Бекітемін:
№
66 «Толағай» балабақшасының
меңгерушісі
Н.О.Оңланбекова __________
«____»
__________ 2017 жыл
«Ертарғын»
мектепалды даярлық тобында
«Тірі
табиғат» тақырыбына ұйымдастырылған
ашық оқу қызметі
Тәрбиеші:
А.К. Джаксылыкова
Астана
қаласы 2017 жыл.
Ұйымдастырылғанашық
оқуқызметінің тақырыбы: «Тірі
табиғат»
Білімдік
аймағы: Әлеумет
Бөлімі:
Экология
негіздері
Мақсаты:
Балалардың
«Өлі және тірі табиғат» тақырыбында
білімдерін тереңдету, қоршаған орта
жайлы танымдық әрекет шындау. Балалардың
ақыл - ойын, түсінігін, білімін, табиғат
туралы білімін, қызығушылығын зейінін
дамыту. Балаларды адамгершілікке, өз
ойын толық жеткізе білуге, табиғатты
аялай білуге, табиғат байлығын қорғауға,
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік
жұмысы: өлі
және тірі табиғат
Қостілдік
компонент: табиғат
– природа, тірі табиғат - живая
природа
Керекті құралдар: суреттер,
схемалар, ұлғайтқыш, тәжірибеге арналған
ыдыстар.
Мотивациялық
оятушылық:Тәрбиешінің
әрекеті. Бала әрекеті.
Әдепті
елдің баласы.
Иіліп
сәлем береді,
Айдай
арайлап, Күндей жайнап.
Жұлдыздай
жарқырап,
Бүгінгі
күнді қарсы алайық.
Сәлем
саған, Жер ана!
Сәлем
саған, Көк аспан!
Сәлем
саған, Күн ана!
1)
Кіріспе: Ой
шақыру
Балалар терезеден далаға
қараңдаршы?
- Қай мезгіл?
- Күз
мезгілі
- Қазір қай ай?
-
Балалар күз мезгілін сипаттап Күз туралы
тақпақтарымызды айтсақ:
Даяна,
Томирис, Медина, Жанмуханбет, Жанерке.
-
Қараша айы - Дұрыс балалар, осы бізді
қоршаған не?
- Табиғат
- Ағаш, дала,
су, аспан,
-
Табиғат деген не? - Дұрыс табиғат бізді
қоршаған орта. Балалар, бүгін біз осы
табиғат туралы әңгімелейміз. Табиғат
екіге бөлінеді екен. Өлі табиғат және
тірі табиғат: Өлі табиғатқа тау, тас,
топырақ, бұлт, су жатады. Тірі табиғатқа
адамдар, жан - жануарлар, ағаштар, гүлдер
жатады.
(Суреттер көрсетіледі)
Тірі
табиғат: қоректенеді, тыныс алады, өсіп
- өнеді, қозғалады, жүреді сөйлейді. Өлі
табиғат: қоректенбейді, тыныс алмайды,
өсіп - өнбейді, қозғалмайды, жүрмейді,
өсіп - өнбейді. Өлі табиғатқа құм, тас,
суға байланысты тәжірибе жасап көрейік.
2)
Тәжірибе: Ыдыстағы
құмды ұлғайтқыш әйнекпен қарау. Ұсақ
бір - біріне жабыспайды. Ыдыстағы құмның
жел тұрғанда ұшуы. Сок ішуге арналған
түтікшемен құмды үрлеу, жеңіл, жел тұрса
ұшады. Ыдыстағы құмға су құю. Ыдыстағы
құмға, су құйса балшыққа айналады. Тасты
бақылау. Су құйса да жылтырап жата
береді, түрі түсі өзгермейді, майдаланып
балшыққа айналмайды, жел үрлесе де
қозғалмайды. Ауыр зат.
Су ерекшелігін
бақылау. Судың дәмі жоқ, иісі жоқ. Қатты
от жағып, су тұрған ыдысты қыздырсаң
қайнайды, көбеймейді. Аяз, суық жерге
қойсаң да көбеймейді қатып қалады.
(Балалардың тәжірибе жасауы)
3)
Ойын - ойнау, «Құм, тас, су.»Басы
«құм» дегенде әр жерде шашыраңқы болып
отыру. «Тас»дегенде өз қолымен мүсін
жасап тұра қалу, «су» дегенде толқын
жасап қозғалу». (Балалар қимылмен
көрсетеді)
4)
Сөздік жұмыс: Өлі
және тірі табиғат
5)
Табиғат туралы мақал - мәтелдер:
Таза
болса табиғат
Аман болар
адамзат.(Гаухар)
Туған жердің суы
тәтті
Топырағы
да ыстық (Сымбат)
Тәрбиешінің
түсіндіруі: Сурет
арқылы табиғатты қорғаудағы экологиялық
ережелерді еске түсіру, білу, айту , тиым
сөздерді еске алу.
Табиғатқа
үлес қосу мақсатында балалармен гүл
тұқымын егу.
Рефлективтік
- түзетушілік
Ұйымдастырылған
оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды
мадақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Нені білуі керек: Тірі
табиғат қоректенеді, тыныс алады, өсіп
- өнеді қозғалады, сөйлейді, еңбек
етеді.
Нені
игереді: табиғат
ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп
айтуды
Нені
біледі: Табиғатты
аялап, қорғауды біледі