Материалдар / «Тіршіліктің тірегі - Ана»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тіршіліктің тірегі - Ана»

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне орай ата-аналар жиналысын ұйымдастыруда сынып жетекшілеріне қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2023
263
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 6

Тақырыбы: «Тіршіліктің тірегі - Ана»
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.
Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Барысы: интерактивті тақтада «Тіршіліктің теріг - Ана» жазуы.
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).


1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!


2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, ортамызға келіп отырған құрметті анамыз Әлікеева Маржанкүл анамыз қонаққа келіп отыр. Ардақты Маржанкүл апай бізге келіп алтын уақытыңызды бөліп отырғаныңызға рахмет айтамыз.



2-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады


Мадияр:
Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі!
Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз- Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.


Меруерт:
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де


Салтанат:
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым
Сегізінші Наурызбен.


Жансая:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.


Исмаил: Тамаша, енді біздің биші қыздарымыздың өнерін аналар мен қонақтарға көрсетпейміз бе? Кәне қыздар не тұрыс?

  

Әділет: -Анамызға ұнады ма екен? ( көп ойланады)
Исмаил: -Әрине ұнайды. Ана-ең аяулы жан.Қандай жағдайда болмасын әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан.


Әділет: Онда біздің сыныптастарымыздың тамаша әнін тыңдайық. Ортаға қошеметпен қыз-ұлдарымызды шақырайық:


Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше біздің сұрағымызға Маржан апай жауап беріп көріңіз.

1. Мектептегі ең сүйікті мұғаліміз кім болды?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Өлең айтып бере аласыз ба?

5. Отбасының қорғаны кім?

6. Үйдегі алтын қазық кім?

7. Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім?

8. Үйде кімдер қадірлі?

9. Адамға ақыл беретін кім?

10. Қоғамда кімдер қадірлі?


Исмаил:
Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Ана десем, шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


Исмаил: Тамаша, енді біздің биші ұлдарымыздың өнерін аналар мен қонақтарға көрсетпейміз бе?


Әділет:

-Ана, ана, ана !
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші!
Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған.


Ән: .


Исмаил:
Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес.


Әділет: -Дұрыс айтасың, Исмаил. Ана ең жақын, ең ыстық адам.Ана әрқашанда баласы үшін жанын беруге дайын тұрады.Түнде ұйықтамастан баласына қамқор болады.Әр бала анасын жақсы көреді.

Исмаил:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай,
Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзімде
Ертеңіңіз тұр күліп.


Әділет:

Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей,
Ақ сүтіңді өтермін.
Біліп тұрсың, жан анам
Міндеті үлкен ботаңның
Күтері сол баладан
Ана менен Отанның!


Бекмұхамед:
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім,
Жанымды жадыратып, күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты,
Нұр толы қос жанарың білдіретін.


Анар:
Бар ана туған елдің гүлі дер ем,
Анажан қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау суындай ақылың бар,
Сен барда менің әр бір күнім өлең.


Данияр:
Сен менің астанамсың,
Қуанам, күлемін мен.
Саялар баспанамсың,
Жылтатын жүрегіңмен.
Суреттей салынбаған
Сенің бар қасиетің.
Сен күнсің жалындаған
Тіршілік бас иетін.


Ақниет:
Жан ана, жарық жанарың
Бір сенде кеңдігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде
Сеземін көктемнің самалын.


Зарина:
Әлемге тыныштық тілеген
Жан ана жаныңа гүл егем.
Балалық жүрекпен айтылған
Махаббат белгісі бұл өлең.


Исмаил:
— 8 наурыз күні аналарымызға көмектесуіміз керек!

(Анаға айтылған құрметті сөздері бар слайд)


Әділет:

-Ал, мен…..
Ішіп болып тамақты,
Кірісемін жұмысқа
Жуам кесе, табақты
Су құйып ап ыдысқа
Көмектесем үнемі
Анамның ісі сонша көп,
Ойлап ылғи жүремін
«Қолқанаты» болсам деп.


Әділет: — Аналарға тек мейрам күні көмектеспей, күнде қолқанат болуымыз керек!

Нұржанат:
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Ағарпасын тентектер
Бір ананың самайын!
Мұрат, мүдде, мақсатың
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.


Ерсейіт:
Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
Ол азығын өзімен бір жаралған.
Туа салып тұңғыш тапқан дәмін ол,
Күш қуат боп өн бойына таралған.
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар!


Исмаил: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 


Әділет: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз


Исмаил:

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!