үшін бір бақыт. Дегенмен де, көңілімізде сайрап тұрған бір ой ешқашан маза бермейді. Ол – қазақ тілінің болашағы. Көкірегі сезімді, тілі орамды, патриот жастарымыз бен ел жанашырлары бір болып, осы мәселені шешуіміз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей біз болып, сіз болып, ел болып тіліміз үшін аянбай еңбек етсек, тіліміздің тұғырын берік етеміз.

Мен өз елімнің патриотымын. Сол себептен елімнің гүлденіп, дамуына, тілімнің мәртебесінің сақталуына өз үлесімді қосқым келеді. Елімізде «мен, мен» деген патроит жастарымыз барда, қазақ тілі – мәңгілік ғажап тіл болып қала бермек. Мен оны нық сеніммен айта аламын.Қазақ тілі - ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Осындай тамаша тілдің бүгіні мен ертеңі Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлының бір сәт назарынан тыс қалған емес. Тәуелсіздік алған азат күндердің алғашқы тынысынан бастап-ақ қазақ тілінің мәртебесі мен мерейін көтеру, оның пайдаланылу және қолданылу аясын кеңейту тұрғысында Елбасымыз үнемі қамқорлық пен басшылық жасап келеді. Осы жылдар ішінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым жаңа белеске көтерілуіне Елбасының жетекшілік қызметі, адал ниеті көшбасшы болды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2023
321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі