Материалдар / «Тірі және өлі табиғат»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тірі және өлі табиғат»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы : Коммуникация Әлеуметтік орта,Таным,
Бөлімі: Экология, көркем әдебиет,
 математика

Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғат»

Мақсаты: Балалардың «Өлі және тірі табиғат» тақырыбында білімдерін тереңдету, қоршаған орта жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат туралы білімін, қызығушылығын зейінін дамыту. Балаларды адамгершілікке, өз ойын толық жеткізе білуге, табиғатты аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу. Баланың тілін, сөздік қорын,ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ертегі желісіне сүйене отырып,сұраққа жауап беруге қызығушылықтарын арттыру, достыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: өлі және тірі табиғат
Қостілдік компонент: табиғат – природа, тірі табиғат - живая природа
Керекті құралдар: суреттер, схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған ыдыстар.

Белсенді орталықтары: Көркем әдебиет,есеп,ғылым
Әдіс-тәсілдері: сұраққа жауап беру,ойын,түсіндіру,берілген тапсырманы шешу, мақтау, мадақтау



Мотивациялық қозғаушы

Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар : Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын

Күніміз жарқын болсын

Еліміз тыныш болсын

Ауырмайық, денсаулық болсын

Нанымыз көп болсын

Ата- анамыз аман болсын

Бейбітшілік болсын

Балабақша гүлдене берсін!

Апайлар аман болсын

Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы.

- Балалар сендер бір-біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық

- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

- Көктем  мезгілі

- Көктемнің  қандай айы?

-Наурыз

- Балалар көктем  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

 - Көктем мезгілінде күн жылына бастайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа  ұшып келеді.

- Жарайсыңдар балалар, олай болса көктем  туралы  кім тақпақ  айтып береді?

 Жаннұр

Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді,

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.       

Мират

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

   Әнмен қарсы аламыз!

Іздену ұйымдастырушылық

Өте жақсы, ал есімізге түсірейікші алдыңғы оқу іс-әрекетімізде біз не туралы әңгімеледік.

Дұрыс айтасыңдар.Табиғат бізге  бай жерді, ағаштарды гүлдерді, жан-жануарларды сыйға берді. Ал ендеше айтыңыздаршы  табиғат нешеге бөлінеді?

Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Тірі және өлі табиғат» деп аталады.

Ғажайып сәт

Осы кезде есік қағылып ақ көгершін ұшып келеді.

Ақ көгершін: Сәлеметсіз бе балалар?

Мені табиғат-ана жіберді. Балалар мен балапандарыма асығып  бара жатырмын сау болыңыздар!

Рахмет ақ көгершін, балалар сендерге табиғат – ананың жіберген хатын оқып берейін.

Табиғат ананың хаты

Сәлеметсіз бе балалар! Мені барлық балалар жақсы біледі. Балалар осы «Өлі және тірі табиғатты» жайлы айтып беріңдерші, оларды зерттеп, санап, түрлерін атап, «Өлі және тірі табиғатты»  жайлы қызықты ертегі әңгімелеп беріңдерші.                       

 – Ал, балалар Табиғат ананың тапсырмасын орындаймызба?

Олай болса Табиғат ананың тапсырмасын орындау үшын әркім өз қалаған орталықтарының карточкасын таңдайды. Бізде бүгін 3 орталық жұмыс жасайды. Көркем әдебиет орталығы, ғылым орталығы, есеп орталығы.

Табиғат ананың хаты

Сәлеметсіз бе балалар! Мені барлық балалар жақсы біледі. Балалар осы «Өлі және тірі табиғатты» жайлы айтып беріңдерші, оларды зерттеп, санап, түрлерін атап, «Өлі және тірі табиғатты»  жайлы қызықты ертегі әңгімелеп беріңдерші.                       

 – Ал, балалар Табиғат ананың тапсырмасын орындаймызба?

Олай болса Табиғат ананың тапсырмасын орындау үшын әркім өз қалаған орталықтарының карточкасын таңдайды. Бізде бүгін 2 орталық жұмыс жасайды. Көркем әдебиет орталығы, ғылым орталығы,


   Ғылым орталығы.  

- Балалар, көркем әдебиет орталығына қош келдініздер.                                                                       

  -  Қай мезгіл?

Дұрыс балалар, осы бізді қоршаған не?
- Ағаш, дала, су, аспан, гүл
- Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас, топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер жатады.
(Суреттер көрсетіледі)
Тірі табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды, өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді, өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас, суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.
 
Тәжірибе: Ыдыстағы құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты бақылау. Су құйса да жылтырап жата береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып балшыққа айналмайды, жел үрлесе де қозғалмайды. Ауыр зат. (Балалардың тәжірибе жасауы)

3) Ойын - ойнау, «Құм, тас, су. Басы «құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын жасап қозғалу». (Балалар қимылмен көрсетеді)
Табиғат туралы мақал - мәтелдер:
Таза болса табиғат
Аман болар адамзат.
Туған жердің суы тәтті
Топырағы да ыстық (1 - 2 балаға айтқызу)


Рефлексиялық түзетушілік


Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде нелерді үйрендік?

Балалар, біз ғылым орталығында нені зерттедік?

- Ал,көркем әдебиет орталығында қандай ертегімен таныстық?                                                  

- Есеп орталығында не жасадық?                  

Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма?

Балаларды мадақтау,оқу-іс әрекетті  аяқтау

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Тірі табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіп - өнеді қозғалады, сөйлейді, еңбек етеді.
Нені игереді: Табиғат ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтуды


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!