жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Титриметриялық талдаудың өлшеуіш ыдыстарының сыйымдылығын тексеру
Зертханалық жұмыс №11
Тақырып: Титриметриялық (көлемді) талдаудың өлшеуіш ыдыстарының сыйымдылығын тексеру Мақсаты: Студенттерге титриметриялық (көлемді)талдаудың өлшеуіш ыдыстарының сыйымдылығын тексеруді үйрету
Керекті құрал-жабдықтар: Химиялық ыдыстар (өлшеуіш колбалар, пипетка),таразы
Теориялық бөлім
Кіріспе
Титриметриялық немесе көлемдік анализ-концентрациясы белгілі ерітіндіні анықталатын зат бар ерітіндіге біртіндеп қосу арқылы екі ерітіндінің эквивалент мөлшерін табуға негізделген.Екі заттың көлемі және бір заттың концентрациясы арқылы анықталатын заттың мөлшерін(концентрациясын)есептейді.Титриметриялық анализде титрленген ерітінділер қолданылады.Концентрациясы өте дәл анықталған ерітінділерді титрленген ерітінділер немесе титрант, ал концентрациясы анықталуға тиісті зат ерітіндісі титрленуші ерітінді деп аталады.Титрленген ерітінділер «Т» әрпімен белгіленеді.Ерітіндінің бір куб сантиметріндегі еріген заттың массасын титр дейді.
Т=m/V г/мл
Титрант ерітіндісін (концентрациясы белгілі ерітіндінің көлемін) анықталатын зат ерітіндісіне (конц-сы белгісіз ерітіндінің көлеміне) біртіндеп қосып эквиваленттік нүктеге дейін жеткізу процесін титрлеу дейді.Титрлеу кезінде әрекеттесетін реактивтердің артық мөлшері емес, бір біріне эквивалент мөлшерін анықтайды.Егер титранттың мөлшері титрленетін заттың мөлшеріне эквиваленттік шамаға дейін жетсе, онда реакция аяқталады.Осы кезең эквиваленттік нүкте деп аталады.Титрлеу әдісінің маңызды бөлігі эквиваленттік нүктені анықтау.Эквиваленттік нүктені анықтау үшін тиісті индикаторлар қолданылады.Олар ерітінділердің рН ортасы әсерінен түсін өзгертетін органикалық заттар, сондықтан оларды рН индикаторлар деп атайды.Әр индикатор түсінің өзгеретін рН аралықтары болады.Индикатор түсін өзгертетін рН аралық индикатордың өту аймағы деп аталады.Индикатор түсінің күрт өзгеруі кезіндегі рН мәні титрлеу көрсеткіші рТ деп аталады.
Ерітіндінің көлемін өлшейтін ыдыстар
Өлшеуіш ыдыстар сұйықтықтың көлемін өлшеу үшін пайдаланылады. Егер өлшеуіш ыдыс жалпы көлемді көрсететін белгімен қоса, бөліктерді де көрсететін таңбасы болса, градуирленген деп атайды.
3-пипеткалар
4-
Химиялық бюреткалар
1. Өлшеуіш колбалар 2- Менискінің дұрыс орналасуын бақылау
Өлшеуіш колбалар - концентрациясы нақты ерітінділерді дайындау үшін қолданылады. Өлшеуіш қолбалардың сиымдылығы – 25,0-50,0 мл-ден 2,0 л-ге дейін болады.
Химиялық түтіктер- сұйықтардың дәл көлемін өлшеуге арналған. Түтіктер Мор түтігі деп аталатын градуирленбеген және градуирленген болады. Бұл - құюға арналған ыдыс. Түтіктердің сиымдылығы әр түрлі болады (градуирленбеген түтік 1-ден 100 мл-ге дейін, ал градуирленген – 1-ден 50 мл-ге дейін). Грушамен ерітіндіні белгісінен жоғарыға дейін сорып, түтіктің жоғарғы тесігін оң қолдың сұқ саусағымен тез жабады. Содан соң, сұқ саусақтың қысымын азайтып, ерітіндіні белісіне дейін түсіреді Егер түтіктің ұшында тамшы қалған ішкі қабырғасына тигізіп, түсіреді. Көлемді өлшеген кезде көз белгінің деңгейінде болу керек. Сұйықтықты құю барысында түтікті ыдыстың түбіне дейін түсіреді және сұйықтық ыдыс қабырғасымен еркін ағу керек.
|
|
Химиялық бюреткалар - сұйықтықтардың дәл көлемін өлшеуге арналған, көбінесе титрлеген қолданылады. Химиялық бюреткалардың сиымдылықтары 25, 50 және 100 мл., бөлік құны 0,1 мл. Бюреткалар крансыз және шыны кранмен болады. Бюреткаға құйылған ерітіндіні резинамен түйіскенде өзгеретін жағдайда шыны кран қолданылады. Сілтілік ерітінділер үшін крансыз бюреткаларды пайдаланылады.Бюретка металдық штатив табанына қыстырылады. Оған құйғыш арқылы титірлеуге қажетті ерітіндіні құяды, содан соң құйғышты алып тастайды. Сұйықтық деңгейін нольге дейін әкеледі. Бюретканың ұшы сұйықтыққа толып тұру керек. Ол үшін оны жоғары көтеріп, резина түтікті саусақпен созады.
Тәжірибелік бөлім
Жұмыс барысы
Көлемді колбаның сыйымдылығын тексеру.Құрғақ, таза колбаны таразыда өлшеп алады.Суды колбаға төменгі шеті белгіде болатындай меткаға дейін толтырамыз.Колбанын мойны жағынан бастап сыртын фильтр қағазымен сүртіп шығамыз.Су толтырылған колбаны таразыда өлшеп, судың таза салмағын анықтаймыз.Үш рет осылай өлшеп орта салмағын табамыз.Судың температурасын біле отыра, судың тығыздығын анықтаймыз.Колбаның нақты сыйымдылығын формула бойынша есептейміз:
V= m/p(H2O)
m-cудың массасы,г
p-судың тығыздығы белгілі темп-ғы, г/мл
№ |
m- колба, г |
m-суы бар колба, г |
m-судың, г |
m-орташа судың, г |
V-колба сыйымдылығы, мл |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
||
3 |
|
|
|
Тамшуыр(пипетканың) сыйымдылығын тексеру.Құрғақ, таза пипетканы нөлдік бөлінуге дейін сумен толтырады.Алдын ала өлшенген құрғақ бюксқа пипеткадағы суды құямыз, қақпағын жауып өлшейміз.Айырмасын алу арқылы судың салмағын табамыз.Үш рет осылай өлшеп орта салмағын табамыз. Судың температурасын біле отыра, судың тығыздығын анықтаймыз.Пипетканың нақты сыйымдылығын формула бойынша есептейміз:
V= m/p(H2O)
m-cудың массасы,г
p-судың тығыздығы белгілі темп-ғы, г/мл
№ |
m- бюкс, г |
m-суы бар бюкс, г |
m-судың, г |
m-орташа судың, г |
V-пипетка сыйымдылығы, мл |
1 |
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
||
3 |
|
|
|
Тиісті температурадағы судың тығыздығы
t С |
p H2O г/см |
t С |
p H2O г/см |
t С |
p H2O г/см |
t С |
p H2O г/см |
15 |
0,99793 |
19 |
0,99734 |
23 |
0,99661 |
27 |
0,99570 |
16 |
0,99780 |
20 |
0,99717 |
24 |
0,99639 |
28 |
0,99545 |
17 |
0,99765 |
21 |
0,99700 |
25 |
0,99618 |
29 |
0,99519 |
18 |
0,99751 |
22 |
0,99680 |
26 |
0,99594 |
30 |
0,99492 |
Бақылау сұрақтары:
1. Ерітіндінің көлемін өлшейтін ыдыстар
2. Ыдыстың сыйымдылығын тексеру формуласы
3.Титрлеу дегеніміз не
4.Эквиваленттік нүкте
Ұсынылатын әдебиеттер:
С.А.Шапиро, М.А.Шапиро «Аналитическая химия»Москва «Высшая школа»1979
П.П.Коростелев «Лабораторная техника химического анализа»Москва «Химия» 1981

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген