Материалдар / Тимбилдинг-ұйымшыл және тату ұйым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тимбилдинг-ұйымшыл және тату ұйым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг әзірлемесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
423
2 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Тимбилдинг – ұйымшыл және тату ұйым»

Мақсаты: біртұтас команда моделін қалыптастыру , ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру

Міндеттері:

·         ойын барысында жағымды атмосфера құру, ортақ іс-әрекет негізінде бірін-бірі қолдау, өзара сенім қалыптастыру

·         біртұтас команда моделін қалыптастыру: топты ортақ мақсат пен міндеттерге қол жеткізуге бағыттау,топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету

·         

Күтілетін нәтиже: бірін-бірі қолдауға дайын, біртұтас команда құрылады;

командалық ортақ пікір, тиімді қарым-қатынас, өзара сенім қалыптасады

Барысы:

Team building — латын тілінен «команданы құрастыру» термині, «Тим» ағылшын тілінен аударғанда – «команда», «билдинг» - «құру» деген мағына береді. Яғни, «команда құру» деген мағына береді, көп жағдайда команданы жинақтау және жұмысын жақсарту үшін бизнес, оқу орындарында, қоғамдық ұйымдарында қолданады. 

Тимбилдинг түрлері:

- спорттық;

- тарихи (рөлдік ойындарда тарихи оқиғаларды көрсету);

- шығармашылық (креативті тапсырмаларды орындайды);

- психологиялық.

  Жұмыс түрі: іскерлік ойын

Пайдаланылған әдістер: ойын элементтері, психотехникалық жаттығулар

Қолданылатын құралдар: түрлі-түсті ленталар, қағаздар, қарындаштар

Аудитория: 11 сынып

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. «Түрлі-түсті көңіл-күй». /5минут/

Мақсаты: жағымды эмоционалдық көңіл-күй қалыптастыру, өзгені қабылдау, қолдау

Шарты: ойынға қатысушылар үстел үстіндегі түрлі-түсті ленталардан өзіне ұнағанын таңдап алады. Келесі, сол лента түсіне сәйкес әр қатысушы шеңбер бойымен сәлемдесіп, көңіл-күйін, өзін сипаттайды да, келесі адамның лентасына байлайды. Лентадан шеңбер түзіледі. Команда қалыптасты

ІІ. Жаттығу: «Шеңбердегі фигуралар» /5 минут/

Мақсаты: топтың әрбір мүшесінің ерекшелігі мен пікірін ескере отырып бірыңғай ұжымдық ережелерді қабылдау, әр түрлі жағдайларда тиімді шешімдер қабылдай алатын дағдыларды дамыту, командадағы рөлдер мен міндеттерді өзара тиімді бөлісе алуға үйрету

Шарты: лентаны ұстап тұрып, шеңбер бойында көздерін жұмып,

психолог берген нұсқауды орындайды. Шеңбер бойымен: үшбұрыш,төрбұрыш, шаршы, доғал, сегізбұрыш жасайды. Жаттығудың шарты қашан дұрыс жасалғанша жалғасады.

Жаттығуды талқылау: Жаттығу сәтті орындалды ма? Жаттығу барысында команда болу үшін қандай әрекет қажет болды?Команда бола алдық па? Сәтті команда болу үшін қандай қасиет қажет деп ойлайсыздар? Қолдауды сезіне алдыңыздар ма?


ІІІ. «Жұмсақ шеңбер» жаттығуы. Қолымыздағы байланған лентаны жоғары көтеріп , үш дегенде жібереміз , қағып аламыз,лентаны жоғарыға жіберіп қолды бір рет шапалақтап қағып аламыз. Екі рет , үш рет шапалақтап қағып аламыз. Енді лентаны жоғарырақ лақтырып айналып қағып аламыз. Лента жерге түспеуі керек.


ІҮ. «Құбыр» жаттығуы. .Қажетті құралдар. А4 қағазы(қатысушылар санына орай)

Ережесі; Қатысушыларға қағаз беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәрізді иілген қағазды бір –біріне қосып, беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай, допты құбыр бойымен жүргізу керек. Доп түсіп кетсе ойын қайта жалғасады.

Талдау: Жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөліседі.


Ү. «Сеніп құлау» жаттығуы

Мақсаты: сенімділікті және топтық тұтастығын арттыру.Шеңбер болып тұрады. Ортаға бір адам шығады да, көзін жұмып тұрып, еркін құлайды. Қалған адамдар оны құлатпай ұстап қалуы керек.

Талдау: Не сезіндің? Командадағы адамдарға сендіңіз бе?


ҮІ. . «Командалық жіп» Керекті заттар: жіп, қалам, бөтелке

Шеңбер болып тұрады . Жіпті екі ұшынан екі адам қарама -қарсы ұстайды. Ортада жіп бір –бірімен айқасып тұруы керек. Айқасқан жіптің ортасына қаламды қоямыз. Команданың міндеті қаламды түсіріп алмай. Жүріп отырып, бөтелкеге қаламды түсіру керек.

Талдау: Бұд тапсырманы орындау үшін не қажет болды?


ҮІІ. ««Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр  және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған адам ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.  


ҮІІІ. «Рахмет»  жаттығуы

Ортаға екі екіден жұп болып шығады. Нұсқау: Жұппен «Рахмет» деген сөзді екі адам біріге отырып әріппен көрсету


Қорытынды: Бүгінгі тимбилдингтен алған әсерлеріңіз? Пікір қалдыру

  



«Жаңатоған ауылының жалпы білім беретін № 14 мектебі» КММ

















Тимбилдинг – ұйымшыл және тату ұйым»

/ата –аналармен жұмыс/



















Педагог-психолог: Ж Төлеубай



















2022-2023 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!