Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

тізбектелген сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану туралы рефлексивтік есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы


« Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану туралы рефлексивтік есеп


Қазіргі таңда заман ағымының өзгеруіне байланысты оқуда қолданылатын әдіс- тәсілдер мен технологиялар да жаңаруда. Ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану – қазіргі заман талабы. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар дегеніміздің өзі кең ауқымды ұғым. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар көп жағдайда мұғалімге көмекші болады. Пәніңді меңгертуде бірден- бір көмекші құралың бола алады. Осынын үстіне қазіргі таңда оқушылардың да қызығушылығы жоғары. Сол орайда біз, мұғалімдер осы мүмкіндікті пайдалана аламыз. Кембридж әдістемесінің бұл модулі кез- келген елде дамығаны сөзсіз. Мектептегі технологияларға теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет (www), ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер немесе ноутбук жатады. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың кез- келген адамға пайдасы зор, әсіресе мұғалімге. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар оқушыларға ұғымдарды қабылдауға, оларды түсінуге, мұғалімге сабақ беру барысында көмек болады. Айтар болсақ, қазіргі сабақ үдерісінде көрнекілік пен техникалық құралдарды қолдануды ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың өзі ғана атқара алады. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып білім беретін болсақ, біз тәрбиелі, жан- жақты дамыған тұлға қалыптастыруда нәтижеге жылдамырақ жетеміз. Себебі ХХІ ғасыр ұрпақтары да заман талабына қарай дамып келеді. Қазіргі мектеп оқушыларының ақпараттық- коммуникациялық технологияларға қызығушылығы күннен- күнге дамымаса, кеміп жатқан жоқ. Себебі қарапайым ұялы телефон әр балада бар десем артық атпаймын. Сол себептен кез- келген пәнде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып білім беру тиімді. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» - деген. Шынында да тек жігерлі, әр нәрсені білгісі келетін, табанды, шыдамды, ұстамды адам ғана мақсатына жетеді. Осы орайда неге мұғалімдерге оқушылардың ақпараттық- коммуникациялық технологияларға қызығушылығын пайдалана отырып, білім бермеске. Кез- келген пәнді оқытуда мұғалімнің ақпараттық- коммуникациялық технологияларды жан- жақты пайдалану, көптеген қиындықтарды жеңілдетіп, жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызады, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Мектептерде кеңінен тараған ақпараттық оқу құралдары компьютер, аудио- визуалды құралдар. Осы құралдар арқылы оқушылар бір- бірімен белсенді коммуникацияға түсе алады. Компьютер шексіз ақпарат әлеміне енуге, керек мәліметті алуға, ақпараттық мәдениетінің ұлғаюына көмек береді. Қазіргі оқушы жаңалықты жақсы көреді. Оқушылар берілген тапсырма бойынша кітаппен ғана шектеліп қоймай, компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білімін кеңейте алады. Бұл интернет арқылы да жүзеге асады. Оқушы интернеттен өзіне керек ақпарат болсын, суреттер мен бейнеролик болсын қалағанынша ала алады. Интернет материалдарын пайдалана отырып, өз білімінің ауқымын кеңейтеді. Бұл оқушының жан- жақты дамуын көрсетеді. Қазақстанның кез- келген мектептерінде интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген, әлі де жүзеге асуда. Сондықтан ақпараттық- коммуникациялық технологияларды әр сабақта пайдалану білім ошақтарының талабы. Интерактивті тақтамен жай тақтаны алмастыруда. Мен бұл өзгерісті құптаймын, себебі жай тақтаға жазу уақытыңды жейді, тапсырма көлемі сыймай қалуы ықтимал. Өшіріп қайта жазу тағы уақытқа келіп тіреледі. Ал интерактивті тақтаның артықшылығы мұғалім дайын материалды, суреттерді, бейнероликтерді және тапсырмаларды көрсете алады, уақытыңды тиімді пайдаланасың. Оқытуда көрнекілікті пайдалану, ол оқушының түсінуінің, білім алуының кепілі. Әр сабақта слайдтар жасап көрсетіп оқыту баланы жалықтырмайды деп сенемін. Дәстүрлі оқытуда кітаптағы мәліметке ғана сүйеніп тапсырманы орындатсақ, жаңа оқытуда сол тақырыпты жан- жақты, түрлі мәлімет беру арқылы оқушының ойын кеңейте аламыз. Мұғалім қанша айтса, соны ғана білу оқушының дамуына әсер етпейді. Ал басқа да интернет материалдары арқылы түсіндіру баланың өзіне керек ақпаратты алуына, идеясын қалыптастыруға көмектеседі. Тақтаға жазылған тапсырмалар орнына, қағазға басылған дайын тапсырмалар беруді алмастырған жөн. Және де видео көрсетуге болады. Сабақ барысында көрсетілім болса, оқушының білімінің 30%-ын меңгергенін көрсетеді екен. Видео көру арқылы оқушы көргенін талқылайды, қолданады, білімін жинақтап, қорытындыға келеді. Тапсырма жұмыстары кезінде жұмыс жасауға болады. Бұл жерде оқушылар видеоны көріп болғаннан кейін, оқушылар оларды қайталайды. Жаңарған білім саласында кез- келген пәнге арналған электрондық оқулықтар жеткілікті. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып осы электрондық оқулықтармен оқытуға болады. Қандай пәнде болмасын компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушыларыдың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін жөндеп көмекке келеді. Сондықтан ақпараттық- коммуникациялық технологияларды өз пәніңде пайдалану едәуір өрлеуге, нәтижеге жылдамырақ жетуге көмек берері сөзсіз.

Ал мен өзімнің тәжірибем туралы айтатын болсам, мұғалім болып мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана бастадым. Заман жаңарған уақытта осы «ұстаз» атты ұлы көштің соңынан еріп келемін. Ал заман жаңаруы білім берудегі жаңа әдістердің дамуында алып келді. Сондықтан әр пән мұғалімі өз оқытуында жаңа технологияларды пайдалану – білім ордаларының талабы. Осы талаптарды орындай отырып, жұмыс жасап келемін. Өзімнің көркем еңбек бейнелеу, сызу пәні сабағымда бүкіл 40 минут ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана аламын. Мысалы сурет салу керек болса, кезең-кезеңмен салуды, көмекші бейнеролик көрсете аламын. Бұл жерде оқушылар әр тапсырманың көрсетілген көмекші бейнеролик арқылы, өздері қайталап жұмыс кезінде дұрыс қолдануға тырысады. Сурет салуды үйренеді. Тыңдалым жаттығуларын орындағанда да көмегі көп. Тақтаға бормен суретті салып, оған аттарын жазып ол жерде дұрыс салынбаса шүберекпен сүрту жағымсыз және уақытыңды алады. Бұл оқушылардың өздері көріп естіген сөздері естерінде қалуға көмектеседі. Ал ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың ішіндегі интерактивті тақта осы үдерісті жылдамдатады, сол себептен көп жаттығуларын интерактивті тақтада жасатуды мүмкіндігінше пайдаланамын. Жаңа сөздерді сабақ жоспарын түзген кезде алдын ала слайдтарға жазып қоямын. Бұл менің уақытымды үнемдейді, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сабақ барысында интернетке қосылу мүмкіндігі болса сонымен жұмыс жасаймыз, өзге де ақпараттарды аламыз. Ал кейде үлгермей қалған сәтте, үй жұмысы ретінде интернет материалдарын алып келуді тапсырамын. Себебі қазіргі таңда әр екінші үй компьютер және интернетпен қамтылған. Оқушылар осындай тапсырмаларды еш қиындықсыз орындап жатады. Себебі олар қызығады, мен де осыны олардың ой- өрісін дамытуға пайдаланамын. «Мектептегі тәжірибе кезеңінде» де интерактивті тақтаны мейлінше пайдалана отырып сабақтарымды өттім. Нәтижеге жылдамырақ жетуге едеуір үлесін қосты. Оқушыларымның өзінен де өзгерісті байқадым. Олардың сабаққа деген ынтасының артқанын, менің сабағыма асыға келетінін байқадым. Оқушыларымның тапсырмаларды бергенімді, сол тапсырмаларды орындауға асыға күтетінін көру мен үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.

Күнделікті сабақта тек қана кітаптағы мәліметтермен жұмыс жасау оқушыларды жалықтырып, қызығушылығын жоюы мүмкін. Қызығушылық болмаған жерде нәтижеге жету қиындық тудырады. Нәтиже болмаса, білім де болмайды. Ал ақпараттық- коммуникациялық технологиялар менің кез- келген тақырыбымды түрлендіруге мүмкіндік береді. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану әр мұғалімге өте тиімді көмекші бола алады. Сол себептен менің ақпараттық- коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасау үдерісім келешекте дамымаса, кемімейді деп айта аламын. Қазіргі таңда сан алуан сайттардың түрлері бар. Сол арқылы түрлі өзіңе керек ақпаратты алуға болады. Интернеттің берер мүмкіндігі зор. Осы интернетті оқушылар да өздері пайдалана алады. Яғни, берілген тапсырмаларды оқушылар түрлендіре алады. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық жаңа технологиялар арқылы оқыту күннен- күнге маңызды мәселе болып келеді. Сол орайда мектептегі әр бөлмелерді ақпараттық- коммуникациялық технологиялармен жабдықтаса нұр үстіне нұр болар еді. Мектеп мұғалімдерінің заманға сай, саналы білім беруі, жан- жақты дамыған, қоғамға пайдасы бар тұлға тәрбиелеп шығаруын біз ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асыра аламыз. Өзім де өз пәнімді оқытуда осы ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыларымның пәніме деген қызығушылығын арттырсам деймін. Себебі менің де қоғамға тиіп жатқан пайдам бар екенін сезінемін. Көштен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Қазіргі заман оқытуы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен бірге, жаңа тәуелсіз еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін, білікті ұстаз болғым келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. А.Иманбаева «Оқу- тәрбие үдерісін ақпараттандыру білгірлігі» Қазақстан мектебі.

  3. 1-Бетпе- бет кезеңінде жүргізілген күнделік


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2018
437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12