400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тірі және өлі табиғаттағы үдеріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімнің білімім қаншалықты екенін тексеру үшін осы жұмысты аштым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақ саны: 1

Сынып: 6

Пәні: Қазақстан тарихы

Бөлім:

6.4 Қазақ хандығының XVI –XVII ғасырлардағы дамуы

Сабақтың тақырыбы:

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге тән лексика және терминология: «Қасым ханның қасқа жолы», мүліктік заңы, елшілік салт ережесі, жұртшылық заңы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес», «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес».

Сабақты оқу барысында:

  • Қасым хан саясатының негізгі бағыттарын анықтайсыңдар;

  • Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайына баға бересіңдер.

Бұрындық ханнан соң хан тағына атақты Қасым хан келеді. Қасым хан Жәнібекұлы (1445 – 1518 жж.) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі, Жәнібек ханның ұлы. Ол Бұрындықтың тұсында ханның атты әскерлерін басқарып, қолбасшы батыр болған. Талай шайқастарда қол бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол қан майдандағы жеңісті ерлігімен, ел басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен, көрші елдермен байланыс орнатудағы саясаткерлігімен, жұртты соңына ертер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмаған. Бұрындық ханның дегеніне көніп, қалтқысыз қызмет еткен. Бірақ Бұрындық елдің сенімін ақтай алмай, Самарқандқа кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан кейін барып, Қасым хан билікті өз қолына алады. Ол он жылдай хан тағында билік жүргізеді. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ халқының саны артады, жері ұлғаяды. Қазақ әскерінің де саны көбейіп, атты әскері 300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы қазақтарға өтеді. Ол таяу көршілермен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мәскеумен терезесі тең дәрежеде дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. Ешбір жау елге соғыс аша алмайды. Халық тыныш өмір сүреді. Осылайша, дүние жүзіне қазақтардың даңқы тарап кетеді. Қазақ еліндегі барлық сұлтандар Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын екі етпей орындайды. Сол замандағы бір тарихшы: «Бұл елде Қасым хандай күшті хан болған емес», – деп жазады. Ал, қазақ халқы болса, Қасым ханды ұмытпай, оның ел басқарудағы тәртібін «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап, бүгінге дейін айтып келеді.
1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 
2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 
3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 
4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері). 
5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: 
«Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» - дейді.

Сонымен, Қасым хан тұсында қазақ хандығы саясиэкономикалық жағынан күшейіп нығайды . Оның тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Батыс Европаға, Руське мәлім болды. Русьпен дипломатиялық байланыс жасалды, ол байланыс осы күндері жалғасып отыр.

Керей хан мен Жҽнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын көтерумен ерекшеленсе, Қасым хан – сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп, халқын көбейтіп, даңқын дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң ережелерінің негізін жасаумен әйгілі болған ұлы хан.

Қасым хан туралы бейнематериал; https://www.youtube.com/results?search_query



1-тапсырма.

Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1

Қасым хан билік құрған жылдары?


2

М.Х.Дулатидың көрсетуі бойынша Қасым ханның қол астында қанша әскер болды?


3

Қасым ханның заңдар жиғаны қалай аталынды?


4

Қасым хан Шайбани Мұхаммедпен қандай қалалар үшін шайқасты?


5

М.Х. Дулатидың дерегі бойынша Қасым хан тұсында Қазақ хандығының халық саны қанша адамға жетті?


ДескрипторБілім алушы

− Қасым ханның билік құрған жылдарын атайды;

− Қасым хан билік құрған жылдардағы әскер санын атайды;

− Қасым ханның заңдар жинағын атайды;

− Қасым ханның Шайбани Мұхаммедпен қай қалалар үшін шайқасқаның атайды;

− Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының халық саның атайды.

2-тапсырма

Дерек негізінде Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі, сыртқы саясатына және Қасым ханның саяси тұлғасына баға беріңіз.


Ханның шайқасынан кейінгі болған оқиғалар туралы Қасым хан таққа отырмай тұрып, Бұрындық ханды ешкім білмейтін. Бұрындық хан Керей ханның ұлы болса, Қасым хан Жәнібек ханның ұлы еді. Бұрындық хан Сарайшық қаласына қоныстанды. Қасым хан Бұрындық ханның сұлтаны қызметін атқарды. Оның ұлысы Моғолстан жақта орналасты. 1512 жылдың көктемінде Шайбан өзбектері Мауреннахрда билік құрды. Өзбектер Шаһибек ханның қол астында еді. Саид хан қыс кезінде көктемдегі жағдайды ойлады. Саид хан Ташкент қаласына қарайтын Ахангаранға жорық жасады. Мен ол жорықта ханның жанында болдым. Сол жорықтан Саид хан олжалы оралды. Ізінше Қасым хан Ташкентке Сүйініш ханға шабуыл жасады деген хабар келді. Саид хан тездетіп Ташкентке бет алды. Кендірлік асуына жеткенде, Қасым хан қайтып кеткені туралы хабар жетті. Саид хан осыдан кейін қазақтарға бет алды. Ондағы ойы Ташкентті алуға тағы да қазақтарды көтеру болатын. Қасым хан жасы ұлғайғандықтан, Саид ханды қарсы ала алмайтынын айтып, кешірім сұрайды. Жошы әулиетінің жасы елу мен алпысқа толған отыз-қырық сұлтанды жіберіп, тізе бүгіп қарсы алсын деп бұйырады. Соның ішінде Жаныш хан мен Таныш хан жас жағынан Саид ханнан көп үлкен еді. Олар тізе бүккенде, хан орнынан тұрды. Қалған сұлтандардың бәрі тізе бүккенде, хан орнына отырды. Олардың сәлемін қабылдады. Қасым хан Саид хан алдына келгенде, жылы жүздесіп, құрметтегені сондай хан өмірінің соңына дейін, оның кішіпейілдігін ұмытқан емес.

Мұхаммед Хайдар Дулат. «Тарихи Рашиди».

ДескрипторБілім алушы

− Қасым ханның сыртқы саясатта жүргізген саясатын атайды;

− Қасым ханның Қазақ хандығының дамуына қосқан үлесін талдайды.


Үйге тапсырма:Қасым ханның заңдар жинағын мағлұмат алу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі