400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тірі және өлі табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Тірі және өлі табиғатты ажырата біліге қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 22.10.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Таным

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: Алтын күз

Топ: Ересек тобы

Тақырып: «Тірі және өлі табиғат».

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларға тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Оларды ажыратып,атай білуге үйрету.

Дамытушылық: Балаларға табиғат туралы түсініктерін дамыту.

Оқыту: Суреттер бойынша тапсырманы орындауға үйрету.

Педогогикалық технологиялар: Дидактикалық ойын, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, әуен

Билингвалдық компонент: Тірі және өлі табиғат- живая неживая природа

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері: Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Салем саған жер ана,

Салем сізге қонақтар!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық!

Бізде бүгін ерекше күн. Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін көп қонақтар келіпті

Негізгі бөлім:

Балалар сендер қайда келдіңдер? (Мектепке) Сендерді кім әкелді? (ан, әке, әже, ата) Немен келдіңдер? ( машинамен) Балалар табиғат деген не? (табиғат деп қоршаған ортаны айтамыз.) Табиғат нешеге бөлінеді? Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.

Тірі табиғат - олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. (слайт суреттері) Өлі табиғат - қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді. Ендеше балалар осы айтылған әңгімемізді пернетақтадан тамашалайық! (табиғат дыбыстары шығады).

Тәрбиеші: Адам мен табиғат әрқашанда егіз.

Олар адамзатты қажеттілікпен қамтамасыз етеді. Табиғат кен біртұтас. Табиғат біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Әркім өзінің табиғатқа деген қарым – қатынасын өзінің баубақшасында өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қамқорлық жасау керек. Біз жерімізді бүлдірмей, керісінше әсемдеуге тиіспіз. Қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ ісіміз.

Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ»

Жарайсыңдар балалар, біз қозғалып бой сергіттік, жүрдік. Олай болса біз жұмбақ шешейік.

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн)

Күндіз тығылады,

Түнде қыдырады. (жұлдыз)

Тырс – тырс тамады,

Сайға қарай ағады. (жаңбыр)

Тосын сәт. (Жаңбыр дауысымен кіреді. Қолында қолшатыры бар.

Ойын. «Күн мен жаңбыр»

Жер-ананың сөзі: (үнтаспадан тыңдалады).

Балалар сәлеметсіңдер ме? Сендерді көгеніме өте қуаныштымын. Мен Жер-анамын. Балаларестеріңдеболсын!

Гүлді жұлуға болмайды. Гүлді аялау керек. Ағашты кесуге болмайды. Ол бізге таза ауа береді. Суды ластауға болмайды. Сусыз өмір жоқ. Күнімізді бұлт баспасын! Көбелекті өлтірмеңдер. Ол әдемілік белгісі. Құсты атуға болмайды. Құс адамның досы. Жасыл шөпті жұлуға болмайды. Ол біздің жерімізге көрік береді. Аңдарды қорғауымыз керек. Олар біздің байлығымыз. Асқар тауларымыз биік болсын! Аққуды атуға болмайды. Ол сұлулық белгісі. Осыны естеріңе сақтаңдар. Қош, сау болыңдар!

Дидактикалық ойын «Тірі және өлі табиғат»

Ойын шарты: Тірі табиғатты бір бөлек, өлі табиғатты бір бөлек қатарға жинау.

Қорытынды:

Біз бүгін оқу іс – әрекетімізде адамның өз туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілік, қамқорлық көрсету керектігін түсіндік.

Балалар бізге қонаққа кім келді? (жаңбыр) Жаңбырмен не істедік? (ойын ойнадық) Не туралы әңгіме жүргіздік? (табиғат). Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетіміз ұнады ма? (үш шапалақ)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
1319
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі