Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы, 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі:

8.3 А Тұрақты электр тогы


Педагогтің аты-жөні:

Игильманова Салтанат Кайдаровна

Күні:

26.01.26

Сыныбы:8

Қатысушылар саны: 25 Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты:

тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолданады;

Құндылықтарға баулу:

Заң және тәртіп

Құндылық компоненттері

Заң алдындағы теңдік, шығармашылық плюрализм, жеке тәртіп, қиын жағдайлардағы тәртіп

Сипаттамасы, жеке қасиеттер

Қоғамның барлық мүшелері заңды сақтауы: Өз құқықтарын заңды жолмен қорғауға дайын болу. Ереже мен заңды құрметтеу, заңға бағыну, жауапкершілік.

Қоғамдағы конструктивті өзара әрекеттесуді қолдау: Әр түрлі көзқарастар мен сенімдерге құрметпен қарау. Ашықтық, сындарлы диалогқа қабілеттілік.

Өзін өзі ұйымдастыру және жауап кершілік: Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау. Тәртіп, әдептілік, ұқыптылық.

Қиын жағдайларда сабырлылықпен тәртіпті сақтау: Қиын жағдайда басқаларға көмектесуге дайын болу. Өзін өзі ұстай білу, сабарлылық, байсалдылық, стреске төзімділік.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут





Өткенге шолу

5 минут













Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Топқа бөлу. «Стикерлер» әдісі арқылы




«Сіз білетіннің барлығы» әдісі

1. Ток күші дегеніміз не?

2.Ток күшін қандай әріппен белгілейді?

3.Ток күшінің формуласы қандай?

4.Ток күшінің өлшем бірлігі қандай?

5.Ток көздерін ата.

6.Өткізгіш кедергісінің физикалық мағынасы қандай?

7.Өткізгіштің меншікті кедергісі деген не? Ол ұғым не үшін енгізілген?

8.Өткізгіштің кедергісін қалай өзгертуге болады?


Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

І топ. Ток күші

ІІ топ. Кернеу

ІІІ топ. Кедергі




Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.


Оқушыларға сұрақ қою арқылы сындарлы диалогқа қабілеттілік құндылығы дамиды.














ҚБ: «депозит» әдісі арқылы









стикерлер








8 сыныпқа арналған оқулық, презентация















19

Жаңа сабаққа дайындық

3 минут












3 минут



«Сіз қалай ойлайсыз?» әдісі

Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру мақсатында сұрақтар қою.

1.Көрсетілім бойынша не ойлайсыңдар?

2.Тәжірибеден не байқадыңдар?

3.Өлшеуіш аспаптарының көрсеткіштері қалай өзгереді?

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау

Мұғалім түсіндірмесі (2-3 минут)

Оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап береді, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

ҚБ: ынталандыру












слайд


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ


Топтық жұмыс


10 минут





«Шағын зерттеу» әдісі

І топ. Теоретиктер (оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасау. Ом заңының анықтамасын, формуласын қорыту)

ІІ топ. Зерттеушілер

Тәжірибе 1. Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу (кедергі тұрақты R=const). Тізбекті тұйықтап, ток көзіне қосыңдар. Реостаттың жәрдемімен кедергісі 2 Ом резистордың ұштарындағы кернеуді 1В, 2В және – қа жеткізе отырып, әр жолғы амперметр мен вольтметрдің көрсетулерін кестеге түсіріңдер.1 кесте

Кернеу, В




Ток күші, А




Тапсырма.Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар да қорытынды жасаңдар.

ІІІ топ. Практиктер.

Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? .

Оқушылар мәтінмен танысады. Топ ішінде талдау жасайды. 1-топ «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын» тұжырымдайды. Формуласын, анықтамасын айтады. 2-топ тәжірибелік жұмысты орындайды, қорытынды жасайды. 3-топ есеп шығару үлгісімен таныстырады. Топ спикерлері топтық жұмысты қорғайды.

Топтық жұмыста өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, топта тәртіп, әдептілік, ұқыптылық құндылықтары дамиды.


ҚБ: Екі жұлдыз, бір ұсыныс

Shape2 Shape1


Shape3



Постерлер, маркерлер



20

Жұптық жұмыс


5 минут























Жеке жұмыс

13 минут

«Бізден-есеп, сізден-жауап» әдісі

1-жұп. Егер электр плитасының спиралінің жұмыс уақытындағы кедергісі 24 Ом болса, онда кернеуі 127 В тізбекке қосылған осы плитаның спираліндегі ток күші неге тең болады?

2-жұп. Кедергісі 73 Ом электр плитасы кернеуі 250 В тізбекке қосылған. Плитадағы ток күшін анықтаңдар.

3-жұп. Ұзындығы 1 км телеграф сымының бөлігін- дегі кедергісі 6 Ом, ал тізбектің бойындағы ток күші 8 ма болғандағы осы бөліктің кернеуін анықтаңдар.

4-жұп.

Шаш кептіргіштің және үтіктің кедергісін салыстырыңыз






«Кім алғыр» әдісі. (құрылымдық тапсырма) (қосымша 1)

Жеке жұмыста оқушылар ереже мен заңды құрметтей отырып, заңға бағынып, жауапкершілік құндылығы артады.

Оқушылар жұппен тапсырманы орындайды.Бір-бірінің жауаптарын тексеріп, бағалайды


Жұптық жұмыста сындарлы диалогқа қабілеттілік құндылығы дамиды.











Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Орындап болған соң дайын жауаптар үлгісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

ҚБ: әріптес пікірі

2 балл























ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы өзін-өзі бағалау

8 балл

Тапсырма бар парақша
























Тапсырма бар парақша

Сабақтың соңы

3 минут




Рефлексия. Қызық. Қиын. Құнды

Бағалау. 1-10 баллдық жүйе бойынша күнделікке бағалау жүргізу

Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. 1-тапсырма

Оқушылар бүгінгі сабаққа жазбаша кері байланыс береді.







Стикерлер, кесте



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі