400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар істей алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады. Көптеген оқушылар істей алады: Ом заңының формуласын талдай алады, тәуелділікті ажыратып белгісіз шаманы табады. Кейбір оқушылар істей алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын түрлендіріп, қорыта алады. Сапалы тапсырмаларын өзбетінше орындай алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар, бөлімі: 8.3А Тұрақты электр тогы

Мектеп: «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясы » ММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кыстаубаева Ж.К

Сынып:8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.6 Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады.

Көптеген оқушылар істей алады: Ом заңының формуласын талдай алады, тәуелділікті ажыратып белгісіз шаманы табады.

Кейбір оқушылар істей алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын түрлендіріп, қорыта алады. Сапалы тапсырмаларын өзбетінше орындай алады.

Бағалау критерийі

- Тізбек бөлігі үшін Ом заңына есептер шығарады.

- Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын талдайды, тәуелділікті ажыратып белгісіз шаманы табады.

- Тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын түрлендіре отырып сапалы есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік сипаттағы лексика мен терминдер:

Ом заңы, Ток күші, Кернеу, Кедергі, Ом, Ампер, Вольт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер:

1.Тізбектің бөлігіндегі ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіш кедергісіне кері пропорционал.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық және құрмет-жұптық жұмыс. Жолдастарын тыңдай білу, ой-пікірлерімен санасу

Пәнаралық байланыс

Математика,

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері. Ток күші. Кернеу.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



8-9мин












 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

“Ыстық лебіз” оқушыларға жағымды көңіл-күй туғызу.  Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілек білдрейік!

Топқа бөлу:

І топ ІІ топ ІІІ топ

«ток күші » «кернеу » «кедергі»


" Мен не білемін " әдісі үй тапсырмасына байланысты сұрақ-жауап.

1. Ток үші дегеніміз не?

2. Кернеу дегеніміз не?

3. Кедергі дегеніміз не?

4. I= U/R

5. U=I∙R

6. R=U/I

7. Ток күшінің өлшем бірлігі

8. Кернеудің өлшем бірлігі

9.Кедергінің өлшем бірлігі

Сұрақтар және жауаптар беріледі.

Қалыптастырушы бағалау : Өзара бағалау " Басбармақ «әдісі"













оқулық, жұмыс суреттер.

Сабақтың ортасы



25 мин










































«Кім ашты » әдісі

1-ші топ

2-ші топ

Формула жазады



3-ші топ құралдар ақылы өлшем бірлігін жазады.

" Бірлесіп ойласайық " әдісі қарапайым есептердің шығарылуын айқындайды

Бәрі шығара алады.

Тапсырма1
Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамасы көлденең қимасының ауданы 1 м м
2 болатын никель сымынан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?
Дескриптор Білім алушы

- кестені пайдаланып, никельдің меншікті кедергісін анықтайды;

- сымның ұзындығын кедергінің формуласы арқылы өрнектейді;

- сымның ұзындығын есептейді.

Кейбіреуі шығарады, бір –біріне көмектеседі.

Тапсырма2 1.Тізбектің ұштарындағы кернеу 30 кВ, ток күші 15мА. Өткізгіштің кедергісін анықтаңыз
Дескриптор Білім алушы

- өлшем бірліктерді ХБЖ-іне түрлендіреді;

- Ом заңынан кедергінің формуласын өрнектейді; - кедергінің сан мәнін есептейді.

Тапсырма 3
Мыстан жасалған сым орамының кедергісі 0,83 Ом және массасы 0,21 кг. Сымның ұзындығын, және көлденең қимасының ауданын табыңыз. Мыстың тығыздығы 8900 кг/м3,
меншікті кедергісі 1,7 ∙ 10−8 Ом ∙ м.
Дескриптор: Білім алушы

- кедергінің формуласын жазады;

- сымның массасын тығыздық және көлем арқылы өрнектейді;

- сымның көлеміноның қима ауданы және ұзындығы арқылы
өрнектейді;

- осы үш формула арқылы өткізгіштің ұзындығын және қима



Ғалымдардың суреттері, құралдар

























оқулық, жұмыс дәптері, суреттер.


Сабақтың соңы

(4 мин)




(2 мин)


« Сыйқырлы қоржын » әдісі.

Сабақ бойынша түсініктерін анықтау.

Үй тапсырмасы: § 25. 118-121 беттер

Оқушылар тақтада көрсетілген өздерінің тақырып бойынша алған түсініктерін стикерге жазып жапсырады.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылармен жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалды оқушылар бір бірімен ой бөлісті , ойын түріндегі тест, тапсырма беріледі, сабақ барысында топтық жұмыста көшбасшылық қабілетінің дамуына ықпал жасалады, үйге шығармашылық тапсырма ұсынылады.

Критерий бағалаудың қалыптастырушы бағалауы бойынша келесі бағалалалар жүзеге асады: Рефлексия " Сыйқырлы қоржын» әдісі " өзіндік бағалау, жұптық, топтық өзара бағалаулар критерий мен дескрипторлар арқылы іске асады.


Кабинет қауіпсіздігі, дене сымбатының қалыптасуындағы дұрыс отырудың маңызы айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Оқушылар белсенді. Оқыту тәсілін түрлендіреді.

2. Білім ленд,  презентацияны пайдалану сабақтың сапасын арттырады

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Жетектеуші сұрақтар беру арқылы оқушы білімін толықтыру..

2.Топтық,жұптық жұмыстар жүргізу.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сынып оқушыларының ерекшелігіне назар аудардым









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
893
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі