Талғатова Айсұлу Даулетқызы
І.Жансүгіров
атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы::
Титриметриялық (көлемдік) анализ.
Жоспары:
1. Титриметриялық
талдау әдістері және олардың мәні.
2. Титриметриялық
талдауға қажетті шарттарды жіктеу.
3. Титрленген
және бастапқы ерітінділер, оларды
дайындау тәсілдері.
Негізгі
ұғымдар: титриметрия, титр, бюретка,
титрант, стандартты ерітінді.
Мазмұны: 1.
Әдістің теориялық негіздері. Титриметриялық
анализ эквиваленттер заңына негізделеді.
Титранттың әр үлесін жүйеге қосқан
сайын мынандай теңдеумен бере аламыз:
(1)
Тепе-теңдік
анықталып, мүнда анықталатын зат пен
титранттың концентрация тепе-теңдігі
азаяды, ал реакция өнімдері арта түседі.
Егер титранттың мөлшері титрленетін
заттың мөлшеріне эквиваленттік шамаға
дейін жетсе, онда реакция аяқталады.
Осы кезен эквиваленттік нүкте деп
аталады. Іс жүзінде эквиваленттік
нүктеге қандай дәрежеде болса да
жуыктаса, реакцияның аякталу нүктесі
болып тұжырымдалады.
Титриметриялық
анализде реакциянын аяқталу кезеңі
эквиваленттік нүкте (э.н.) деп аталады.
Химиялық
анализ әдістерінде реакцияның соңғы
нүктесін ерітінді бояуының өзгеруі
бойынша мөлшерлеп тұнба түсіне қарай
анықтайды немесе бастапқы қосылыстардың,
реакция енімдерінің немесе жүйеге
арнайы енгізілген зат - индикатордың
біреуінің әсер етуі бойынша нақтылайды.
Физика-химиялық әдістерінде (немесе
инструменттік анализде) титрлеудің
соңғы нүктесін тіркелетін физикалық
параметрдің жеткілікті дәрежеде өзгеруі
бойынша анықтайды, мысалы, рН нақтылау,
потенциал, электр өткізгіштік немесе
кедергісі және т.б. бойынша анықтауға
болады. Идеал жағдайда титрлеудің соңғы
нүктесі эквиваленттік нүктеге дәл келуі
кажет, алайда әр түрлі себептермен,
мысалы индикатор бояуының дер кезінде
өзгермеуі, жүйенің тіркелетін параметрінің
дәл өзгермеуі және т.б. дәл келмеуі
себебінен, бүл нүктелерде біраз өзгерістер
болады.
Титриметрияда
сан алуан реакция типтерінің: бейтараптау,
тотығу-тотықсыздану, комплекс түзу және
тұну реакцияларының пайдаланылуы
мүмкін.
Титриметриялық
аиализде реакция типтері санының көп
болуына қарамастан, олардың барлығы
қолданыла бермейді. Ең дүрысы,
титриметриялық анализде пайдаланылатын
реакциялар мына талапқа сай келсе
болғаны:
1) реакция
қайтымды болуы керек - ол іс жүзінде
соңына дейін жүретін болуы керек;
2) реакция
нақты эквиваленттік мөлшерде, жеткілікті
түрде және жылдам жүруі қажет, өйткені
баяу өтетін реакциялар кезінде
эквивалентгік нүктені дәлме-дәл
тұрақтандыру мүмкін емес; эквиваленттік
нүкте дәл де, оңай анықталуы қажет;
3) титрлеу
кезінде жанама реакция жүрмеуі керек;
4) ерітіндідегі
қосымша заттар негізгі реакцияға кедергі
жасамайтын болуы керек.
Жоғарыда сөз
болған талаптар реакцияларға титрлеу
анализін қолдану аймағын шектей түседі.
Химиялық
реакциялардағы әрекеттесуші заттардың
эквиваленттігі туралы ұғым аналитикалық
химиядағы негіздердің бірі болып
табылады. Титриметриялық анализдің
нәтижелерін есептеу осы эквиваленттікке
негізделеді.
Эквиваленттік
факторы f — берілген қышқылдық негіздік
реакцияларда сутегінің бір ионына
немесе берілген тотығу-тотықсыздану
реакциясында бір электронға х заттың
(мысалы, В затының молекуласы) нақтылы
бөлшегінің қай үлесі эквивалентті
екенін білдіретін сан, эквиваленттік
факторын осы реакцияның стехиометриясы
негізінде есептеп шығарады:
(2)
мүнда ZB -
алмасқан (немесе қосылған) сутек
иондарының (қышкылды-негіздік реакциясы
үшін) саны немесе берген (немесе
қабылданған) электрондардың
(тотығу-тотықсыздандыру реакциясы үшін)
саны; В - заттың химиялық формуласы.
Эквиваленттік
факторы бірге тең немесе одан аз болады.
Реакция үшін
(а)
(3)
fэк (Н2SО4)=1/2;
яғни Н2SО4-тің 1/2 молекуласы б9л реакция
үшін сутегінің бір ионын береді; fэк
(NаОН) = 1; яғни NaОН-тың бір молекуласы бұл
реакция үшін сутегінің бір ионына
қосылады.
Реакция үшін:
fэк (КМп04) =
1/5; (кышқыл орта), яғни КМпО4-тің 1/5
молекуласы бұл реакцияда бір электронға
эквивалентті. f (Ғе2+)=1, яғни Ғе2+-нің бір
ионы осы реакцияда бір электронға
эквивалентті.
В затының
эквиваленті - нақтылы немесе шартты
бөлшек, ол дәл кышқылды-негіздік реакция
кезінде сутегінің бір ионына немесе
дәл тотығу-тотықсыздану реакциясы
кезінде бір электронға эквивалентті
болады.
Жазу тәртібі:
fэк (В)В немесе
жеңілдету үшін ЭВ деп белгілеуге болады,
мұнда В - заттың химиялық формуласы ЭВ
= экв(В)В
Қышкылдың
(немесе негіздің) эквиваленті - берілген
титрлеу реакциясында сутегінің бір
ионын босататын немесе сонымен
қосылысатын, немесе кандай болса да
басқа тәсілмен оған эквивалентті болатын
берілген заттың шартты бөлшегі.
Мысалы,
реакция (а) үшін күкірт қышқылының
эквиваленті - бұл 1/2 Н2SО4 түрінің шартты
белгісі, яғни fэк (Н28О4) = 1/Z= 1/2
Тотығатын (
немесе тотықсызданатын) заттың эквиваленті
- бүл берілген заттың шартты белгісі,
ол берілген химиялық реакцияда бір
электронды қосып алады немесе босатады,
немесе қандай болса да басқа тәсілмен
бір электронға эквивалентті болады.
Бақылау
сұрақтары:
1. Титрленген
және бастапқы ерітінділер дегеніміз
не, оларды қалай дайындайды?
2. Титриметрия
әдісінің ерекшілігі.
3. Титриметрия
әдісінің артықшылығын ата.