400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарас

Материал туралы қысқаша түсінік
Медицина колледжінің оқытушыларына қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

___Сабақ / Занятие №__5_

Сабақ жоспары / План занятия

Пән/ Дисциплина:Биология

Сабақ такырыбы/Тема занятия: Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

Сабақ мақсаты /Цели занятия

Білімділік/ /Образовательная: тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастары туралы оқушылардың білімдерің қалыптастыру, мәтінмен жұмыс жасап қорытынды шығарып, салыстырып, өз ойларын жеткізуге біліктіліктерің дамыту.

Дамытушылық /Развивающая: Оқушыларды топпен жұмыс арқылы ұйымшылдыққа баулу,тірек-сызбалар жасауға, салыстыру және ой қорытындылауға үйрету ,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік/Воспитательная:әр оқушының өз денсаулығына, оқушылық міндеттеріне сапалы түрде  ықыласпен қарау қажеттігін түсінеді.

Сабақ типi /Тип занятия

1 .Урок изучения нового материала. 2.3акрепление и совершенствование знаний, умений и навыков. З. Целевое применение знаний, умений и навыков. 4.Обобщение и систематизация усвоенного материала. 5.Комбинированный. 6.Урок учета и оценки знаний и умений

Құрал-жабдықтар, көрнекі кұралдар/ Оборудования, наглядные пособия

ИКТ, слайд, карточкалар, тірек-сызбалар

Әдіс-тәсілдер/ Методы

1.Словесный. 2.Наглядный. 3.Практический. 4.Исследовательский. 5.Репродуктивный. 5.Частично-поисковый. 7.Объяснительно-иллюстративный. 8.Проблемный. 9.Эвристический.

______________________________________________

Пән аралық байланыс /Межпредметные связи_химия________________________________________________________


Сабақ барысы/Ход занятия


Сабақ кезеңдері /Этапы занятия.


1.Ұйымдастыру- мақсаттық кезеңі/ Организационно-целевой этап.

амандасу; жылы шырай таныту;
- топқа бөлу ( 3 топ )
- бағалау парағы алдарына тасталады

Тренинг."Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,-үшеуімен болады-бақтты өмір..." деп Әйтеке би айтқандай мен шәкірттеріміздің жүзінен тек бақыттың нұрын көргім келеді.

Ендеше , балалар бәріміз бір-бірімізге мына сөзді қолдану арқылы өз ойларымызды жалғастырамыз. Мен бүгін сіздерді көргеніме қуаныштымын .... ( әркім өз ойларын, тілектерін жалғастырады)


II.Үй тапсырмасын тексеру /Этап проверки домашнего задания.

1.«Миға шабуыл» Өткен материалдарды қайталау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.

1.Тіршілік анықтамалары.

2. «тіршілік» ұғымына алғаш рет анықтама берген кім?

3. Тіршілік деңгейлерін атаңдар.

4. Тіршіліктің қасиеттері қандай?

!Проблемалық сұрақ - Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды.

Тіршіліктің пайда болуы-бұл ерте заманнан адамзаты қызықтыратын мәселе. Ол ғылыми және философиялық жағынан қарстырылады. Қазіргі уақытқа дейін бірнеше жауаптары бар. Оларды барлығын екі топқа біріктіреді:

Биогенез-тіріден тірі дамиды

Абиогенез-өлі заттан тірі дамиды

  • Абиогенездік теория бойынша тіршілік өлі табиғаттан өздігінен пайда болған.

  • Ф.Реди тәжірибесі тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын нақты дәлелдеді.

  • Креационизмдік көзқарас-жер бетінде тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш жаратқан деп түсіндірді.

  • Панспермия теориясы-тіршілік жер бетіндегі бейорганикалық заттардан пайда болған емес, тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған, деп түсіндірді

А – деңгейі.

1. Организмд

2. ердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы.

а) Мутация в) Өзгергіштік с) Үйлесімділік

2. Тұқым қуаламайтын және тікелей сыртқы орта жағдайларына байланысты болып, бір түрдің дараларында біркелкі байқалуы.

а) Мутация жиілігі в)айқын емес өзгергіштік с) айқын өзгергіштік

3. Организмдердіңшексіз көбеюге бейімділігі мен кеңістік және тіршілік ресустарының арасындағы қарама – қайшылық нені туғызады?

а) Организмдердің көбеюі в) тіршілік үшін күрес с)табиғи сұрыпталу

4. Әр түрге жататын даралар арасында жүретін күрес.

а) түраралық күрес в) Түрішілік күрес с) Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес

5. Нақты орта жағдайларында тіршілік етуге қажетті, пайдалы өзгерістері бар даралардың тіршілігін сақтап қалу процесі.

а) Тұрақтандырушы сұрыпталу в)Табиғи сұрыпталу с) қозғаушы сұрыпталу

6. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін, генофонды ортақ, бір түр дараларының оқшауланған шағын тобы.

а) түр в) гендер дрейфі с) популяция

7.Қорғаныш рең неше түрге ажыратылады.

а) 5 в) 3 с) 4

8. Түр түзілудің қандай жолдары бар.

а) географиялық, оқшаулану в) экологиялық, биологиялық с) географиялық, биологиялық,экологиялық

9. Эволюцияның негізгі бағыттары:

а) морфофизиологиялық прогресс, биологиялық регресс в)биологиялық прогресс, биологиялық регресс с) ароморфоз, идиоадаптация

10. Эволюциялық әрекеттің жүзеге асырылуының қандай жолдары бар:

а) арофорфоз, идиоадаптация, дегенерация в) дегенерация, аллогенез, арогенез с) идиоадаптация, ароморфоз, биологиялық регресс



Терминдердің анықтамасы дұрыс болса «+», қате болса «-» таңбасымен белгілейміз.

1. Жеке бір организмде байқалатын, сыртқы ортаның қандайда бір белгісіз жағдайларының әсерінен қалыптасып, тұқым қуалайтын өзгерістер. (Айқын емес өзгергіштік)

2. Табиғатта өздігінен таңдамалы түрде бір даралар тіршілігін жойса, екінші біреулері көбейіп, әрі қарай дамиды, бұл (Табиғи сұрыпталу)

3. Ұзақ уақыт бір аумақты мекендейтін, морфологиялық – физиологиялық белгілері ұқсас, өзара еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтығы.(Популяция)

4. Кішігірім популяцияларда гендер жиілігінің бағытталмаған, кездейсоқ өзгерістері. (Гендер дрейфі)

5. Жануарлардың немесе ұсақ жәндіктердің тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз ететін дене жамылғыларының кез – келген реңі.(Бейімділік)

6. Пайда болған жаңа түр бастапқы түрден байланысын үзіп, олармен шағылысуы мүмкін болмайтын, өз алдына дербес даралар жиынтығы.(Географиялық түр түзілу)

7. Түрден жоғары деңгейдегі жүйелік топтар: туыстар, тұқыымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілуі. (Макроэволюция)

8. Түрдің немесе басқа бір жүйелік топтың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. (Биологиялық регресс)

III. Жаңа білімді меңгеру кезеңі/Этап усвоения новых знаний.

1)Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар./слайд/

(топпен жұмыс)

1.Ертедегі Жер шарындағы атмосфера(бейнефрагменнт)

2.Органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі

3.Биополимерлердің түзілуі

4.ДНҚ мен РНҚ-ның рөлі

5.Биологиялық мембраналардың түзілуі және эволюциясы

Әр топ постер қорғайды – топтар бір-бірін бағалайды 2 жұлдыз, 1ұсыныс


2) Мәтінмен жұмыс-сызбанұсқа құрастыру (жұппен жұмыс)


Ғалым

Қай жылы

Нені ашты

ОпаринА.М.

1924

Органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі

Миллер С. Г.Юри

1953

Жердің алғашқы тарихында химиялық эволюцияның нәтижесінде биологиялық мономерлердің түзілгендігін дәлелдеді.

Фокс С.

1957

Аминқышқылдары судың катысуынсыз өзара қосылып пептидтік байланы түзуі мүмкін деген пікір ұсынды.

Томас Чек

1982

РНҚ молекуларының өршіткілік белсенділігін ашты.

Дж.Холдейн

1929

Коацерват теориясы

Дж.Бернал

1947

Биопоэз теориясы


2. «Диалогтык оқыту» әдісі бойынша «Ыстық орындыққа»

Тіршіліктің пайда болу туралы көзқарастар туралы не білесіңдер?

Әр топтан бір оқушы отырады басқалары сұрақ қояды немесе слайдтан шыққан сұрақтарға жауап береді

№1 Креаценизм теориясы нені дәлелдейді (жаратушы күш).


№2 Панспермия теориясы нені білдіреді және кім ұсынған? (ғарыштан).


№3.Франческо Реди еңбектері туралы не білесіңдер? (Өздігінен пайда болды )


№4 «Тіршілік жер бетінде мәнгілік» деген теорияны кім ұсынған және нені білдіреді? (В.Прейер )


Қорытынды:

Жер бетіндегі бірінші органикалық қосылыстардың түзілу процесі-химиялық эволюция

Биопоэз – органикалық қосылыстар тірі организмдер арқылы түзіледі(Дж. Бернал)

Биогенездің 3 кезеңі:

  1. Биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы

  2. Биологиялық полимерлердің түзілуі

  3. Мембраналы құрылымдар мен алғашқы организмдердің (протобионтардың) пайда болуы



Тіршіліктің қалыптасу кезеңдері:

  1. Ағзалық заттардың абиогенді синтезі

  2. Коацервация үдерісі

  3. Коацерваттар эволюциясы, тірлік қасиеттердің көрініс беруі

  4. Алғашқы прокариотты жасушалардың пайда болуы

  5. Эукариоттың, көпжасушалардың пайда болуы, тірі ағзалардың дүниеге бөлінуі

IV. Жаңа білімді бекіту кезеңі/Этап закрепления новых знаний.

1.Қарапайым тірі ағзалар жансыздардан дүниеге келе алатынын қолдайтын теория

Абиогенез

2.Табиғатты бұрмаламай танып білудің негізгі әдісі ретінде тәжірибе және сынақтәжірибені алғаш ұсынған философ.

Ф.Бэкон

3.Ұсақ жәндіктердің (шыбындар) жансыздардан өздігінен дүниеге келуі мүмкін еместігін дәледеген ғалым

Ф.Реди

4.Тіршіліктің мәңгілігі теориясының авторы

В.Прейер

Вернадский

5.Жер ғаламшары- саналы тіршілік иесі, ал тірі ағзалар соның тіршілік әрекеттерінің нәтижесі екенін қолдайтын теория

Тіршіліктің мәңгілігі

6. Тіршіліктің пайда болуын атомдардың ерекше қозғалысының нәтижеі ретінде түсіндірген антик ғалым.

Демокрит

7.Тірі ағзалар өзге ғаламшарларда дүниеге келіп, прокариоттардың споралары түрінде жерге тасымалдануын қолдайтын теория.

Панспермия

8.“Жандылардан жанды туады” деген пікір арқылы өздігінен дүниеге келуді теріске шығаратын теория.

Биогенез

9. Аузы жабық ыдысқа “тіршілік күші” кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде “ тіршілік күші” өледі деген пікірді ұстанушы теория

витализм

VI. Рефлексивті бағалау кезеңі, сабақты қорытындылау/ Рефлексивно-оценочный этап, подведение итогов занятия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

24 бет сұрақтарға жауап беру





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі