жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тізбектелген сабақ № 2 Сөйлемнің бірыңғай мүшелері 4 сынып
Бекітемін:
|
Бөлім |
Абай шығармалары – ұрпаққа мәңгі мұра |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Педагогтің аты - жөні |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып:4 |
Қатысушылар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәні |
Қазақ тілі |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.38-сабақ |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
4.3.7.2 – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою 4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажыратады және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қояды, мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтайды және ондағы негізгі ойды тұжырымдайды Оқушылардың басым бөлігі: өлеңді оқып, негізгі ойды анықтайды, бес асыл қасиеттің маңызын,бес жаман істен аулақ болудың мәнін қалай түсінетінін ортаға салады. Кейбір оқушылар: көп нүктенің орнына бірыңғай мүшелерді қойып,мәтінді көшіріп жазады |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі /уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Психологиялық дайындық Әрбір ісің? Оқу,тірлік,адалдық. Әрбір сөзің? Шындық,бірлік,адалдық. Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат. Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат. Ой қозғау Бейнеролик Абай туралы не білемін? Мен Абайдың шын аты Ибраһим екенін білемін. МенАбайдың әжесі Зере екенін білемін. Абайдың анасы Ұлжан екенін білемін. Абайдың 45 қарасөзі бар екенін білемін. Абайдың әкесінің аты Құнанбай екенін білемін. Абайдың........................................ білемін. Абайдың....................................... білемін. |
Берілген сұрақтарға жауап береді |
Жарайсыңдар! Тама ша! |
Абай Құнанбаевтың суреті А4 |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 15 минут 15 минут |
Оқулықпен жұмыс Өлеңді мәнерлеп оқу Өлеңдегі негізгі ойды анықтау. 1.Ғылым таппай, орын таппай мақтанба деп ақын нені меңзеп тұр? 2.Қандай бес нәрседен қашық болу керек? 3.Қандай бес нәрсеге асық болу керек? 4.Неге ғалым болу үшін балалықты қию керек дейді?
Бес асыл қасиет Бес
жаман қасиет
1. Адам болу үшін бес асыл қасиеттің маңызын қалай түсінесің? 2. Бес жаман істен аулақ болудың мәнін қалай түсінетініңді ортаға сал. Топтық жұмыс 1-топ:Өлеңнен бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді тауып жазу. 2-топ: Көп нүктенің орнына бірыңғай мүшелерді қойып жаз. Ол жастарды ......, ......, ...... болуға шақырды. 3-топ: Берілген сөйлемді бірыңғай мүшелері бар сөйлемге айналдыр Абай – ұлы ақын 4-топ: Ақынды бүкіл дүниежүзі біледі. Кім зерек! Суреттер арқылы бірыңғай мүшелері бар сөйлемдер құрастыру. Сөйлемді толықтыр Берілген сөйлемге тиісті сөздерді немесе сөз тіркестерін қой. Кім шапшаң? Сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табайық! а) Орманда қайың, тал, теректер өседі. ә) Орманда ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі. б) Мәди қояндарға сәбіз бен картоп берді. г) Алтайдың қарлы шыңдарында бүркіттер де, ұларлар да мекендейді. Жазу жұмысы 28-жаттығу Көп нүктенің орнына бірыңғай мүшелерді қойып,мәтінді көшіріп жаз. Абай –ұлы ақын.Ол жастарды өнерлі,білімді,тәрбиелі болуға шақырды.Ақынды бүкіл дүниежүзі біледі. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі екенін айт. Бірыңғай мүшелер сөйлемнің тұрлаусыз мүшенің қызметін атқарып тұр. Бірінші,үшінші сөйлемдерді бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерге айналдырып жаз. Абай –ұлы,дана ақын. Ақынды бүкіл дүниежүзі таниды,біледі. Жұптық жұмыс Жұмбақты оқып, шешуін тап. Бірыңғай мүшені тап. Оның сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын айт. Жұмбақтың жауабы:Күнбағыс Бірыңғай мүшелер:қызарады,көктейді. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұр. Жеке жұмыс Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшені тауып, сөйлемдегі қызметін сұрақ қойып анықтау
Мен білемін ...... 1-ереже: Бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған сөздерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. 2-ереже: Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де тұрады. 3-ереже: Қосымша бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне ғана немесе әрқайсысына жалғанады 4-ереже: Бірыңғай мүшелер және мен, бен, пен шылаулары арқылы жазылғанда үтір қойылмайды,ал да ,де,та,те, шылаулары қайталанып келсе олардың арасына үтір қойылады. |
Өлеңді оқып, негізгі ойды анықтайды Адам болу үшін бес асыл қасиеттің маңызын,бес жаман істен аулақ болудың мәнін қалай түсінетінін ортаға салады. Пікір білдіруде тақырыпқа байланысты төмендегі мақал-мәтелдерді қолданады .Өлеңнен бірыңғай мүшесі бар сөйлемдерді тауып жазады.
Суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады.
Көп нүктенің орнына бірыңғай мүшелерді қойып,мәтінді көшіріп
жазады.Бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі екенін айтады.Бірінші,үшінші сөйлемдерді бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерге айналдырып жазады. |
Қол шапа лақтау |
Оқулық 27 жаттығу 84 бет
Интеак тивті тақта
Оқулық 27-жаттығу 84 бет
Оқулық 28-жаттығу 84 бет
Қима қағаздар |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Кері байланыс 10 минут |
«Үш сұрақ әдісі» Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сен үшін не қиын болды? Саған қандай тапсырма қызықты болды? |
Оқушы мұғалім берген сұрақтарға жауап береді. |
|
Үйге тапсырма 30-жаттығу 85 бет |
||||||||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген