15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тірі мүйіс. Аквариумдағы балықтар және онда мекендеушілер
«Аквариум және онда мекендеушілер», «Аквариумдағы балықтар»
Орынбаева Жадыра Еркінқызы,
Атырау қаласындағы №33 «Көркемай»
балабақшасының тәрбиешісі
Білім беру саласы кіріктірілген: «Әлеумет», «Шығармашылық»
Бөлімі: Қоршаған орта,аппликация
Блок тақырыбы: Жануарлар әлемі
Апта тақырыбы: Су қоймасының тұрғындары
Тақырыбы: Тірі мүйіс.«Аквариюм және онда мекендеушілер»,«Аквариумдағы балықтар».
Мақсаты:Балаларды аквариум мекендеушілерімен,олардың қорегі және тіршілік ортасымен таныстыру.Ерекше белгілерімен атауды үйрету.Аялы көзқарасқа тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Дайын қиындылардан әртүрлі пішіндегі балықтарды орналастыру,дайын бөлшектерден композиция құрастыруды бейнені ұсақ бөлшектермен толықтыруды үйрету,таныс геометриялық пішіндердің аттарын бекіту,желімді ұқыпты пайдалану.
Дамытушылығы: Аквариумдағы балықтарға деген аялы көзқарасын ой-қиялын дамыту.
Әдіс-тәсілдері:
Амандасу
Шаттық шеңбері
Жұмбақ шешу
Жаңа тақырып: Тірі мүйіс. «Аквариум және онда мекендеушілер»
Ғажайып сәт (Алтын балықтың келуі)
Дидактикалық ойын: «Суда мекендеушілерді тап»
Жаңа тақырып: «Аквариумдағы балықтар»
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: «Түрлі-түсті асықтарды тізбектеу»
Қорытынды
Көрнекілер мен құралдар: демонстрациялық материал,үлгі сурет,дидактикалық суреттер,желім,ақ қағаз,сулық.
Билилгвалды компонент: су-вода, балық-рыба;
-Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар!
-Балалар, бүгін ерекше күн! Өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.
-Кәне барлығымыз қонақтармен амандасып алайық.
-Сәлеметсіңдер ме!
-Здраствуйте!
-Сендер сабаққа дайынсыңдар ма?
-Иә
-Ендеше балалар сендерді
«Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз, күлеміз
Бірге балық аулаймыз!
Міне, біздер қандаймыз!
Қызығушылықтарын ояту:
-Балалар , мен сендерге жұмбақ жасырғалы тұрмын. Егер жұмбақтың шешуін тапсақ, біздің бүгінгі жаңа ашық оқу қызметіміз де соған байланысты болмақ.
Жұмбақ: Суда өседі, өңеді, сыртқа шықса өледі.
-Балалар жұмбақтың шешуі не? Балық
-Бұлар қайда тіршілік етеді? –суда
-Жарайсыңдар балалар, біз бүгін осы балықтар туралы жаңа оқу қызметімен танысатын боламыз.
-Жаңа тақырып: «Тірі мүйіс.»
«Аквариум және онда мекендеушілер»
Балықтар негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі. Жануарлар мен жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Балықтар үнсіз, суда қанаттары және құйрығы арқылы жүзеді. Олар мұхиттарда, өзен-көлдер мен су қоймаларында және аквариумда тіршілік етеді.
-Олардың барлығын бір сөзбен қалай атайды.
-балық, балықтар
Ғажайып сәт (Алтын балықтың келуі)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атымды атадыңдар ма?
Балалар сөйлеп тұрған балықтың дауысын естіп көріп таң тамаша болады.
-Мен алтын балық боламын. Алтын балықты білесіңдер ме?
-Мен тек ертегіде ғана боламын. Мен сендерге құр өзім келген жоқпын, өзіммен бірге тапсырмамды алып келдім. Менің тапсырмамды орындағыларың келе ме?
Балалар жауабы иә
Тәрбиеші:
Балалар сендер қандай балық түрлерін білесіңдер?
Балалар жауабы: Сазан, шортан, көксерке, табан.
Балықтар немен қоректенеді қайда өмір сүреді екен?
Балықтар теңізде, өзендерде олар су астындағы шөптермен ұсақ балықтармен қоректенеді екен.
Тәрбиеші: Балалар сендер балықтар туралы тақпақ білесіңдер ме?
Ендеше Алтын балыққа арнап тақпақ айтып берейік:
Балалар тақпағы:
1.Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме. Димаш
2.Қармақ салсаң сазанға
Бар өзенге азанда
Оңайлықпен сазанның
Түскісі жоқ қазанға Бибінұр
3.Табиғаттың бұйрығы
Ол балықтың жүйрігі
Құйрығы оның сияқты
Қарлығаштың құйрығы Аружан
4.Айқайлама, ұрыспа
Тіпті ақырын тыныста
Сазан нағыз сақ балық
Жоламайды дыбысқа Малика
Алтын балық:
Тақпақты жақсы айтасыңдар екен сендерге көп рақмет!
Тәрбиеші:
-Балалар алдымызда не тұр?
-Қараңдаршы!
-Балалар аквариумға қарап таңданып таң тамаша болады.
-Аквариум. Қандай тамаша!
-Аквариум қандай ыдыстан жасалған?
-Шыныдан
-Ішінде нелер бар екен?
-Балықтар, ұлулар, тастар, шөптер.
-Ендеше, балықтар, ұлулар аквариумда да тіршілік етеді екен.
-Балалар, балықтар адам ағзасына да өте пайдалы екен. Аквариумдағы балықтарды жеуге болады ма? –Болмайды.
-Қандай балықтарды жеуге болады? –Үлкен балықтарды жеуге болады.
-Сазан, шортан және т.б.
-Аквариумдағы балықтарды жұмасына бір рет ауыстырып тұрамыз. Оны арнайы кішкене балықтарға арналған жемдерімен қоректендіріп тұрамыз. Кәне балалар балықтарға жем берейік:
Балалар балықтарға жем береді.
Алтын балық:
Балалар менің сендерге алып келген тапсырмамды орындаңдар.
Дидактикалық ойын:
«Суда мекендеушілерді тап»
Ойынның шарты: Суда тіршілік ететін жануарлар мен жерде тіршілік ететін жануарлар суреттері берілген. Осы суреттердің ішінен суда тіршілік ететін балықтарды, жәндіктерді тауып суға орналастыру.
Мақсаты: Балалардың суда тіршілік ететін балықтар мен жәндіктерді басқа жануарлардан ажырата білу, балаларды балықтарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру шапшаңдыққа тәрбиелеу.
-Балалар ойынға қызыға қатысады.
-Ендеше балалар, осы аквариумдағы балықтарды жапсырып үйренгілерің келе ме?
-Иә қуана келіседі.
-Кеттік ендеше, іске сәт!
Жаңа тақырып: «Аквариюмдағы балықтар» деп аталады.
Аквариумдағы балықтарды желіммен жапсыру технологиясы:
-Алдымен жұмысқа қажетті құралдарды дайындап алайық;
-Балалардың алдарына түрлі-түсті пішіндер таратылады;
-Алдымен сол пішіндерден үстел үстіне балықтарды құрастырып шығаруды үйреніп аламыз;
-Енді дайын ақ қағаз бетіне бейнеленген аквариум суреті таратылады.
Балалар желіммен аквариумға қиылған балықтарды жапсырады.
Алтын балық: Балалар сендерге көп көп рахмет менің өз мекеніме қайтатын кезім келді. Сендермен қоштасамын сау болыңдар!
Тәрбиеші:
Балалар шаршаған шығарсыңдар бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту жаттығуы:
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда біз!
Шынықсақ біз бәріміз,
Шымыр болып өсеміз!
Балалар бойымызды сергітіп алсақ тағыда бір ойын ойнап жіберейік.
Дидактикалық ойын: «Түрлі түсті асықтарды тізбектеу»
Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Асықтарды сыртқы белгілеріне, түсіне қарай ажыратуға үйрету арқылы баланың қызығушылығын туғызу. Асықтарды жинастыру арқылы қол мен саусақ ұштарының ұсақ моторикасын дамыту.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, саусақ жаттығулары, салыстыру.
Қажетті құралдар: Бес түрлі-қызыл, көк, ақ, жасыл, сары түсті асықтар және осы түстегі жіптер.
Сабақты қорытындылау:
-Балалар, бізге бүгін қонаққа не келді?
-Алтын балық
-Балықтар қайда өмір сүреді?
-Суда
-Біз апликациядан нені жапсыруды үйрендік?
Балалар өз ойларын жеткізе сұрақтарға жауап береді.
-Жарайсыңдар балалар, бүгінгі жаңа оқу қызметіне жақсы қатынастыңдар.
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
Балалар мен сендерге Алтын балық әкелген сыйлықарды бергім келіп тұр.
Балалар қуанады.
Сендерге рахмет.
Келген қонақтармен қоштасамыз.
Қош сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Балаларды аквариум мекендеушілерімен, олардың корегі және тіршілік ортасы туралы:
Қандай түсініктерді игереді: Балықтарды ажырата білуге, оларды қамқорлауға байланысты түсініктерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Сиқырлы пішіндерден балықтарды құрастырып жапсыра білуді;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген