400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

тимбилдинг "Мамандық - өмір таңдауы" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдай білуге, таңдаған мамандығының өз білімділігі мен қабілетіне сәйкес келуіне бағыт бағдар беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Кайсенова Наргуль Кадесовна



Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тарғын ауылы

«І.Айттыков атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ мектеп психологы


9-сынып. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру


Тақырыбы: «МАМАНДЫҚ – ӨМІР ТАҢДАУЫ»


Мақсаты:

1. Негізгі мектеп бітірушілерге кәсіби бағдар беру, оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу;

2. Оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алдағы уақытта мамандықты дұрыс таңдай білуге, таңдаған мамандығының өз білімділігі мен қабілетіне сәйкес келуіне бағыт бағдар беру;

3. Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын, болашаққа деген құлшыныстарын арттыру;


Күтілетін нәтиже:

- Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйренеді;
- Оқушы өзінің қабілетіне, бейіміне, қызығушылығына сай мамандық тани білуге үйренеді;
- Таңдап отырған мамандықтарының қыр-сырына көз жеткізеді;

Көрнекілік: интерактивті тақта, бейнематериал, жағымды әуен, қанатты сөздер, мамандық туралы суреттер, слайдтар.


Жоспары:

1. Сәлемдесу. Топтарға бөлу

2. Мамандық, мамандық таңдау факторлары туралы мағлұматтар беру

3. «Маңызды 10 мамандық» бейнематериал көру

4. Е.А.Климов «Дифференциалдық диагностикалық сұрақнама» әдістемесі

5. Шығармашылық жұмыс

6. Сергіту сәті «Әуе шарлары»

7. Ой толғау «Тұжырымдарды дәлелде»

8. Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау

9. Жаднама - Кеңестер

10. Кері байланыс «SMS»


Барысы:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!» Н.Ә Назарбаев

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мамандық – өмір таңдауы» атты тимбилдингімізге қош келдіңіздер!

І. Жылулық шеңбері

Сәлемдесу: 1 шапалақ – қол алысу

2 шапалақ – иық тиістіру

3 шапалақ – бас изеу

4 шапалақ – арқа тиістіру.

Топқа бөлу

«Қуыр-қуыр, қуырмаш, балапанға бидай шаш! Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек» /5-топқа бөлінеді/

ІІ. Мамандық, мамандық таңдау факторлары туралы мағлұматтар беру

  1. Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Тетігін тап та, бар қалан, - деген Абай сөзі бүгінгі отырған сіздер мен біздерге терең ой салса керек.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуіміз ертең ақын, екіншіміз инжинер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

  1. Мамандық дегеніміз не?

Мамандық - Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.


1
. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.


  1. МShape2 Shape4 Shape5 Shape3 Shape1 амандық сөзіне ассосация


Кәсіп Сүйікті іс Шығармашылық Қызығушылық Еңбек көзі

1. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты мамандықтың біреуін таңдау міндеті тұрады. Әрине, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, алдына жоспар құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білімді болып, сол біліміне сай мамандыққа машықтануы керек.

2. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені басшылыққа аламыз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының кейбіреуі нақты жауап бере алмай қалады. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз. Мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторға тоқталамыз және дұрыс шешім қабылдауды үйренеміз.

1. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25  миллион адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.  Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Олай болса, мамандық таңдау кезінде ескерілетін факторларға тоқталайық

2.


1. Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдерінің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл кеңестер алуға болады.
2. Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. 
1. Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады. Психолог мамандардың айтуынша, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келетін мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. 
2. Мамандық таңдау – белгілі бір деңгейде моральдық мәселе. Сондықтан әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек. Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар. Өз ісін толық меңгерген кәсіби маман болу үшін икем қабілет және мінез қажет.
1. Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар. Міне, адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы, тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады. 
2. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі

1. Мені қызықтыратын мыңдаған мамандық бар – олар қандай? Еңбектің түрі адамнан түрлі қасиеттерді талап етеді. Қазіргі кезде мектептерде жоғары оқу орнына түсу үшін үгіт-насихат жүріп отыр. Осы арқылы оқушы өзі қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндігі бар және қалаған мамандығы туралы мәлімет жинап алуға болады. Олай болса, бүгінгі күні қоғамға қандай мамандықтар қажет, қандай мамандықтар сұранысқа ие екенін білу үшін келесі бейнематериалға назар аударайық.


ІІІ. «Маңызды 10 мамандық» бейнефильм көру


І\/. Е.А.Климовтың «Дифференциалдық диагностикалық сұрақнама» бойынша

Мамандықтар негізгі мынадай салаларға бөліп жіктеледі

«Адам – табиғат». өсімдіктану, жануартану, орман шаруашылығы, айналаны қоршаған орта салаларына байланысты мамандықтар. Кәсіптер: тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химиялық бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер, т.б.
Бұл ауыл шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібімен, медицинамен, ғылыми (биология, география) зерттеулермен байланысты мамандықтар.
«Адам – техника». техника саласына байланысты мамандықтар Кәсіптер: үңгуші, ағаш шебері, инженер механик, сәулетші, электромонтаждаушы, құрылысшы, техник-металлург, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуникациялар жөніндегі маман және т.б.
Әрине, бұл жерде жұмысшылардың еңбектері техникаға ғана емес, сонымен қатар кәсіби зейіннің жетекші пәніне (техникалық нысандар мен олардың қасиеттеріне) бағытталған.
«Адам –адам». қызмет көрсету саласына байланысты мамандықтар. Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы адамдар болып табылады. 
Кәсіптер: дәрігер, мұғалім, психолог, шаштаразшы, менеджер, экскурсия жетекшісі, ұжымның жетекшісі және т.б.
«Адам – белгілер жүйелер». есеп-қисап салаларына байланысты мамандықтар Кәсіптер: аудармашы, сызушы, инженер, типограф, машинист-хатшы, бағдарламашы және т.б.
Осы типтегі мандықтарға келесі жұмыс түрлері жатады: құжаттармен байланысты тіркеу жұмысын жасау, іс жүргізу, мәтіндерге талдау жасау немесе оларды өзгерту, қайта кодтау; еңбек құралы сандар, топтық арақатынастар болып табылатын мамандықтар.
«Адам – шығармашылық бейне». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері. Кәсіптер: әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қасаушы, әдеби қызметкер. 


9-сынып оқушыларының Е.А.Климовтың «Дифференциалдық диагностикалық сұрақнама» бойынша көрсеткіштері




\/. Шығармашылық жұмыстар

  1. «Кластер» әдісі

Адам өз мамандығын таңдаған кезде нені басшылыққа алу керек?

  1. «Фишбоун» әдісі

Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

  1. «SWOT» талдау

Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

  1. «Өрмекші» әдісі

Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және нені үйренуі керек?

  1. Постер құру

Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

\/І. Сергіту сәті: «Әуе шарлары»

Өз есімі мен болашақ таңдаған мамандығын  шарға жазу.

\/ІІ. Ой толғау «Тұжырымдарды дәлелде»

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

    • Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады

  • Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

  • Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

  • Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

  • Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

  • Ақша болса, мамандық қажет емес

  • Мамандық таңдауда психологтың  көмегі қажет

  • Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

  • Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды

  • Мамандық таңдау – күн көріс қамы


\/ІІІ. Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау

Мысалы, туған күніңіз 10.09.1968

Күні: 1+0=1 Айы: 0+9=9 Туылған жылы: 1968=1+9+6+8=24

Жалпы сан: 1+0+0+9+1+9+6+8=34=3+4=7

Енді шыққан санымыздың тұсындағы мамандық түрін оқимыз.

  1. Атқаратын қызметі: жетекшілік ету, шығармашылық жұмыспен айналысу, әртүрлі шараны ұйымдастыру. Нәтижені көзбен көруге болатын, үнемі қозғалысты, жаңа идеяларды, шешім қабылдауды, жаңаша көзқараспен қарауды талап ететін жұмыстар сай келеді. Таңдайтын мамандықтары: менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші, банк иесі.

Мақсаты: өзін танытатын саланы іздеу.

2. Атқаратын қызметі: өзгелерге қамқорлық танытуға мүмкіндік беретін мамандықтар. Қоғаммен тікелей қарым-қатынаста болуды талап ететін салаларда жұмыс істеуіне болады. Таңдайтын мамандықтары: дәрігер, қоғамдық қызметкер, өнер қайраткері, саяхатшы, философ, халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкері, үй шаруасы, ферма иесі, актер.

Мақсаты: Сезім мен қиялды шарықтата түсу. Атаққұмарлық, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөлену.

3. Атқаратын қызметі: медицина саласының қызметкері, техникалық мамандықтар, өз бетінше жұмыс істеп үйрену. Ой еңбегі мен өнертапқыштықты талап ететін кез келген сала сай келеді. Таңдайтын мамандықтары: менеджер, әскери қызметкер, кеденші, оташы, спортшы, қара жұмысшы, бизнесмен, журналист, жүйелік әкімгер. Мақсаты: Бар күшін көмек пен қамқорлыққа зәру адамдар мен іске бағыттау. 

4. Атқаратын қызметі: ерекше мұқияттылықты талап ететін кез келген іс. Мұнымен қатар, күзетумен, бақылаумен байланысты қызметтер де сай келеді. Таңдайтын мамандықтары: талдаушы, мұғалім, журналист, әкімгер, саудагер, өндіруші, емші, БАҚ өкілі, дәрігер, құрылысшы.

Мақсаты: ақпаратты жинақтап, көпшілікке ұсыну. Жаңа жол іздеп, танымды кеңейту.

5. Атқаратын қызметі: іссапармен, ақпарат алмасумен байланысты, ұйымдастырушылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыстар. Мамандық: заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, жолнұсқаушы, аудармашы, ғалым, менеджер, кәсіпорын иесі.

Мақсат: кемелденуге ұмтылу, әділдік орнату.

6. Атқаратын қызметі: қоғаммен байланысты талап ететін кез келген жұмыс. Медицинамен, қоғамдық ұйымдармен, білім мекемелерімен байланысты жұмыстарды ұнатады. Таңдайтын мамандықтары: косметолог, дизайнер, қорғаушы, дәрігер, суретші, банк қызметкері, музыкант, жазушы, әртіс, зергер. Мақсаты: әлемдегі сұлулық пен үйлесімділікті сақтап қалуға үлес қосу.

7. Атқаратын қызметі: қоғаммен байланысты мекемелерде жетекшілік ету. Ерекше күш-қайрат пен шыдамдылықты талап ететін жұмыстар. Таңдайтын мамандықтары: кеңесші, сәнгер, риэлтор, құрылысшы, заңгер, психолог, саудагер, банк қызметкері, ферма иесі, көмірші, әкімгер, тәртіп сақшысы, дәрігер, тарихшы, шенеунік және сәнгер.

Мақсаты: шындықты танып, кемел болуға ұмтылу. Тұлға болып қалыптасып, танымын кеңейту.

8. Атқаратын қызметі: идея ұсынуды, шығармашылық қабілетті талап ететін жұмыстар. Бизнес пен қаржы салаларында көрсетуге лайық таланттары бар. Таңдайтын мамандықтары: маркетинг танушы, қаржыгер, өнертапқыш, атом энергетикасы саласының маманы, автомобильші, механика маманы, мұғалім, биші, медбике, жарнамашы.

Мақсаты: адамдардың құқығын қорғап, демократия орнату.

9. Атқаратын қызметі: ұшқыр қиял мен түйсіктің сезгіштігін талап ететін кез келген саланың жұмыстары. Білімнің көмегімен қоғамның өміріне өзгеріс енгізетін жұмыстарды істеуге құмар. Таңдайтын мамандықтары: дәрі-дәрмек маманы, химияшы, ғалым, музыкант, ақын, актер, емші, мұнай саласының қызметкері, теңізші, жекеменшік детектив, қоғам қызметкері, психолог және заңгер.

Мақсаты: жан дүниесін тазалыққа баулу.

10. Атқаратын қызметі: жетекшілік ету, шығармашылық жұмыспен айналысу, әртүрлі шараны ұйымдастыру. Нәтижені көзбен көруге болатын, үнемі қозғалысты, жаңа идеяларды, шешім қабылдауды, жаңаша көзқараспен қарауды талап ететін жұмыстар сай келеді. Таңдайтын мамандықтары: менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші, банк иесі.

Мақсаты: өзін танытатын саланы іздеу.


ІХ. Кері байланыс

«SMS» оқушылар сабақтың қалай өткені туралы бір-біріне, жүргізушілерге қысқа хабарлама, смс жазу ұсынылады.

Х. Қорытындылау.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.

Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев ағамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі кешімізге келген сіздерге рахметімді айта отырып, бұл кездесу  болашақта  өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне  сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріне өз таңдауларын жасауға үлкен септігі тиеді деп ойлаймын.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі өткен кездесуімізді қорытындылай келе, қатысып отырған ақ арман қуған түлектеріміз заман ағымына ілесе алатын майталман азаматтар және өз ісіне берік мамандар болатынына сеніміміз мол.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
1897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі