"Тілмен өрілген тағдырлар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тілмен өрілген тағдырлар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебімізде өткен " Үш тұғырлы тіл- ұлт болашағы" атты апталығымызда өткізілген дөңгелек үстел.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Дарын-2025» зияткерлік мектебінде өткен дөңгелек үстел.

Тақырыбы: « Тілмен өрілген тағдырлар»

Мақсаты: Тілімізді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау,өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып үйренуге қызығушылығын арттыру,ана тілін өз анасынын кем сүймейтін азамат пен азаматшаларды тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін ояту.

Міндеті: Жаңа қоғамның білім алушыларына патриотизммен адамгершіліктің ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру, оқушылардың ой -сана,іскерліктерін дамытуға үлес қосу.

Әдісі: Ой бөлісу, пікір алмасу,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Плакаттар мен видео роликтер,слайд т.б

Дөңгелек үстел құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Дөңгелек үстелдің мақсат-міндеттерін ,ережелерін хабарлау.

Кіріспе сөз:

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі-Ширшикбаева Алтынай Дауысбекқызы.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы»күшіне енгелі болашағымызды баянды етер басты жәдігеріміз –тіліміз болып табылады.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі-тіл ,бірі-дінің жүректегі»-деп, Жүсіп Баласағұн атамыз айтқандай,кез-келген мемлекеттің ,елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ!

Тіл мерекесі қарсаңында мектебімізде өткен «Үш тұғырлы тіл-Ұлт болашағы» атты апталығымыз «Тілмен өрілген тағдырлар» атты дөңгелек үстелмен жалғасын тапты.

Ей,тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы-деп, Қасым Аманжолов атамыз жырлағандай , дөңгелек үстелімізге арнайы келген тіл жанашырларымыз бен қонақтарымыз болды.

  1. Байниязов Аябек Жандарбекұлы – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Филология факультеті «Ағылшын тілі» кафедрасының ұстазы.

«Орысшы-түрікше есімдер және етістіктер сөздігі» атты ұжымдық еңбектің авторы. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын Түркия еліне танытқан ғалым. Түркиялық ғалымдармен бірлесіп, 32000 сөз бен сөз тіркесінен тұратын « Қазақша-түрікше сөздік» атты ұжымдық еңбектің шығуына үлкен үлес қосқан тіл жанашыры,профессор.

  1. Ақын,жазушы ,меценат,профессор,отбасын қорғау мекемесінде

« Әжелер кеңесінің» төрайымы,қажы анамыз-Клара Лаханқызы.

Қазақ халқының ұлттық құндылығын дәріптеу мақсатында жазылған

«Кестелі кимешек» кітабының авторы.

  1. Қазақстан журналисттер Одағының мүшесі «Мұзбалақ KZ» ақпараттық порталының бас редакторы –Базаркүл Қалбыр.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

1) Тіл мамандары өздерін таныстырып өмір жолынан үзінді (регламент – 5мин)

2) «Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?(7мин)

3) Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?(7мин)

Осы сұрақтар бойынша, тіл жанашырларының ой- пікірімен жауаптарына назар аудардық.

Алғашқы сөз кезегін ,Аябек Жандарбекұлы өзінің әсерлі сөзімен бастады. Бүгінгі жас ұрпақ –мемлекетіміздің болашағы,ертеңгі күннің азаматы.Ал,оның бақытқа жетер даңғыл жолы ,туған Отанын ,туған тілін сүюден басталады-деді. Өзінің өмір жолынан көптеген қызықты,әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Ағамыз аяқ асты балаларға сұрақ қойып, керемет жауап алып оқушымыздың жауабына тәнті болды. Мектебіміздің 9 А-сынып оқушысы Сейтжан Нұрзейнеп

Расул Ғамзатұлы ағамыздың « Ана тілі» атты өлеңінің құрылысы мен идеясын,өлеңнің толық мазмұнын өте әдемі етіп баяндап берді. Келген қонақтарымыз тәнті болды. Ағамыздың өзі жазған кітаптарына қызығушылық білдірген Гаухарбеков Нұрбек оқушымызға «Сөздіктер» атты кітабын сыйға берді.

Екінші болып,сөз алған ақын апамыз Клара Лаханқызы да «Тіл туралы құнды мәліметтер айтып, тіл туралы тағылымды деректермен ой бөлісті. Ақын,жазушы мектебімізге өзінің қолтаңбасы бар авторлық кітабын сыйға тартты.

Журналисттер Одағының мүшесі Базаркүл Қалбыр апайымыз , келген қонақтарға және оқушыларымызға «Тіл мәртебесі ең үлкен мәртебе»екенін айтып,тіл қашанда ұлттың ұйытқысы оның тұғыры қашанда биікте деп сөзін қорытындылады.

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлылығы ешуақытта адамы жоғалмайды.

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы –тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады-деген Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды ойы,ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметі жоғары болғанының дәлелі.

Қазақстанда өмір сүретін әр азамат елін ойласа, ұлтының рухын ойласа, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуы қажет. Қазақта «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген керемет нақыл сөзде айтылғандай, тілдің құдіретін бүгінгі жас ұрпақ ерте сезінуі керек.Алға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана Мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса ата-бабаларымыз салған сара жолдан таймайық, елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі