400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіршілік қауіпсіздік негіздері"Сым бойынша тоқ жүреді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілеріне тіршілік қауіпсіздік негізі бойынша өте қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Сым бойынша тоқ жүреді» Мақсаты:балалардың тоқ көзі туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: БМ:балаларға тоқ көзін қолданудың қауіпсіздік негіздерімен таныстыру. ДМ:балаларға розеткаларға тиюге болмайтынын түсіндіру. ТМ:ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Құрал-жабдықтар:тақырыпқа байланысты суреттер. Сөздік жұмыс:электр тоғы. Кіріспе әңгіме -Балалар,тоқ көзі бұрын болмаған,адамдар тоқ көзінсіз де өмір сүрген кездері болған.Бұрынғы заманда ағаштың басына шүберек орап,үйді сонымен жарық қылған.Кейін келе шүберекке май жағып ораса ұзақ жанатынын байқаған.Одан кейін керосинмен жанатын шамдар пайда болған.Бірақ керосинді шамдар қатты жарық шашқан жоқ және үнемі керо-син алып шамға құйып отыру керек болды.Адамдар көп ойланып,ақыры тоқ көзін ойлап тапты.Енді біздің үйлерімізді,балабақшаларымызды,мектеп,ауруханаларымызды,көшеле-рімізді электр шамдары жарықтандырып тұрады.Электр шамдары өте ыңғайлы және сенімді. -Міне,сендер электр шамдарының қалай пайда болғанын білдіңдер. -Енді тоқ көзінің үйімізге қалай келетінін білгілерің келе ме?Онда жақсылап тыңдаймыз. -Тоқ көзі сымдар арқылы келеді де электр құралдарын жұмыс істетеді. -Мына суретке қараңдаршы.Бұл-гидроэлектостанция.Қатты аққан судың әсерінен генера-торда тоқ көзі пайда болады,ол сым бойымен біздің үйімізге көшелерге келеді. -Ал,тоқ көзі неге ұқсайды? -Электр тоғы өзенге ұқсайды.Өзенде су ағады,ал сым бойымен тоқ жүреді. -Электр тоғы адамдарға жарық беру үшін ғана емес,электр құралдарын пайдалану үшін де керек.

Сонымен бірге электр құралдарын дұрыс пайдалана білмесек олар да қауіпті.Үйдегі үл-кендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ, тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Балаларға бейне - ролик көрсетіледі. Ал енді жұмбақ жасырайын.

Үйде тұр бір жұлдыз,
Ол барда түн – күндіз. (электр лампасы )

Тоққа тисе мұрты ұзын, Табанымен жазық. Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып.(Үтік).

Өзі күнде шаң жеген, Шаң жеп әбден дәндеген.(Шаңсорғыш).

Аузы жоқ сөйлейді, Көзі жоқ көрсетеді.(Теледидар).



Енді тақпақтар тыңдасақ. Электрсыз,
Шырағым,
Болмай - ақ қой шүбәлі,
Теледидар,
Үтік те -
Барлығы істен шығады.
Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Дидактикалық ойын: «Қауіпті заттар» Мақсаты:балалардың өмірімізге,денсаулығымызға қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру,бекіту. Ойынның жүрісі:Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттердің ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады және оның қандай қауіп әкелетінін сұрайды.

Рефлексия:Балалар тақырыпты толық меңгерді,жұмбақтарды шеше алды,тақпақтарды жаттады,дидактикалық ойынға атсалысты.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі