400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Типті типтен өзгерту функциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға типті типтен өзгерту функциялары туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен-қазіргі заман педагогымын

/Эссе/

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім. Оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға мұғалімнің күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушыларды оқу нәтижелеріне көбірек ықпал ететіндіктен өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық-ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі, біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған жан. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.

Менің ұстаздық мақсатым-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болғандықтан, мұғалім қызметіндегі басымдықтарды ескере отырып сабақ жүргізу. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын-еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты-саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»-деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтық шеберлік-дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі». Осы нәтижеге жету үшін өз білімімді жетілдіру мақсатында түрлі курстарға, семинарларға, конференцияларға қатысып келемін. Солардың ішінде «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы аясында оқыған курстан алған біліміміді өз тәжірибемде қолданып келемін. Бағдарлама орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген. Бұл бағдарлама оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің сабақтарын, оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етеді. Сабағымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы балалардың пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктерінің артқаны көрініс тауып, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті оқушылар да көзге түсті. Джин Роддок «Оқушы үнінің» жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. Сабақтарымда үнемі «Оқушы үніне» көңіл бөліп отырамын.

Сабақтарымдағы ең қолайлы тәсілдердің бірі-сын тұрғысынан ойлау. Кішкентай жастағы балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беру арқылы ынталандыру, мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырамын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануда мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуға тиіс. Әңгімеге арқау болғандай ақпарат беріледі. Білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастыру үшін көмек көрсетіп отырамын. Барнс (1971ж.) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Мерсер мен Ходжкинсон (2008ж.) зерттеулерінде Барнстың еңбегінің негізінде білім берудегі диалогтың атқаратын негізгі рөліне назар аударуды мақсат еткен. Осы айтылған ойларға келісе отырып, мен өз сабағымда оқушылардың осы дәлелдердің қаншалықты шындық екеніне көзім жетті. Осы жаңа тәсілдер арқылы балалар өз ойларын ашық айтып дәлелдеуге үйренді.

Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөзін ескере отырып ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуға ұмтыламын. Интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу ұстаздық міндетім деп санаймын.




























Пеагогтік қызметім туралы талдау


Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында еңбек еткеніме, ұстаздық қызметіме 17 жыл болыпты. Абай атындағы гуманитарлық колледжді 1997 жылы бітірген соң, 1999 жылы өзім тұратын Абай ауылындағы Абай атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып орналастым. Шәкірттеріме жылы сөз бен мейірім шуағын төгу, бар білімім мен қайрат-жігерімді осы жолда жұмсау, ұстаз деген абыройлы атты алып жүру-менің басты ұстанымым болды.

Алғашқы қызметімді бастағанда осы мектептің байырғы ұстаздарының жас маманға деген талап қойғыштық, қамқорлық қасиеттері мамандығыма деген сүйіспеншілігімді арттырды. Өзімнің алдымдағы тәжірибелі мұғалімдерден көптеген нәрсе үйрене білдім. Осымен тоқтап қалмай білімімді шыңдай түсу үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне түсіп, 2005 жылы жоғары білімді ұстаз атандым. 2012 жылы ұшырған алғашқы шәкірттерім жоғарғы оқу орындарын бітіріп, қазіргі таңда әр түрлі салада қызмет атқаруда.

Бүгінгі таңда А.С.Макаренко атындағы шағын орталықты орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып жүргеніме 8 жыл болды. Ұстаздық еткен жылдар ішінде аудан, облыс көлемінде бірнеше рет ашық сабақтар, панорамалық сабақтар, семинарлар, авторлық бағдарлама жасауға өз үлесімді қосып келемін. 2003 жылы аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің панорамалық сабақтар байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, сол кезден бастап бірінші санатты мұғалім болып келемін. Сол жылы мұғалімдердің тамыз кеңесінде «Етістік» тақырыбында панорамалық сабақ көрсетіп, алғыс хат алдым.

Өткізген сабақ үлгілерім, баяндама, әдістемелік-тәжірибеік мақалалар, тәрбие сағатының сценарилары облыстық басылымдарда, ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарық көруде. «Жоғары оқу орындарында білім берудің жаңа технологиялары: болмысы, жобалау принциптері, даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері журналында «Бастауыш сынып жасындағы бала белсенділігі» тақырыбындағы баяндамам 2012 жылы жарияланды.

«Шәкіртсіз ұстаз-тұл» дегендей менің шәкірттерім аудандық, облыстық пән олимпиадаларының жүлдегерлері. 2011 жылы аудандық пән олимпиадасына қатысып, шәкіртім Әбдиева Аяжан жүлделі І орынға ие болды. 2013 жылы Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонынан Аман Ақбота ІІІ орынды иеленді. Сол жылы шәкірттерімнің жетістіктері үшін аудандық білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталдым.

Жұмыс істеу барысында қол жеткізген жетістіктерім:

2003 жылы аудандық бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында өткен пән олимпиадасында ІІІ орын иелендім.

2013 жылы аудандық білім бөлімінен марапаттау алдым.

2013 жылы облыстық білім басқармасының марапатына ие болдым.

2015 жылы «Жерұйық жас натуралистер» орталығының алғыс хатымен марапатталдым.

2016 жылы «Өрлеу» БАҰО филиалының «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасын терең меңгергенін дәлелдеп, жоғары балл жинағаным үшін марапатталдым.

Шығармашлық жұмысымның тақырыбы «Бастауыш сыныпта дамыта оқыту арқылы, оқушылардың өзіндік жұмысын арттыру». Тақырыбымда жұмысты жоспарлау кезеңдері 2006-2007 оқу жылында теориялық кезең, 2007-2010 оқу жылдарында байқау кезеңі, 2010-2012 оқу жылдарында бақылау кезеңі жүріп, 2012-2013 оқу жылында шығармашылық жұмысымның есебін бердім. Аталған жылдар ішінде «Блум таксономиясы» бойынша сабақ жоспарлау тақырыбында шеберлік сыныбын өткіздім.

Еліміздің қоғамдық экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, денсаулығы мықты парасатты азамат тәрбиелеп шығару, ұстаздар қауымының алдындағы міндет. Ол үшін оқытудың мазмұнын жаңарту керек. Қазіргі заманға сай жаңашыл, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз болу керек. Мен әр оқушының жанын ұғыну, қабілетіне сай білім нәрімен сусындату, оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру, білімдерін тыңдау арқылы, жеке тұлғаны бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуді ұстаздық міндетім деп білемін.

Педагогикалық тәжірибемді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы мұғалімдердің біліктілігін арттырудың «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы аясында өз білімімді көтердім. Бағдарлама орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген. Бұл бағдарлама оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің сабақтарын, оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етеді. Сабағымда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы балалардың пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктерінің артқаны көрініс тауып, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілетті оқушылар да көзге түсті. Джин Роддок «Оқушы үнінің» жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. Сабақтарымда үнемі «Оқушы үніне» көңіл бөліп отырамын.

Сабақтарымдағы ең қолайлы тәсілдердің бірі-сын тұрғысынан ойлау. Кішкентай жастағы балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беру арқылы ынталандыру, мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырамын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалануда мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуға тиіс. Әңгімеге арқау болғандай ақпарат беріледі. Білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастыру үшін көмек көрсетіп отырамын. Барнс (1971ж.) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Мерсер мен Ходжкинсон (2008ж.) зерттеулерінде Барнстың еңбегінің негізінде білім берудегі диалогтың атқаратын негізгі рөліне назар аударуды мақсат еткен. Осы айтылған ойларға келісе отырып, мен өз сабағымда оқушылардың осы дәлелдердің қаншалықты шындық екеніне көзім жетті. Осы жаңа тәсілдер арқылы балалар өз ойларын ашық айтып дәлелдеуге үйренді.

Ұстаз болу жүректің батырлығы. Осынау қиын да қызықты, қастерлі де қасиетті мамандық иесі болу оңай емес. Бірде күліп, бірде шаттанып, бірде мұңайып, өзінің ұлы ісін тастамай алып жүру-ұстаз үшін басты жетістік. Кемшіліксіз болу мүмкін емес, оны түзеу жолында іс жасасаң ғана ілгері басасың. Шығармашылықпен жұмыс істесең ғана, шәкірттің жүрегіне жол табуға болады. 2016-2017 оқу жылында «Шебер қолдар» таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша (2 сынып оқушылары үшін) авторлық бағдарламамды бастадым.




































Хаттама

15.03.2017 ж.

Қатысқаны:19

Күн тәртібінде:

Мектепішілік «Үздік педагог» байқауының қорытындысы.

Тыңдалды:

Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, комиссия мүшесі Мықтыбекова Ж.Ж. сөз алды. 15 наурызда «Үздік педагог» байқауына 8 мұғалім қатысты. Байқау екі кезеңнен өтті. Байқауға қатысқан мұғалімдер:

  1. Алимбекова Ф.-еңбек өтілі-6 жыл, екінші санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі.

  2. Раканова Г.Қ.-еңбек өтілі-12 жыл, бірінші санатты математика пәні мұғалімі.

  3. Ракутина Е.А.-еңбек өтілі-18 жыл, санаты жоқ информатика пәні мұғалімі.

  4. Тютеева А.Ж.-еңбек өтілі-23 жыл, бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі.

  5. Нуридинова Ш.Н.- еңбек өтілі-18 жыл, бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

  6. Тельтаева И.А.- еңбек өтілі-24 жыл, бірінші санатты орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

  7. Абдулсадыкова Н.А.- еңбек өтілі-28 жыл, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі.

  8. Алпысбаева А.А.- еңбек өтілі-17 жыл, бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі.

Комиссия мүшелері:

Мектеп директоры Ж.А.Байтенова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.А.Ильясова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Қ.Исмаилова, орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні мұғалімі А.О.Орымбаева ашық сабақтарға жеке-жеке талдау жасады. Комиссия мүшелері мұғалімдердің байқау кезеңдерінде жіберген кемшіліктері мен жетістіктері туралы айтып өтті. Кейбір мұғалімдерге жаңа технологияларды сабақты тиімді пайдалана білу керектігін, құжаттарын тағы да толықтыру жөнінде айтып өтті.

Комисиия шешімі бойынша бас жүлдені Алпысбаева А.А. иеленді. І орын Нуридинова Ш.Н., ІІ орын Тютеева А.Ж., ІІІ орын Абдулсадыкова Н.А. иеленді.

Шешімі: «Үздік педагог» байқауында бас жүлдеге ие болған бастауыш сынып мұғалімі Алпысбаева А.А. және І орынды иеленген қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Нуридинова Ш.Н. аудандық «Үздік педагог» байқауына ұсынылсын.


Мектеп директоры: Ж.А.Байтенова


Хатшы: А.Ж.Арғымбаева














Жамбыл облысы Шу ауданы

А.С.Макаренко атындағы шағын

орталықты орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Алпысбаева Айнұрға


МІНЕЗДЕМЕ

Алпысбаева Айнур Алмасбековна 1977 жылы 26 қарашада Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мәдімар ауылында туған. 1994 жылы Абай атындағы гуманитарлық колледжді үздік бітірген соң, 1999 жылдан бастап аталмыш облыстың Шу ауданы Абай ауылындағы Абай атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. 2007 жылдан А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде осы уақытқа дейін жұмыс істейді. Жұмыс істеген жылдар ішінде өз мамандығын жан-тәнімен сүйетін, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз ретінде көрсете білді. Оқу процесінде оқытудың жаңа формаларын үйреніп, озық тәжірибелерді жинақтап өз қызметіне пайдаланады. Алпысбаеваға бекітілген сыныптар білім сапасы-70-80% аралығында.

Мұғалім жұмысының негізгі мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болғандықтан, мұғалім қызметіндегі басымдықтарды ескере отырып сабақ жүргізу.

  1. 2011 жылы аудандық пән олимпиадасында оқушысы Әбдиева А. І орын иеленген;

  2. 2013 жылы республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонынан оқушысы Аман А. ІІІ орын иеленген;

  3. 2013 жылы аудандық білім бөлімінен мақтау қағазымен марапатталған;

  4. 2013 жылы облыстық білім басқармасының дипломына ие болған;

  5. 2015 жылы «Жерұйық» жас натуралистер орталығының алғыс хатын иеленген;

  6. 2016 жылы «Өрлеу» БАҰО филиалы «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасын терең меңгергенін дәлелдеп, жоғары балды жинағаны үшін мақтау қағазымен марапатталған.

Мектепішілік сыныптан тыс шараларға үнемі қатысып, жоғары жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ «Күз береке, күз мереке» байқауында оқушылары Ринат Р. Және Асанходжаева А. ІІ орынды иеленді. «Көктем аруы» байқауында Қуандыққызы А. І орын, «Айгөлек» би байқауында Жалғасбаева А. І орын иеленді.

Өткізген сабақ үлгілері, баяндама, әдістемелік-тәжірибелік мақалалар, тәрбие сағатының сценарилары облыстық басылымдарда, ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарық көруде.

Қорыта айтқанда, жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу үшін аянбай еңбек ететін, мектеп ұжымы, оқушылар арасында сыйлы, беделі жоғары ұстаз.


Мектеп директоры: Ж.А.Байтенова

Бастауыш сынып

әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.С.Қуанышева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі