Тістің құрылысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тістің құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 26. 02. 14ж


Сынып: 8 а


Сабақтың тақырыбы: Тістің құрылысы және гигиенасы.


Сабақтың мақсаты: Тістің құрылысы және гигиенасы, тіс ауруларынан қалай қорғану керектігін түсіндіру.


Сабақтың міндеті:

Білімділік: Адамның тіршілік әрекетіндегі тістің атқаратын қызметінің ерекшеліктерімен танысады.

Дамытушылық: Тістің құрылысын, қызметі мен тістің дамуы жайлы оқушылардың түсініктерін кеңейеді.

Тәрбиелігі: Тісті күту, тіс ауруларының алдын алу, гигиеналық тәрбие беріледі.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ


Сабақтың әдісі: Баяндау, жеке жұмыс.


Көрнекілігі: Тістің суреті, слайд.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа тақырып

IV. Бекіту

V. Бағалау

VI. Үй тапсырмасын беру


І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақтарға ауызша жауап беру.

а) Асқорыту мүшесіне жататын мүшелерді ата?

ә) Ауыз қуысының құрылысы қандай?

б) Жұтқыншақ пен өңештің құрылысы қандай?

в) Асқазан құрылысының қандай ерекшеліктері бар?

г) Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады?

д) Тоқ ішектің құрылысы қандай? Ол қандай бөлімдерден тұрады?


III. Жаңа тақырып

Тістің құрылысы. Әрбір жеке тістің сауыты, мойыны, түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен қапталған. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай болады. Тіс кіреукесінің 95 пайызы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний, және т. б заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс сауытының үстіңгі бұдырларында кіреуке едәуір қалың. Тістің қызыл иектен шығып тұрған бөлігі – тіс сауыты деп аталады. Тістің келесі бөлімі – мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты бекиді. Тістің үшінші бөлімі – түбірі. Ол жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір – бірден болса, азу тістердің түбірі екеу немесе үшеу. Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы борпылдақ дәнекер ұлпасымен толтырылған.

Тістің көп бөлігін дентин заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70 % фосфаттардан, фтордан және кальций корбанатының қосылыстарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі деп аталады.

Бүтін әрі сау тістер адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру қоздырушы микробтар көп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шатынауынан басталады. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді.

Адамның тістері де басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінген. Тістер күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді.

Ересек адамдарда 28 – 32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар. Жақ сүйектерінің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Олардың саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны 4.Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды жұлып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны 12. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.

Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6 – 9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6 – 7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. 12 – 14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18 – 20 жаста шығады. Оларды кеш шыққандықтан ақыл тістер деп атайды.

Тіс гигиенасы. Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау қажет. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю, содан соң арнайы тіс щеткасымен тазалау. Тіс щеткасын тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ысқылау; тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет.

Тіс гигиенасы

*Тісті күніне 2 рет жұмсақтығы орташа тіс щеткасымен тазалау.

*Үнемі тісті кем дегенде 2 минут, құрамында фторы бар тіс сықпасымен тазарту.

*Тіс щеткасын үш айда бір рет ауыстырып тұру керек.

*Тамақтан соң әр уақытта тісті шайып тұру керек.

*Жылына 2 рет тіс дәрігеріне көріну керек.

*Тамаққа қатты өнімдерді пайдаланбау керек.

*Тіс щеткасы қатаң түрде әр адамда жеке болуы керек.

* Қант, конфет, тәтті тоқаш тағамдарын азырақ пайдаланған жөн


IV. Бекіту.

1. Тістің бөлімдерін ата.

2. Дентин заты деген не?

3. Ересек адамдарда тұрақты тіс саны.

4. Сойдақ тістердің саны қанша?

5. Тіс гигиенасын қалай сақтау керек?

6. Үлкен азу тістердің саны қанша?


V. Бағалау

VI. Үй тапсырмасы. §43. Тістің құрылысы және гигиенасы оқу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
571
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі