400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тірі табиғат. Өсімдіктер. Жануарлар.

Материал туралы қысқаша түсінік
3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына қалай бейімделу тәсілдерін түсіндіру (жылу, жарық, ылғал); 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; Барлық оқушылар:  Өсімдіктерге қажетті жағдайларды ақпрат көз түрлерінен табуды біледі.(жылу, жарық, ылғал); Оқушылардың көпшілігі: • Өсімдіктерге қажетті жағдайларды ақпарат көзінің түрлерінен анықтай алады Кейбір оқушылар: • өсімдікке қажетті жағдайлар жайында ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауды біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Тірі табиғат. Өсімдіктер. Жануарлар.

Мектеп:


Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Өсімдіктерлдің табиғи бірлестіктері

Осысабақта

қолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына қалай бейімделу тәсілдерін түсіндіру (жылу, жарық, ылғал);

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өсімдіктерге қажетті жағдайларды ақпрат көз түрлерінен табуды біледі.(жылу, жарық, ылғал);



Оқушылардың көпшілігі:

  • Өсімдіктерге қажетті жағдайларды ақпарат көзінің түрлерінен анықтай алады

Кейбір оқушылар:

  • өсімдікке қажетті жағдайлар жайында ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауды біледі.


Бағалау критерийлері




Өсімдіктерге қоршаған орта жағдайлары маңызды екенін біледі және түсіндіре алады.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

өсімдіктерге қажетті жағдайларды атап айта алады.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік тәрбие беру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,математика

Алдыңғы меңгерілген білім


Тірі табиғат,табиғатты тану әдістері.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы-5мин








Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

- Терең дем алайық, жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңдер

- Бұл таңғажайып жарық, жүрегімізде тыныштық, сүйіспеншілік әкеледі.

- Керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі!

- Түрлі-түсті күлтелері құлпырып тұр.

- Бұл сендердің аталарың, әжелерің, әкелерің, аналарың. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек – сен.

- Бұл жай гүл емес, ол- сүйіспеншілік гүлі- табиғаттың бір бөлігі.

презентация

Сабақ ортасы-5мин











5мин














5мин















5мин






























10мин


































Жаңа сабақ:

Суретпен жұмыс. «Не артық?» Жылу, жарық, жаңбыр, жәндік





Ендеше ғылымға кіріспе сабағында қандай тақырыппен танысады екенбіз?

Қалай ойлайсыңдар өсімдіктерге не қажет?

Өсімдіктерге қажетті жағдайлардың қандай түрлерін білесіңдер?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Өсімдіктер

Мақсаты:Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына қалай бейімделу тәсілдерін түсіндіру (жылу, жарық, ылғал);

Өсімдік -тірі ағза.
Ол өсу үшін не қажет екен?
Өседі,гүл жарады, жемісін береді.
Ал осылардың бірі жоқ болса өсімдік нашар өседі.
Тіпті кейде біреуінің салдарынан тіршілігін тоқтатуы да мүмкін.
Соның бірі-су.Өсімдіктердің сынған жерінен оның бойында су бар екенін байқауға болады. Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі

(Ж, Ұ) Жұпта бірге құрылыс алаңы өсімдіктерге қандай әсер ететінін талқылау.Бұл жерде өсіп жатқан өсімдіктерге қандай әсер тигізеді? Құрылыс алаңының суреттерін көрсету.

.

Жақын маңда құрылыс алаңы болса, өсімдіктің өсуін дәлелдеу үшін серуендеу ұйымдастыру немесе, құрылыс алаңындағы жағдайлар туралы ойлап, онда қандай өсімдіктің өсуі мүмкін екенін болжау – аласа өсетін, тамыры аз сулы, құрғақ жағдайдағы және т.б.

(Ө, Қ) Осындай жағдайда өсетін өсімдік түрінің атауын жазу суретін салып, ол туралы жазу.

(Ж, Ұ) Суда өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер?

-Қалай ойлайсыңдар, мына өсімдіктер қандай ортада өседі?

-Олардың тамырына қарай отырып анықтауға бола ма?





(Ж, Ө, қ) Аталған өсімдіктердің қасиеттерін салыстыру – тамырларына, жапырақтарына, гүлдеріне назар аудару. Олардың қандай ортақ ерекшеліктері бар?

Су өсімдіктерінің суреттерін салып, атауларын белгілеу. Әр ерекшеліктің сипаттамасын жазу.

Топтық жұмыс. «Жигсо» әдісіМәтінмен жұмыс.


І топ Су өсімдіктері

Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі.
Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.
Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды. Ал тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақты, тұңғиықты талай көрген боларсыңдар. Оларды су өсімдіктері деп атайды.

ІІ топ Ылғал сүйгіш өсімдіктері

Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н. Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.


ІІІ топ Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. Сондықтан тереңдіктен алған ылғалды үнемі пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.
Жантақ, сүттіген, жүзген, сексеуіл – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Үйге тапсырма: Ылғал сүйгіш өсімдіктер туралы мәлімет жазып келу,суретін салу.





Сабақтың соңы

5 минут

«Ыстық орындық » әдісі бойынша тақырыпты қорытындылау.


«Бағдаршам » арқылы бағалау

Жақсы түсіндім десе – жасыл түсті көтереді.

Орта түсіндім десе – сары түсті көтереді.

Түсінбедім десе – қызыл түсті көтереді



Әзірленген үлгілер

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінтексеружоспарыңыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы


Дифференциация:топтық жұмыс беру арқылы


«Ыстық орындық» әдісі әр топтан 1 оқушы шығу.

«Бағдаршам» арқылы өзін-өзі бағалау




Өсімдіктің денсаулыққа пайдасы

Қауіпсіздік ережелері


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі