400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сыныптарға арналғанБжС технологиясының сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

География. 6 сынып

11.04.2018ж

Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері

«Ауызша сабақ-2» технологиялық картасы


Сабақтың мақсаты: Тірі ағзалардың әсері туралы толық білім беру. Оқылатын тақырыптың оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жету. Ақпаратты өз бетінше меңгеру құзыреттілігін дамыту. Оқушылар үшін индукция және дедукция, зейін, қабылдау, жадыны жаттықтыру және толығымен ойлау түрлерін түйінді дамыту

Міндеттері:

  • Ұжымдық жағдайда ақпаратты жоғары жылдамдықпен меңгеруді ұйымдастыру;

  • есте сақтау және зейінді жаттықтыратын тапсырмалар орындау;

  • пәннің құндылықтарын сезінуге ықпал ету;

  • өз бетінше білім алуға үйрету, ең негізгіні бөліп алу, салыстыра білуге дағдыландыру;

  • өзін-өзі бақылау және бағалауға үйрету; өзін-өзі түзету біліктілігін дамыту.


Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: слайд, атлас, ООМ,ТСО.

Сабақтың барысы:


Сабақтың құрылымы

Технологиялық картаның жұмыс тәртібі

Түсініктеме

1 кезең.

Ұйымдастыру


Оқушылардың зейінін жинақтау:

Тірі ағза  (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе.

Оқушылар сіздер білесіздер, тірі ағза тақырыбы биологиямен да тығыз байланысты.Сондықтан бүгінгі сабақты кіріктіру сабақ есебінде өткізгелі отырмыз.

ООМ

А

Б

В

С

Д

Е
































2 кезең.

Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру

Үй тапсырмасының орындалысын тексеру: „ Тірі ағзалардың қалыптасу заңдылықтары” тақырыбы бойынша сұрақтар қою

1.Жер бетінде өсімдіктердің қанша түрі таралған? 500 мыңдай

2.Жер бетінде жануарлардың қанша түрі таралған? 1 миллионнан асады

3.Табиғат зоналарының аттары көбіне немен сәйкес келеді? Зоналардағы басым өсімдік түрлерінің атауымен

4.Неліктен бунақденелілердің, микроағзалардың, яғни бактериялар мен саңырауқұлақшалардың санының тап басып айту қиындық туғызады? Ғалымдар жыл сайын олардың жүздеген, тіпті мыңдаған жаңа түрлерін ашуда (табуда)

5.Сүтқоректілер мен құстардың жаңа түрлерінің ашылулары қай жерлерде кездеседі? Оңтүстік Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африканың ит тұмсығы батпайтын ормандарында

6.Тірі ағзалардың тіршілік формасы қандай? Сан алуан

7.Тірі ағзалардың бір жерден екінші жерге өткенде тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты несі ауысады? Тіршілік формасы

8.Өсімдіктердің тіршілік формаларына мысал келтір. Ағаштың түрлері (қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты, мәңгі жасыл ормандар), бұталар, шала бұталар, шөптесін өсімдіктер, мүктер, т.б.

9.Жануарлардың қандай тіршілік формаларын білесің? Сүтқоректілер, құстар, жорғалаушылар, балықтар, бунақденелілер

10.Өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың таралу заңдылығын қандай ғылым зерттейді? Биогеография

11.Биогеография ғылымы өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың таралу заңдылығымен бірге тағы нені зерттейді? Олардың бірлестіктерін, яғни биоценоздарды

12.Биоценоз неден тұруы мүмкін? Жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден

13.Әдетте құрлықтағы биоценоздың жалпы сипатын не анықтайды? Өсімдік

14.Өсімдік жер бетінде қалай таралған? Жер бетінде түгелдей таралған

15.Өсімдіктерсіз не тіршілік ете алмас еді? Жануарлар мен микроағзалар

16.Неліктен өсімдіктерсіз жануарлар мен микроағзалар тіршілік ете алмас еді? Өйткені, тек қана өсімдіктер күн сәулесін сіңіре отырып, көмірқышқыл газын, су және минералдық заттарды құрай алады

17.Кез келген биоценоздағы жануарлар дүниесінің бай болуына не әсер етеді? Өсімдіктерге бай болуы

18.Жер бетінде өсімдіктер қалай таралған? Белгілі заңдылықтарға сәйкес

19.Өсімдіктердің түрі қай аймақтарда аз болып келеді? Полярлық аймақтарда

20.Қай аймақтарда өсімдіктер өте қалың және түрі де көп таралған? Экваторлық аймақтарда

21.Жануарлар мен өсімдіктердің таралуы неге байланысты?Климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына)

22.Құрлықта климаттың өзгеруіне байланысты жануарлар мен өсімдіктер қалай таралған? Климаттың өзгеруіне сәйкес экватордан полюстерге қарай өзгереді

23.Жердегі тіршіліктің таралуындағы зоналылық заңдылықтарын қалай түсіндіруге болады? Күннен келетін жылудың жер бетіне таралуымен

24.Климаттың экватордан полюстерге қарай өзгеруіне сәйкес жер бетінде не өзгереді? Топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі

25.Климаттың өзгеруіне байланысты топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі де өзгереді, соған сәйкес жер бетінде не қалыптасады? Табиғат зоналары





Оқушылардан ООМ арқылы сұралады.Алдымен сұрақ қоямыз,одан кейін ООМ көрсетеміз. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус таңбасы қойылады.

3 кезең.

Қабылдауды ұйымдастыру









Тірек сөздермен жұмыс


Қазіргі таңда тірек сөздерді үш тілде қолдану кең тұрғыдан қарастырылады.Сондықтан берілген тірек сөздер үш тілде айтуымыз қажет.


Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады.

1.Жер 12.Атмосфера

2.Климат 13.Гидросфера

3.Фотосинтез 14.Литосфера

4.Қара шірік


Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады

4 кезең.

Ойлауды ұйымдастыру

Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.

Мәтінді оқу жылдамдығы

1 параққа 4 мин.



5 кезең.

Алғашқы түсініктерді тексеру

Қиылыс сұрақтар

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Ғалымдар Жердің жеке планета ретінде бұдан қанша жыл бұрын пайда болғандығын айтады? 5 млрд жыл бұрын

2.Біздің планетамыз өзінің дамуында қанша кезеңді бастан кешірді? 2 кезеңді

3.Жер планетасы өзінің дамуында қандай кезеңдерді бастан кешірді? Тіршілікке дейінгі кезең және тіршілік кезеңі

4.Жердегі алғашқы қарапайым ағзалар қашан пайда болған? 3 млрд жыл бұрын

5.Тірі ағзалар жер қабықтарын қалай өзгерткен? Алғашқы қалпынан өзгертіп жіберген

6.Жер атмосферасының қазіргі күйі ненің нәтижесінде қалыптасқан? Ағзалардың тіршілік әрекетінің әсерінен

7.Ауаның құрамындағы оттегі қалай пайда болған? Өсімдіктердің күн қуатының күшімен көмірқышқыл газын ыдыратуының нәтижесінде

8.Ғалымдар қазіргі кезде атмосферада бар оттегі қорын жасыл өсімдіктер қанша жылда бөліп шығаратындығын айтқан? 10 000 жылда

9.Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеймеуі неліктен? Жануарлардың тыныс алуына, жануға және тағы басқа құбылыстарға байланысты

10.Фотосинтез құбылысы дегеніміз не? Өсімдіктердің көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаруы

11.Ауадағы газ құрамы ненің әсерінен реттеліп отырылады? Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің әсерінен

12.Гидросфераның ағзалардың тіршілік әрекетіне қандай қатысы бар? Ағзалар ұдайы суды бойына тартады және шығарып отырады

13.Әсіресе қай ағзалар суды бойына көп тартады? Өсімдіктер

14.Жыл сайын құрлықтан буланатын судың тек орман өсімдігінің үлесіне қаншасы тиеді? 10%-ы

15.Тірі ағзалар Жер бетіндегі бүкіл суды қанша уақытта денесінен өткізіп шығаратындығы дәлелденген? 2 млн жылда

16.Ағзалардың тіршілік әрекетінің өнімдері және органикалық шірінді қалдықтар ненің құрамына әсер етеді? Құрлықтағы судың құрамына

17.Дүниежүзілік мұхиттың тұз құрамы да неге байланысты? Ағзаларға

18.Ағзалардың литосфераға әсері неден байқалады? Екі түрлі жағдайда (олардың құрылуына және үгілуіне қатысады)

19.Ағза қалдықтарынан тау жыныстарының қандай тобы құралады? Органикалық тау жыныстары

20.Органикалық тау жыныстарына нелер жатады? Әктас, ұлутас, тас көмір, шымтезек, жанғыш тақтатас, мұнай, т.б.

21.Ағзалардың литосфераға әсерінің екінші түрін ата. Тау жыныстарының үгілуіне әсер етеді

22.Топырақ қай жерде түзіледі? Литосфераның беткі атмосферамен жанасатын жұқа қабатында

23.Топырақ деген не? Тірі және өлі табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене

24.Жер бетіндегі топырақ түрлерінің таралуы неге байланысты? Климат жағдайларына

25.Топырақ жамылғысы жер бетінде қалай таралады?Өсімдіктер сияқты, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді

26.Қандай топырақтың құнарлылығы жоғары болады? Құрамында қарашірігі көп топырақтың

27.Жер бетіндегі топырақ түрлерінің таралуын қайдан көруге болады? Топырақ картасындағы түрлі-түсті бояуларынан

28.Қандай топырақ ең құнарлы болып саналады? Қара топырақ

29.Қай жердің топырағы қарашірікке бай болады? Даланың топырағы

30.Оңтүстікке қарай топырақтың түсі бозаң тарта беретіндігі неліктен?Құрғақ климат жағдайында өсімдіктердің түгелдей қурап кетіп, топыраққа қарашіріктің аз қосылуынан


Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.


Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады.



6 кезең

Бақылау және өзін-өзі бақылау




Оқушылар сабақта өтілген жаңа тақырыптағы тірек сөздерге байланысты тақырып мазмұнын ашатындай тест құрастырулары керек. Сұрақ қоятын оқушы басқа оқушының сайтын атап, сұрағын қояды. Жауаптың дұрыс-бұрыстығын сұрақ қоюшы оқушы өзі айтып тұрады. Мұғалім оны ООМ-да көрсетеді.


Тапсырманы алғашқы аяқтаған 5 оқушыдан кейін

30 секунд уақыт беріледі де сұрау басталады.

Осы тақырып бойынша

І нұсқадағы әрбір оқушы 3-5 тест сұрақтарын құрастырады, ІІ нұсқа мәтінді оқып жауап беруге дайындалады. Келесі сабақта керісінше болады. Жанында отырған жолдасына тест сұрағын қоюға рұқсат етілмейді

7кезең.

Бекітуді

алғашқы

ұйымдастыру

ТСҚ

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды.

5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.

8 кезең.

Талдау және қорытындылау

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды.

ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы

5 балдық шкаламен бағаланады.

9 кезең.

Үйге тапсырма

§51. „ Топырақ-биосфера іргетасы ” тақырыбымен танысып келу.

Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады.


















№5 мектеп-лицей







«Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері»

(кіріктірілген ашық сабақ )











Өткізгендер:

География пәні мұғалімі:

Баймурзина Г.К

Биология пәні мұғалімі:

Исенбаева А.Б

Сыныбы:6«в»






















2017-2018 оқу жылы






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 мамыр
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі