жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тимурға жолдан өтуге көмектес
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Білім саласы: Қатынас, көркем әдебиет
Тақырыбы: :"Бұл қай кезде болады?"
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезіне білу, қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ақыл - ойын, сөйлеуін тілін дамыту.
Оқыту: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту;
Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Ресурсты қамтамасыз ету: суреттер, түстер белгіленген орындықтар, жұмбақ
Сөздік жұмыс: жыл мезгілі
Билингвалдық
компонент: жаз-лето, күз-осень қыс-зима
көктем-весна
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Т: Балалар неше жыл мезгілі бар?
Б: Төрт жыл мезгілі бар.
Т: Қандай?
Б: Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Т: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ендеше өз түстерімізге барып отыра
қояйық!
(Қыс көк түс) Нұрбақыт, Асылай, Мөлдір.
(Көктем жасыл түс) А Нұргүл, Алина, Адинай.
(Жаз қызыл түс) Тоғжан, Нұралы, Нұргүл
(Күз сары түс) Дария, Әліби, Дильназ.
Т: Ендеше балалар кәне көзімізді жұмайық (музыка естіледі)
(осы кезде тәрбиеші сиқыршы киімін киіп
алады)
2.Негізгі
бөлім
Балалар қараңдаршы мені сиқыршы сиқырлап кетті. Мен енді
сиқыршымын, міне сиқырлы таяқшам бар! Мен сендерге сиқырымды
көрсетпес бұрын бір жұмбақ жасырамын! Сендер мұқият тыңдап шешуін
табыңдар!
Жұмбақ
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Қыс мезгілінде
Т: Жарайсыңдар, бұл қыс мезгілі екен!
Ендеше мен сиқырлы таяғыммен сиқыр жасаймын.
(сиқырмен «қыс» мезгілінің слайд көрсетіледі)
Т: (Слайд бойынша қыс мезгілінде болатын құбылыстар
түсіндіріледі)
Кәне кім қыс туралы ақпақ біледі?
Нұрбақыт: Аналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек
Т: Рахмет, Нұрбақыт!
Т: Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын шешуін табасыңдар
ма?
Жұмбақ
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Көктем мезгілінде.
Т: Жарайсыңдар ендеше мен сендерге тағы бір сиқыр көрсетейін.
(сиқырлы таяқшамен көктем слайды көрсетіледі)
Т: Көктем туралы кім тақпақ айтады?
А Нұргүл: Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Жыршы құстар көп келді,
Гүлдер жапты бөктерді.
Т: Өте жақсы Нұргүл рахмет!
Жұмбақ
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: Жаз мезгілінде.
(Слайд арқылы жаз мезгілінің құбылыстары көрсетіледі)
Тақпақ
Тоғжан Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Т: Өте жақсы рахмет Тоғжан!
Балалар мен сендерге қоятын соңғы жұмбағым бар сендер шешіп
көріңдер.
Жұмбақ
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Б: «Күз» мезгілінде.
Т: Дұрыс айтасыңдар, жарайсыңдар! Ендеше мен сендерге сиқыр
көрсетемін.
(Слайд арқылы күз мезгілі суреттері көрсетіледі,
түсіндіріледі.)
Тақпақ
Дария: Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Т: Рахмет Дария.
Балалар сендер жыл мезгілдерінде болатын құбылыстарды көрдіңдер,
білдіңдер, ендеше балалар көзімізді жұмып, міне тағы бір сиқыр
көрсетемін.
(Балалар көздерін жұмып отырады)
Т: Балалар қараңдаршы мен сиқырлы таяқшаммен шараларды ұшырып
әкелдім. Бұл шарлар жәй шар емес сиқырлы шарлар. Мен бұл шарларды
сиқырладым. Ішінде не жасырынған көргілерің келеді ме?
(Шар жарылады, ішінен ойын тапсырмалар шығады)
Ойын тапсырма: «Өз белгіңді тап!»
Ойын шарты түсіндіріліп ойнатылады.
(Екінші шар жарылып қимылды ойын шығады)
Қимылды ойын: «Құбылыстарды көрсет»
Жел тұрды гуілдеп,
Ағаш біткен уілдеп.
Аспанды бұлт торлады,
Найзағайлар ойнады.
Жаңбыр жауд1ы себелеп,
Кемпір қосақ көрінді.
Жарқыраған күн шықты.
(қимылмен көрсетіледі)
3.Қорытынды
Балалар міне біздің бүгінгі
ҰОІӘ - міз таңғажайып сиқырлы болды.
Сендер не көрдіңдер? Нені
білдіңдер?
Ендеше балалар осымен ұоіә аяқталды. Қонақтармен қоштасайық!
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Өтпелі тақырып: табиғат әлемі
Білім саласы: Қатынас.Әлеумет,Таным, тіл дамыту
Тақырыбы: Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ойыншық көлік түрлерінмұқият,ұқыптыұстауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын толықтыру,дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.
Оқыту: Балаларға көлік туралы түсінік беру,олардың түрлерін ажыратуға үйрету;сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Ресурсты қамтамасыз ету: түрлі көлік суреттері.
Сөздік жұмыс: жеңіл көлік,жүк таситын көлік,автобус,пойыз.
Билингвалдық
компонент:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балалардың назарын өлең жолдарына аудару.
Балалар қимылмен айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Үлкенмін ғой, міне, мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
М.Әлімбаев
-Мен не туралы өлең оқыдым?
2.Негізгі бөлім
-Балалар,айтыңдаршы,кімге қандай ойыншық ұнайды?
-Бейбарыс,сенде қандай ойыншық бар?
-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
Алдымен жүк көлігін көрсету.
-Мына көлік жүк көлігі дейді.Бұл көлікпен жүк тасиды.
-Ол не тасиды екен?
-Жүк көлігі гүрілдиді. «Гүр-гүр-гүр»деген дыбыс шығарады.Кәне, бәріміз қайталаймыз.
-Балалар,мынау қандай көлік?
Жұмбақ шешу:
Терезесі көп оның
Іші жанға толы оның
Тоқтамайды,жүреді
Барар жерін біледі.
Бұл көлікпен адамдар тасиды.
-Ал мынау қандай көлік?Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.
-Ал мынау қандай көлік? Бұл-пойыз.
Сергіту жаттығулары.
1,2,3,4,5-машина жүргізуді бейнелейміз.
1,2,3,4,5-велесипед тебуді бейнелейміз.
Балалар су және әуе көліктері де бар.
-Балалар ,мынау қандай көлік?
Кеме суда жүреді.Адамдар тасиды.
-Балалар, мынау қандай көлік?
Өлеңді тыңдайды.
-Машина.
-Машина бар.
-Жүк таситын,жеңіл көлік.
-Құм тасиды.
-Тас тасиды.
-Гүр-гүр-гүр.
-Автобус.
Автобус.
-Жеңіл көлік.
-Адамдар тасиды.
Балалар қимылмен көрсетеді.
-кеме.
-Ұшақ.
3.Қорытынды
-Балалар ,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Көліктің қандай түрлері бар?
Сұрақ-жауап арқылы бүлдіршіндердің оқу-іс әрекетін қорытындылау.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Өтпелі тақырып: табиғат әлемі
Білім саласы: «Таным» ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Биік-аласа. Сол жақта-оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру».
Мақсаты:
Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді.
Оқыту: таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыру үйрету;
Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Ресурсты қамтамасыз ету: екі үй: биік-аласа. Әр балаға үйшікке арналған үшбұрышты шатыр, көк және қызыл түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: биік, аласа, үшбұрыш.
Билингвалдық
компонент: биік-высоко ұшбұрыш
-треугольник
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
«Қара және салыстыр» ойыны.
Екі бала фланелеграфқа жақын келіп, одан 2 үйді өз еріктерімен таңдап алуларын сұрайды.
- Үйдегілер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме?
- Дұрыс! Бір үй биік, ал басқа үй аласа.
- Бір-біріңе арқаларыңмен тұрыңдар, қайсың биік, қайсың аласа екенін көреміз Бірі екіншісінен биік екен. Балаларға көрсетеді, үйлердің биік және аласа болатынын түсіндіреді
2.Негізгі бөлім
Жолды көрсет» ойыны.
Суреттен үшбұрышты затты табуды сұрайды.
- Суреттегі қай заттың пішіні үшбұрышты?
Шатыры үшбұрышты биік үйде Айбек, ал шатыры үшбұрышты аласа үйде Айсұлу есімді қыз бала тұратынын айтады
- Айбек қандай үйде тұрады?
- Айсұлу қандай үйде тұрады?
Айсұлудан аласа үйге дейін, ал Айбектен биік үйге дейін жол салуларын ұсынады.
Сөздік жұмыс: биік, аласа,үшбұрыш.
Блингвалъді компонент: биік-высокий, алас-низкий, үшбұрыш-треуголъник.
«Дұрыстап боя» ойыны.
Педагог тақпақ оқиды:
Сұрақтар:
- Бұл тақпақ қай ертегіден?
- Үйшікті кім қиратты?
- Аю неге оны қиратты?
- Қараңдаршы, ертегі кейіпкерлері не істеп жатыр?
- Дұрыс айтасыңдар, аңдар бәрі бірге тұратын және оған аю да сыятын жаңа үлкен үйшік тұрғызып жатыр. Олар тасып жүрген тақтайлар үй салуға керек. Бірақ олардың кейбіреуі оң жаққа қарай, кейбіреуі сол жаққа қарай кетіп барады Сұрақтар:
- Қай кейіпкер оң жаққа қарай кетіп бара жатыр?
- Қай кейіпкер сол жаққа қарай кетіп бара жатыр?
- Кейіпкерлер нені көтеріп бара жатыр?
- Оларға тақтайшалар не үшін керек?
- Тақташайлардың түсі қандай?
Педагог балаларға тақтайшаларды бояуға тапсырма береді: оң жаққа қарай кетіп бара жатқандарының тақтайшаларын қызыл түспен, ал сол жаққа қарай кетіп бара жатқандардікін көк түспен.
«Менің отбасым»
Саусақтарымызды жаттықтырамыз.
Жеке жұмыс жүргізеді
3.Қорытынды
Кейіпкерлердің үйшігінің шатырын жабуға көмектесулерін сұрайды. Суреттегі шатыры жоқ үйшікке назарларын аударады.
- Балалар, үйшікке не жетпей тұр?
- Үйшіктің шатыры қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
Жапсырманың көмегімен шатырын ұсынады.
- Айбек қандай үйде тұрады?- Айсұлу қандай үйде тұрады?
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Білім саласы: «Таным» жаратылыстану
Тақырыбы:Т имурға жолдан өтуге көмектесу
Мақсаты:
Тәрбиелік: Баланы мұқият болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Оқыту: Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін меңгерту, түстерді ажырата білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Ресурсты қамтамасыз ету: жолда өтіп бара жатқан ұл бала мен қыз баланың суреті, бағдаршам.
Сөздік жұмыс: биік, аласа, үшбұрыш.
Билингвалдық
компонент:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балалар бүгін қонаққа Айжан қуыршақ келеді. Қолында суреттері бар екен.
Негізгі бөлім
Айжан қуыршақ .- Балалар мынау не?
Бағдаршамның түстері бірдей ме?.
- Бағдаршамның түстерін атайық.
Балалар Айжан қуыршақтың бізге әкелген жұмбағы бар екен қәне шешеіп көрейікші.
Мен қазір сендерге сиқырлы жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ жасыру.
-Қызыл түсі «тұр» дейді,
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Жасыл көзі «жүр» дейді.
– Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі.
– Балалар жолдан қалай өтуіміз керек?
–Бағдаршам жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды.
Көшенің арғы бетіне өтерде сақ болған жөн.
Бұл суретте ұл бала мен қыз бала жолдан өтіп бара жатыр. Көшеде жүру тәртібін сақтап бағдаршамның жасыл түсі күтіп тұр. Балалар,көшеде жол тәртібін сақтамау- адам өміріне өте қауіпті. Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен дұрыс. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына қарап, арнайы жаяу жүргіншіге арналған жолмен өту керек.
Бағдаршамның өздерің білетін үш көзі бар.
Үш көзінің түсі үш түрлі.
Біріншісі- қызыл. Екіншісі -сары. Үшіншісі- жасыл.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Біздер жолға шығайық.
Ұзын,қысқа жолдарды
Біліп біздер алайық.
Оң жақта да, сол жақта да,
Биік үйлер бар екен.
Д/О: «Бағдаршам»
Мақсаты: Балаларға ойын арқылы жол ережесімен таныстыру. Ойлауын, есте сақтауын, зейінің арттыру.
3.Қорытынды
Сұрақ – жауап арқылы оқу-іс әрекетін қорытындылау. Балаларды мақтап, мадақтау.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Білім саласы: «Таным» құрастыру
Тақырыбы: «Бұтақтағы шымшықтар»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балалардың
Оқыту: Оригами түрі бойынша қарапайым пішінді қағаздан бүктеу арқылы жасап үйрету
Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Ресурсты қамтамасыз ету:
Сөздік жұмыс: биік, аласа, үшбұрыш.
Билингвалдық компонент: Бұтақ-ветка,
шымшық-синичка
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде ауа-рай қандай болады?
Күзде мезгілінің ерекшілігі неде?
Күзде мезгілінде неше ай бар?
Ағаштардың бұталарына не жатыр?
Жұмбақ:
Тұмсығымен шымшып,
Құрт тередi… (Шымшық)
Күз мезгілі.
Күн салқын,жел соғады,жаңбыр жауады
күз мезгілінде үш ай.
2.Негізгі бөлім
-Балалар тақтадағы суреттерге қарандаршы.
Балаларға құстар және олардың қысқы тіршілігі,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
-Балалар бүгін бізде құрастыру іс-әрекеті,мен сендерге осы күшіктің суретін ориками тәсілі арқылы құрастыруды үйретемін.
Сергіту сәті:
Ойын: «Шымшықтар мен мысықтар».
Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Балалар суреттерге назар аударады.
Балалар мұқият тындап отырады.
Ақпарақты көп бүктеу тәсілдері арқылы тәрбиешіге қарап шымшықтықұрастырады.
Қарлығаш боп ұшамыз
Торғай болып қонамыз
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқимыз
Аққу боп көлге қонамыз
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
3.Қорытынды
-Балалар біз бүгін не құастырдық ?
-Құстардың қандай пайдалары бар табиғат үшін?
Белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтау.
-Бұтақтағы шымшықтарды құрастырып үйрендік.
-Олар ағаштарды емдейді.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Білім саласы: «Шығармашылық» Сурет салу
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың қызығушылығын арттыру. Табиғат әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға дағдыландыру, «Алтын күзде» шығармасы арқылы сөздік қорын молайту.
Оқыту: Балаларға табиғат туралы, күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Ресурсты қамтамасыз ету: үлгі сурет, қылқалам, су бояу, қол сүртетін сүлгі. Күз туралы суреттер, мнемокесте, үлгі.
Сөздік жұмыс: жомарт күз
Билингвалдық
компонент: алтын күз-золотая
осень
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бай жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл, кім айтады?
Күз мезгілінде Дұрыс айтасыңдар, рахмет. Күз түскенде күн салқындайды. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан «Алтын күз» деп атайды. Енді кім маған мына мнемокесте бойынша күз мезгілінде болатын ерекшгеліктерді айтып береді.
Күзде ағаштар сары түске боялады.
Күннің көзі аз шығады. Күн суытады.
Жаңбыр жауады.
Жапырақтар түседі.
Адамдар жылы киімдерін киеді.
Мнемокесте арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
2. Негізгі бөлім
Таңғажайып сәт
Есік қағып, Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Бізге қонақ келіп қалыпты. Сәлеметсің ба күз ханшайымы!
Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді. Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік. Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?
Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар.
Сергіту сәті
Енді орындарымыздан тұрып
сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Сергіту сәтін қимылдармен орыдайды.
Рахмет балалар енді
орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына жапырақтар жасайық.
Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп, содан соң, жұмысқа
кірісу.
Дайын үлгі ағашқа жапырақтарды салады.
Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп, қояды.
3.Қорытынды.
Ақын М. Айтовтың «Алтын күзде»
шығармасынан үзінді оқимын.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.
Дидактикалық ойын:
«Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Шарты: Жеміс қайда өседі? Көкөністер қайда өседі? Ажыратып айта білу.
Мақтап, мадақтау.
Оқу қызметіне жақсы қатысқан алаларды мақтап көңілді бауырсақтармен мадақтау.
Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші: Зейнуллина А.С
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Білім саласы: «Шығармашылық» жапсыру
Тақырыбы:Орамалды әшекейлейміз
Мақсаты:
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ою өрнектерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жапсыру техникасын дағдылары мен ептіліктерін дамыту
Оқыту: Орамалды қазақ ою өрнектерінің элементтерімен, әшекейлеумен жапсыруға үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Ресурсты қамтамасыз ету: Жолақша, ою өрнек
Сөздік жұмыс: материал
Билингвалдық
компонент: :орамал -
платок
1.Ұйымдастырушылық ізденіс
Балалар біз бүгін орамалды әшекейлейміз.
Балалар орамалды әшекейлейді
балалар топқа кіріп жарты шеңбер құрып
тұрады, амандасады)
Шаттық шеңбері
«Угәй-ай» әнімен
Ұшып жүрген
аспанда
Ала қарға
угәй-ай
Өлең айтып
берейік,
Апайларға
угәй-ай
Угәй,
угәй әніміз
Арпа-бидай
дәніміз
Ашық болып
аспаным
Сәтті болсын
күніміз!
2.Негізгі
бөлңм
- Бәрекелді, балалар өте әдемі
тілек айттыңдар, рахмет!
Балалар бізде бүгін ерекше күн, бізге
апайларымыз қонаққа келіп отыр, осы апайларымызды
таңқалдырайық. Ол үшін ойынға жақсы қатысып, жақсы жауап
беріп отырайық, жарайма?
(балалар орындарына
отырады)
- Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
- Ендеше «Күзгі бейне» деген ойын ойнайық.
Мына үстел үстінде жылдың төрт
мезгіліне қатысты суреттер жатыр соның арасынан тек күз
мезгіліне қатысты суретті алып мына жазық далаға
орналастырамыз, және қандай ерекшелік екенін айтамыз. (балалар
біртіндеп ойын ойнайды)
- Жарайсыңдар балалар. (осы кезде
есік қағылып ішке аула сыпырушы апай
кіреді)
- Саламатсыңдар ма балалар? Мен аула сыпырушы
апаймын, мына күз мезгілінің суығын-ай, есіктің алдын
сыпырып жүр едім, қатты жел тұрып, басымдағы
орамалды ұшырып әкетті, оныменқоймай жаңбыр жауып
кетті ғой. Мына әдемі алтындай жапырақтарды
теріп үлгердім-ау, осыны сендерге берейін деп келіп
едім,
- Балалар олай болса апайға көмектесейік.
Апайға әдемі орамал жасап береміз
бе?
- Балалар, орамал әр-түрлі болады. төрт
бұрышты, үш бұрышты, гүлді, әртүрлі өрнекті, түрлі
түсті немесе аппақ бір түсті болады. Орамалыды әжелер,
мамалар бастарына тартады. Жұқа, қалыңтүрлері де болады.
Алдымыздағы орамалды әдемілеу үшін біздер
апайдың жинаған алтындай сап-сары жапырақтарын пайдаланамыз.
(Қағаз бетіне жапырақты жапсыру)
балалардың жұмысы.
Сергіту сәті. «Отбасында
нешеуміз?»
Бас бармағым –
атам,
Балан үйрек
-әжем,
Сұқ саусағым
- әкем.
Шылдыр шүмек
–анам,
Кішкене бөбек-
мен
Отбасында
нешеуміз?
Отбасында
бесеуміз.
- Балалар орамалды сендер өте әдемі
етіп әшекейлепсіңдер, бәрекелді,
жарайсыңдар!
-
Орамалымыздың түсі қандай?
- Пішіні
ше?
- Үстіндегі
жапырақтың түсі қандай?
- Орамалды кімдер
тағады?
- Аула сыпырушы апай қай орамал
көңіліңізге қатты ұнап тұр таңдап
алыңыз.
(аула сыпырушы апай балаларға баға
беріп өзіне несімен ұнағанын айта отырып орамал
таңдайды)
Релаксация.
Орамалды сыйқырлау. Балалар үстелді
айналып тұрады, ең әдемі жасалған орамалды сыйқырлайды.
(қолдарымен қимылдар жасап, ауыздарымен үрлейді, осы
кезде әдемі шын орамал шыға келеді, оны аула сыпырушы апайға
сыйлайды)
- Ой, балалар, қандай
кереметсіңдер, өздерің кіп-кішкентай шебер
сыйқыршысыңдар ғой, рахмет сендерге, осындай ұқыпты,
таза, әдемі балалар болып жүре беріңдер, күн басылыпты
(терезегеқарап) мен барып жұмысымды жалғастырайын. Сау
болыңдар.
Ойын: «Орныңды
тап»
3Қорытынды
- Балалар ойын ұнады
ма?
- Сендер бүгін не
жасап үйрендіңдер?
- Оны кімге жасап
бердіңдер?
- Осылай үлкендерге көмектесіп жүрелік,
ойынға жақсы қатыстыңдар,
рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген