400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тіс. Тіске күтім жасаудың маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулықты сақтауда тіске күтім жасаудың маңыздылығын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы

Тіс. Тіске күтім жасаудың маңыздылығы

Оқу мақсаттары

2.2.3.5 денсаулықты сақтауда тіске күтім жасаудың маңыздылығын анықтау

2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру

2.1.2.3 шартты белгілер көмегімен бақылау нәтижелерін тіркей білу

Сабақ мақсаттары


Тіске күтім жасауды түсінеді.Тістің құрылысын біледі. Тіске күтім жасаудың маңыздылығын түсіндіре алады.Денсаулыққа тигізетін әсерін атай алады.

Бағалау критерийлері

Тісті күтудің денсаулыққа тигізетін әсерін атайды.

Сөздік қор

Тіс, , сүт тістері, күрек тістер, ит тістер, ақыл тістері азу тістер, т.б. сөздер мен терминдерді пайдаланады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Адамның қаңқасы мен бұлшық еттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ басы

0-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Терең ғылым сананың,

Тегі дөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Ғылымға кіріспе сабағын

(МК,Ұ) Сабақтың тақырыбын ашу

-Балалар, сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін сендерге мына бір аудиоматериады/дыбысты тыңдауды ұсынамын.

/оқушылар дыбысты тыңдайды және өз пікірлерін айтады/

-Балалар, сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

-Бүгінгі сабақта не үйренесіңдер, не білесіңдер, қалай ойлайсыңдар?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/


Сабақтың ортасы



5-10 минут




















10-20 минут
















20-25 минут













25-30 минут

(О,Қ)Тісті зерттеу

Мақсаты:Ресурстарды пайдалану арқылы тістерді зерттеу.

Оқушыларға кішкентай айнаны алып, өз тістерін қарап, санап шығу ұсынылады.

-Балалар, әр адамның ауызында қанша тіс бар?

-Сендердің ауыздарыңда қанша тіс бар екен?

Оқушылар өз ауыздарындағы тістердің санын анықтайды.

-Балалар, не байқадыңдар?

-Ауыз қуысымызда неше тіс бар екен?

-Тістердің барлығы бірдей ме?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау және толықтыру/

Адамда барлығы 28 негізгі тісі болады. Кейбір адамдарда 4 ақыл тіс өседі. Сонымен барлығы 32.

Тістердің 3 түрі бар:азу тістер, ит тістер, күрек тістер.



(Ө,Ұ,ОТәж, Қ)Тәжірибе жасау

Мақсаты:Тәжірибе жасау арқылы тістердің қызметін анықтау.

-Балалар, қай тіс қандай қызмет атқаратынын білгілерің келе ме? Ендеше мен сендерге тәжірибе жасап көруді ұсынамын.

Оқушыларға алмаұсынылады. Оқушылар алманы жеп, әр тістің қандай қызмет атқаратынын анықтайды.

-Ең бірінші не істедіңдер?

-Содан кейін ше?

-Қай тістермен тағамды шайнадыңдар?

Оқушылар қорытынды шығарады:

Күрек тістермен -тағамды тістейміз.

Ит тістермен -тағамды жұламыз, жыртамыз.

Азу тістермен - тағамды шайнап, ұсатамыз.



Стоматологпен кездесу

Стоматолог келіп текше арқылы ойын ойнатады. Оқушылар текшені айналдырады, үстіңгі қырында шыққан сұрақты оқиды және сұраққа жауап береді. Стоматолог оқушылардың жауаптарын толықтырады.



1/Тісті күніне неше рет тазалау керек?

2/Тістің бұзылуына не әсер етеді?

3/Тістердің қандай түрлері бар?

4/ Тіске арналған қандай пасталарды білесіз?

5/Қандай тағамдар тіске пайдалы?

6/Қандай тағамдар тіске зиян?



(МК) «Тісті қалай тазалау керек?» бейнематериалын тамашалау

Мақсаты:Тісті тазалау жолдарымен таныстыру.Дұрыс тазалауға үйрету.

Picture 2

(Ө,Қ)Өздік жұмыс

Мақсаты:Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау.

1-тапсырма:Тісті тазалау әрекетінің ретін анықтап, цифрлармен белгіле.


Picture 2922


2-тапсырма:Тіс күтіміне қатысты дұрыс тұжырымды белгіле(+/-).



1

Тісті тазаламаса, ауыздан жағымсыз иіс шығады.

+ / -

2

    1. Тісті күту міндетті емес, ауру тістің орнына жаңа тістер өседі.


3

    1. Тіскүлкігесәнбереді.


4

Тістегімикробтар ауру туғызады.


5

Тіске күтім жасалса, денсаулық та жақсы болады.



Дескриптор Білім алушы

Shape1

−тісті тазалау әрекеттерінің ретін анықтайды

Shape2

−тіс күтіміне қатысты дұрыс тұжырымдарды белгілейді

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар дайын нұсқа бойынша тексереді және дескриптор бойынша бағалайды.


Сабақтың соңы



5 мин

(Ө)Рефлексия «Сөйлемді жалғастыр»

–Мен ....... білдім.

-Мен ................ үйрендім.

-Мен ................ білгім келеді.

(Ө) «Өзін-өзі бағалау»

«Жетістіктер ағашы» оқушылар жасыл/сары стикерлерді алып, ағашқа жапсырады.

Жасыл-түсіндім, білемін, қолдана аламын.

Сары- сенімсізбін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
1044
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі