Материалдар / Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Тірі табиғаттағы үдерістер»

Бөлім:

5.3 А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тірі табиғаттағы үдерістер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.4.2.1 жасуша компоненттерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Жасушалар қандай органоидтардан тұратынын және органоидтар қандай міндет атқаратынын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Жасуша деген не?



2. Жасушаны көру үшін қандай құралдар қажет?



3.Жасушаныалғаш ашқан кім?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді.

Тақырып бойынша интернет көздерін пайдаланып видеоролик көреді.


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады

1.Тапсырма

1. Құралсыз көзбен оның

жасушаларын көре аламыз ба?

Жасушаларды көру үшін не істеу қажет?





2.Робет Гуктың еңбегін сипаттайды?

Дискриптор:

Жалпы - 3 балл

1. Сұрақтарға жауап береді

2. Суретпен жұмыс жасайды.


ДК экраны

6-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері


Оқулықта берілген тапсырманы орындатады

2.Тапсырма

Өсімдік жасушасының

құрылымы

Саған қажет: микроскоп; пияз қабығының микропрепараттары.

Жұмыс барысы:

1. Микроскоппен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін қайтала.

2. Жұмысты орындау үшін микроскопты дайында.

3. Пияз қабығының микропрепаратын тексеріп, суретпен

салыстыр. 17-суретте көрсетілген органоидтарды тап.

4. Жасуша құрылымының суретін сал, органоидтарды көрсет.

5. Препаратты йод ерітіндісімен боя. Ол үшін зат қоятын

үстелге йодтың бір тамшысын тамыз. Сүзгіш қағазбен екінші жағынан артық ерітіндіні сорып ал. Жасушаның қай бөлігі

саған көрінетін болды?

6. Препаратты үлкейтіп қара. Ондағы жасушаны қоршап тұрған қошқыл жолақты қабықшаны тап. Оның ішіндегі сарғыш зат – цитоплазма (ол бүкіл жасушаны алып жатуы

немесе шет жағында тұруы мүмкін). Цитоплазмадағы ядро жақсы көрінеді. Жасуша сөлі бар вакуольді тап



7. Жапырақтың жұмсақ жеріндегі

жасушасының суретін қара (18-сурет).

Органоидтарды: қабықша, цитоплазма, ядро, вакуоль, хлоропластарды тап.

Суретте белгіле

8. Пияз қабығы мен жапырақтың жұмсақ жеріндегі жасушаларын

салыстыр. Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын тап

9. Венн диаграммасын толтыр.



Айырмашылықтардың болу

себебін қалай түсіндірер едің?

10. Жасалған жұмыс бойынша қорытынды жаса.

Дискриптор:

Жалпы - 3 балл

Тәжірибе жұмысын орындайды.

ДК экраны

6-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.









Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі