жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тірі және өлі табиғаттағы үдеріс
Cабақ саны: 1 |
Сынып: 6 |
Пәні: Қазақстан тарихы |
||||||||||||||||
Бөлім: |
6.4 Қазақ хандығының XVI –XVII ғасырлардағы дамуы |
|||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі. |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
Пәнге тән лексика және терминология: «Қасым ханның қасқа жолы», мүліктік заңы, елшілік салт ережесі, жұртшылық заңы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес», «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес». |
|||||||||||||||||
Сабақты оқу барысында:
|
||||||||||||||||||
Бұрындық
ханнан соң хан тағына атақты Қасым
хан келеді. Қасым хан Жәнібекұлы (1445
– 1518 жж.) – қазақтың ұлы хандарының
бірі, Қазақ хандығының негізін
қалаушылардың бірі, Жәнібек ханның
ұлы. Ол Бұрындықтың тұсында ханның
атты әскерлерін басқарып, қолбасшы
батыр болған. Талай шайқастарда қол
бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол қан
майдандағы жеңісті ерлігімен, ел
басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен,
көрші елдермен байланыс орнатудағы
саясаткерлігімен, жұртты соңына ертер
шешендігімен ел көзіне ерте түссе
де, жеке билікке ұмтылмаған. Бұрындық
ханның дегеніне көніп, қалтқысыз
қызмет еткен. Бірақ Бұрындық елдің
сенімін ақтай алмай, Самарқандқа
кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза
табады. Осыдан кейін барып, Қасым хан
билікті өз қолына алады. Ол он жылдай
хан тағында билік жүргізеді. Қасым
ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің
дәуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ
халқының саны артады, жері ұлғаяды.
Қазақ әскерінің де саны көбейіп, атты
әскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде
Сырдария өзені бойындағы қалалардың
барлығы қазақтарға өтеді. Ол таяу
көршілермен ғана емес, сырт елдермен,
мысалы, Мәскеумен терезесі тең дәрежеде
дипломатиялық қарым-қатынас орнатады.
Ешбір жау елге соғыс аша алмайды.
Халық тыныш өмір сүреді. Осылайша,
дүние жүзіне қазақтардың даңқы тарап
кетеді. Қазақ еліндегі барлық сұлтандар
Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын
екі етпей орындайды. Сол замандағы
бір тарихшы: «Бұл елде Қасым хандай
күшті хан болған емес», – деп жазады.
Ал, қазақ халқы болса, Қасым ханды
ұмытпай, оның ел басқарудағы тәртібін
«Қасым ханның қасқа жолы» деп атап,
бүгінге дейін айтып келеді.
Қасым
ханның қазақ хандығын күшейту,
қазақ тайпаларын және қазақтардың
этникалық территориясын біріктіру
жолындағы жеңістері елдің ішкі және
сыртқы беделін арттырып, атақ –
даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта
ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар
Дулати («Тарихи – Рашиди») атты
кітабында: Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саясиэкономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр. Керей хан мен Жҽнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын көтерумен ерекшеленсе, Қасым хан – сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп, халқын көбейтіп, даңқын дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң ережелерінің негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан. Қасым хан туралы бейнематериал; https://www.youtube.com/results?search_query
|
||||||||||||||||||
|
1-тапсырма. Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.
ДескрипторБілім алушы − Қасым ханның билік құрған жылдарын атайды; − Қасым хан билік құрған жылдардағы әскер санын атайды; − Қасым ханның заңдар жинағын атайды; − Қасым ханның Шайбани Мұхаммедпен қай қалалар үшін шайқасқаның атайды; − Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының халық саның атайды. 2-тапсырма Дерек негізінде Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатына және Қасым ханның саяси тұлғасына баға беріңіз.
Ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар туралы Қасым хан таққа отырмай тұрып, Бұрындық ханды ешкім білмейтін. Бұрындық хан Керей ханның ұлы болса, Қасым хан Жәнібек ханның ұлы еді. Бұрындық хан Сарайшық қаласына қоныстанды. Қасым хан Бұрындық ханның сұлтаны қызметін атқарды. Оның ұлысы Моғолстан жақта орналасты. 1512 жылдың көктемінде Шайбан өзбектері Мауреннахрда билік құрды. Өзбектер Шаһибек ханның қол астында еді. Саид хан қыс кезінде көктемдегі жағдайды ойлады. Саид хан Ташкент қаласына қарайтын Ахангаранға жорық жасады. Мен ол жорықта ханның жанында болдым. Сол жорықтан Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан Ташкентке Сүйініш ханға шабуыл жасады деген хабар келді. Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Кендірлік асуына жеткенде, Қасым хан қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан осыдан кейін қазақтарға бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақтарды көтеру болатын. Қасым хан жасы ұлғайғандықтан, Саид ханды қарсы ала алмайтынын айтып, кешірім сұрайды. Жошы әулиетінің жасы елу мен алпысқа толған отыз-қырық сұлтанды жіберіп, тізе бүгіп қарсы алсын деп бұйырады. Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас жағынан Саид ханнан көп үлкен еді. Олар тізе бүккенде, хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі тізе бүккенде, хан орнына отырды. Олардың сәлемін қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде, жылы жүздесіп, құрметтегені сондай хан өмірінің соңына дейін, оның кішіпейілдігін ұмытқан емес. Мұхаммед Хайдар Дулат. «Тарихи Рашиди». ДескрипторБілім алушы − Қасым ханның сыртқы саясатта жүргізген саясатын атайды; − Қасым ханның Қазақ хандығының дамуына қосқан үлесін талдайды. |
|||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма:Қасым ханның заңдар жинағын мағлұмат алу. |
|||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген