Материалдар / Тірі ағзалардың сан алуандығы

Тірі ағзалардың сан алуандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
130 бұйрыққа сәйкес жаратылыстану пәніне құрастырылған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2024
134
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуандығы

8-сабақ.

Бөлім:

6.4А Экология және тұрақты даму

Педагогтің аты-жөні:

Кайбылдаева А.Т

Күні:


Сыныбы:6 А.Ә.Б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардың сан алуандығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.6.2.2 жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттей алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Экожүйе түрлері мен түрлік құрамы (биоәртүрлілік) бойынша ажыратылады.

Әртүрлі экожүйеде әртүрліліктің негізгі себебі не?


2. Қандай экожүйенің құрамы түрге бай? Мысал келтір


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

35 мин.

1-тапсырма.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.


1. «Табиғи-климаттық зоналар» картасын пайдаланып, әртүрлі экожүйеге мысал келтіреді. Олардың қайсысы алуан түрлерге бай, қайсысында түрлер аз деп ойлайсың? Жауабың дәлелдейді.



Дескриптор: Жалпы – 5 балл.

- Картамен жұмыс жасайды



Оқулық,

жұмыс дәптері

ДК



2-тапсырма.

Оқулықта берілген зерттеу жұмысын орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Суреттерде берілген «Орман» және «Суқойма» экожүйелерінің түр құрамын зерттейді.

2. Берілген экожүйелердегі түрлерді анықтайды

3. Продуцент, консумент және редуценттерге жататын түрлерді атайды.

Олардың экологиялық рөлін көрсетеді.

4. Зерттелген экожүйенің қоректік тізбегіне мысал келтіреді.

5. Қорытынды жасайды.

Дескриптор: Жалпы – 5 балл.

-Зерттеу жұмысын орындайды.

Оқулық,

жұмыс дәптері

ДК




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ