400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тілің сенің өміріңнің айғағы» мәнерлеп оқу сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тілің сенің өміріңнің айғағы»

(мәнерлеп оқу сайысы)


Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. 


Жүргізуші:

Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас, 
Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.
 
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер
 
Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.
 
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
 
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
 
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
 
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі
«Тілің сенің өміріңнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер. 
Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
 
Қазақ осы «Өнер алды-тіл дейтін»,
 
Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба,
 
Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін,-
 
деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 5-6-7
а-7б- сынып оқушылары аралығында Тіл мерекесіне байланысты осы сайыс ұйымдастырылып отыр. 


Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.


Жүргізуші:

Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22-қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.
 
Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.
 
Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.
 


Туған тілім қазынам, алтын кенім, 
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
 
Қош келдің туған өлке, бесігіңе,
 
Қасиетті бабамның тілі менің.
 
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
 
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
 
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
 
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
 


Жүргізуші:

Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек,
1. Өлеңнің тақырыбы айқын болуы шарт.
2. Өлең жатқа әрі мәнерлеп оқылуға тиісті (сахнаға кітап немесе қағаз - парақшалармен шығуға рұқсат етілмейді).
3. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

Олай болса, сайыстың аты сайыс демекші, өлеңдерді мәнерлеп оқитын оқушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып қойғанымыз жөн болар.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ізтілеуов Т.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Әбдешова Б.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Жүрген А.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: А. Сұлтанбекова


Жүргізуші:

Туған тілім - бабам тілі - өз тілім 
Туған тілім –анам тілі - өз тілім.
 
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
 
Туған тілім - адам тілі - өз тілім – дей келе сайысқа қатысушы оқушылар өздері дайындап келген өлеңдерін орындайды.


Келесі кезекті жеңімпаздарымызды анықтап беру үшін, Әділ-қазылар алқасына береміз. 

Жүргізуші:

Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер! 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.04.2019
1418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі